Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы қазақ қызының өсу жолының ұлы намыс жолы екендігін дәлелдеп жазыңыз.



№24 Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы қазақ қызының өсу жолының ұлы намыс жолы екендігін дәлелдеп жазыңыз.

Қазақ халқы әрдайым салтына берік болған.Әдет – ғұрпы,тәрбиесі,салт-дәстүрі – барлығына аса назар қойып отырған.Бұл есепте қазақ ауының орын бөлек еді.Қыздарын алақандарына салып аялап өсірген.Өз бойын үкідей сақтаған аруларымыздың арқасында әлемге текті ұлт болып отырмыз.Дегенмен де бйырға кезеңдерде әйел теңсіздігі де болды.Халқымызға патша үкіметінен, оның ішінде кесапат орыстардың қыздарымызға тигізгеназағы аз емес.Бұған дәлел- оқиға желісі шын өмірден алынған Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романы.Оқырман назарына негіз ретінде ұсынылған – қазақ қызының тағдыры.Ақбілек – шығарманың басты тұлғасы,әкесі мен анасының алдында өскен қазақтың таңдаулы қызы .Ақылына көркі сай,тәрбиелі,сүйкімді.ағыз қазақ қызының символы дерсің.Елінен жат шығып көрмеген,он екәде бір гүлі ашылмаған осындай періште қыздың орыстардың қолына тап болуы трагедия басы еді.Әкесінің шаңырағын ортасына түсіріп, анасын азаптап өлтірген орыстардың жантүршігерлік ісі Ақбілектің есіне таңба болып басылды.Қара мұрт офицердің ойыншығына айналған қыздың бір намысы тапталып,жанына жазылмас жара салынды.Ақ офицерлек мен Ақбілекті тастап кетіп,қыздың қосты қоршаған қасқырлармен арпалысуы – оның басына салынған қайғының қою екенін көрсетеді.Ауылына келіп,Ақбілектің бар ерікті тілсіз көз жасына беруі – қыздың іштей күйінгені,зары мен мұңы «Кәпір» деп атайтын орыстардың қолынан келген қызды кім де болсын жақтыртпайды.Ар азабына әкесінің қызының қашқақтауы,сүйеу жігіттің бас тартуын келіп қосылып,Ақбілек мүлделі қайғыға түседі.Жүкті болған қыз ауылынан пана таппай,ағасына еріп қалаға кеткені-ендігі қыздың алдына жаңа мақсат қойып,бас көтергені деп білемін.Ол бойына қажымас қайрат,төзімділік пен сабырлылықты шақырып,алға ұмтылғаны – кез келгеннің қолынан келе бейрмейтіні.Балташты өмірлік жары деп тауып,Ақбілек үшін жарқын күндердің есігі ашылды. «Оқымаған әйел қор ғой,қапастағы құстай ғой»,-деп ойлаған Ақбілек білімге ұмтылып,азаматтық құқыққа ие болған алғышқы қазақ әйелінің бейнесі болды.

Сөз соңында айтарым,қаншама қиын қыстау кезеңді басынан өткерсе де мойымаған Ақбілектің ерлігі барша қазақ қыздарына үлгі болса екен деймін.Намыс,қайрат,жігері жүрегіне қонған Ақбілектің өсу жолы - ұлы намыс жолы екендігі хақ

№26 М.Жұмабаевтың «Қойлыбайдың қобызы» дастаны аңызға, тарихи белгілі оқиғаларға құрылғандығын талдап жазыңыз.

Артына өшпес рухани мол мұра қалдырған қазақ поэзиясының шолпан жұлдыхдарының бірі, әрі бірегейі ол – Мағжан.Ақындық міндетті арына жүктеп,халыққа жеткізер ойдың ұшығын ашық та, айқын көре білген Мағжан өз бағытынан еш айныған емес.Құбылмалы өмір күйінен өз жолын таба білген ұлттың ақынына қуанышты көркейту,қайғыны жеңілдету ақындық мұраты болды.Ақын қазақ болашағына бұлдыраған сағым емес, орындалмас қияли арман ретінде қарамай,ұлтының ояна бастаған сана болмысына қарар,халық сенімі күшейтеді. Мағжан поэзиясының жастарға деген үміті – ояна бастаған ұлт санасынынң болашағы деп біледі.

