Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Ортаңғы құлақтың созылмалы іріңді қабынуы.



Ортаңғы құлақтың созылмалы іріңді қабынуы.

Созылмалы іріңді отиттердің екі түрінажыратады:

· асқынбаған;

· асқынған

Мезотимпанит — созылмалы іріңді отиттің асқынбаған түрі: tympanum— дабыл қуысы, mesoдабыл қуысының ортаңғы бөлігі. Осйған сәйкес дабыл жарғағының перфорациясы онвң керілген бөлігінде болуы крек, себебі сол жерде дабыл қуысының ортаңғы бөлігі орналасады Мезотимланит ремиссия мен өршу сатыларының кезектесуімен толқын тәрізді өтеді. Егер ремиссия жарты жылдан ұзақ болса, науқасқа мирингопластика қолдануға болады. Құлақ арты аймағынан фасция алынады, кейіннен оны перфорацияның аймағын тазалаған жерге жабыстырады. Есте ұстау кререк, мирингопластика — бұл созылмалы іріңді ауру фонындағы пластика. Сондықтан 30% жағдайда фасция жабыспайды.

Ремиссия кезінде науқас бірқатар гигиеналық ережелерді сақтауы керек:

• сыртқы есту жолын шомылу кезінде, бас жуғанда жауып қою керек. Сыртқы есту жолын жабатын мақта су сіңбес үшін вазелинге не өсімдік майына батырылған болуы керек;

• науқасқа ЖРВИ қауіпті екенін қатаң түрде ескерту қажет. Есту түтігі арқылы бұл инфекциялар созылмалы аурудың өршуін туғызуы мүмкін. Жаңбырлы ауа-райында құлақты жауып жүру керек.

Жедел іріңді ортаңғы отит пен созылмалы отитті ажырату қиынға соғады. Жиі диагноз өршуді басқан соң қойылады. Диагнозды перфорацияға қарап қоюға болады: жедел іріңді отитте ол тесікке ұқсайды, ал созылмалы іріңді отитте дөңгелек болады.Өршуді жедел түрін емдегендей емдейді.

Созылмалы іріңді отиттің өршуін емдеу:

Бактериологиялық лаборатория анализдері дайын болғанша, кең спектрлі антибиотиктер тағайындайды. Жиі ортаңғы құлақ флорасы — бұл стрептококктар, пневмо­кокктар, Гр (-) бактериялар: көкірің таяқша, ішек таяқшасы. Спиртті негізде тамшылар тағайындау қажет. Құлақты жуған соң 3%-ды бор спиртіне (3%-ды бор қышқылы 70%-ды спиртте) малынған турунда қойылады. Егер адам бор қышқылын нашар көтерсе, оғансалицил қышқылының 1—5%-ды ерітіндісін тағайындайды.Сонымен қатар лизоциннің 1—3%-ды спиртті ерітіндісін қолданады. Ауыр жағдайларда (көкірің таяқша) 1%-ды формалина ерітіндісін немесе 1%-ды күміс нитратын қолданады. Альбуцидтің 20—30%-ды ерітінділерін тағайындайды (сульфанил натрия). Соңғы кезде димексид (30—50%-ный раствор) кеңінен қолданылады.Диоксидиннің 1%-ды ерітіндісін қолдануға болады;

Созылмалы іріңді отитті емдеуде халықтық медицина заттары:
миндаль майы, алоэ шырыны, коланхоэның спиртті ерітіндісі, сарымсақ және пияз ерітінділері. Қазіргі кезде  5—10%-ды прополис ерітіндісі жақсы қолданысқа ие.Соңғы кезде клиникада ірі қара малдың қан экстрактысын кеңінен қолданады, ол солкосерил деп аталады;

•   десенсибилизациялаушы терапия қажет. Құлаққа жергілікті гидрокортизон не басқа гормональды препараттар тамызу.

Мезотимпанит қатерлі емес, асқынулар шақырмайды деп есептеледі. Мезотимпанитте перфорациялық тесік төменде орналасады, және сол арқылы дабыл қуысынан шырыштың түскен эпителийлері шығады. Шырыш есту түтігі арқылы шығу керек, бірақ есту түтігі дұрыс жұмыс істемесе, эвакуция дабыл қуысы арқылы жүреді, сондықтан асқынулар болмайды. Мезотимпанитте тек шырышты қабат қана зақымдалады.

Эпитимпанит — асқынған созылмалы ортаңғы іріңді отит.

Шағымдары:Үлкен не кіші дәрежеде естудің төмендеуі;

Белгілі уақыт аралығында құлақтан іріңді бөліністер.

Қарап тексергенде: дабыл жарғағының жоғарғы бөлігінде перфорация. Нәтижесінде — патологиялық процесс эпитимпанумда. Дабыл жарғағының жоғарғы бөлігі ат­тикдеп те аталады. Онда есту сүйектері орналасқан, сондықтан асқынулар болуы мүмкін.

Перфорация жоғары болғандықтан, бұл перфорация арқылы дренажды функция жасалынбайды. Нәтижесінде эпидер­мис, май қышқылдары, эпидермистің ыдырау өнімдері шырышты қабатты жеп қояды да, дабыл қуысының сүйекті түзілістерімен байланысқа түседі. Бұл заттар (эпидермис, т.б.) холеостетомала деп аталады. Холеостетома— бұл ісіктік түзіліс,себебі ол өсіп, ұлғаяды (эпи­дермис тұрақты түрде жабысады), ірімшік тәрізді, өзінің матриксі бар.Бұл ірімшікті масса, сүйектерді жей отырып, грануляциялар түзеді, сонымен бірге полиптер түзілуі мүмкін (есту жолын обтурациялайтын мөлшерге дейін).Сүйек құрылымдарының бұзылыстарына байланысты созылмалы іріңді отиттің бұл түрі қатерлі болып саналады.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.