 Расында,Мағжан эпикалық жанрда да қарқынды еңбек еткен ақын. Оның қаламанан бірнеше поэмалар туған.Әр поэмасының тақырыптары мен көркемдік деңгейлері әркелкі болғанымен қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар дүниелер.Соның бірі – «Қойлыбайдың қобызы» дастаны. Бұл поэма мистикалық аңыз әңгіме негізінде жазылған.Поэмадан халықтың бақсы-балгерлерге деген қарым қатынасын байқауға болады.Мағжан Жұмабаев бақсы-балгерлердің сол қоғамдағы рөлін көрсеткісі келген болуы мүмкін.Халық әрқашан мистикаға сеніп,осы бағытты түрлі аңыз әңгімелер таратып отырған.Бұл аңыздарға халық өздерінің арманын,мақсат-мұратын енгізіп,сол мұраны ұрпақтан-ұрпаққа таратып отырды.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні Мағжан- ұлы ақын.Қазақтың кемеңгер жазушысы М.Әуезов : «Абайдан кейін Мағжанды сүйемін... Мағжан культурасы зор ақын... Сыртқа кестенің келісімі мен күйшілігіне қарағанда бұл бар заманның шегінен асқандай...бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекте бой ұрып,артқы күнге аныққалуға жарайтын сөз-Мағжанның сөзі» деп,оның ақындығына да,әдебиет тарихындағы орнын да басып айтқан.

№28 І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы «Бай-бай, Құлагерім!..» жоқтауындағы ақын мен тұлпар өмірі ажырамас тұтастық па?

Ілияс Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасы – сюжетті поэма.Поэма сюжетін құрайтын оқиғалар асты бейнелеген тарауларда ат жарысын,Құлагердің мерт болуын,сонымен байланысты Ақынның қайғы – шерге көмілуін суреттеген тарауларда байланған . Өзге поэмаларға қарағанда,бұлпоэманың сюжеттік – композициялық бітімінде өзгешелікте бар екені рас.

Поэманың бас қаһарманы – Ақан сері Қорамсаұлы.Осы бас кейіпкер өмірін бейнелеген поэма жанрының шеңберінен аспай,осы жанрдың адам образын мүсіндеудегі көркемдік мүмкіншілік белгілі дәрежеде ұтымды пайдаланғанын көреміз.Ол ең алдымен оқырман қауымды Ақан Серімен біраз таныстырып өтеді.

Поэмадағы ақынның авторлық мәнездемесіне қарағанда:Ақан билік айтқан ел жуаны би емес, «ауыл торып,ел шулатқан ұры» емес, «мешіт салып,зекет алып,дүниенің нәжісін бойға жаққан» молда емес,тіпті байдың жалшысы да емес.Ақан енді кім?Бүған жауап ақынның Ақанға берген мына сипаттамасынан табылады:

«Жүйрік ат,сонар саят,қыз-қырқынмен,

Өмірді өткізген жан өз қырқынмен

Өмірдің ащы емес,тұщысында

Қызықтап жігіт ойын,қыз күлкіңмен

Саңлақ ед шыққан мыңнан,оған жұзден

Көп сұлу көзін сүзген күнді өткізген.

Қызықтың айдынына құлаш ұрып,

Армансыз қаздай қалқып,құдай жүзген...»

Міне,осылайша ақын Ақан серінің халық ішінен шыққан көрнекті өкілі ретінде көрсетті.

Поэмадағы Ақан сері образын сөз еткенде Құлагерді айту аса қажет.Ақынның Құлагерді суреттеуі бас кейіпкер бейнесін тұлғандырып тұр.Ақан сері Құлагер туралы,сол Құлагердің өкінішті қазасы жайлы шығарған әнінің хикаясын – қазақ поэмасындағы ерекше орын алады.Атқа байланысты поэма ертеден келек жатқан психологиясымен байланыстырады.

Қорыта келе,Ілияс Жансүгіров ауыз әдебиетін,жазба әдебиетін жалғастырып қана қойған жоқ,өзінше өрістетті.Ауыз әдебиетіндегі әсірелеу арқылы берілсе,Ілияс Құлагерді әлсіремейді де,кейіптеп суреттемейді әлеуметтік өмірдің өзекті мәселелерін өлеңіне арқау еткен,Ақан өнерімен де,ерлік өмірімен де кейінгі ұрпаққа,туған халқына үлгі болды. «Халық жадында Ақан мен Құлагер есімі егіз ұғым болып мәңгі қалмақ!»



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.