Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





сойғандағы патологиялық-анатомиялық өзгерістер.



-сойғандағы патологиялық-анатомиялық өзгерістер.

-химиялық-токсикологиялық талдаудың нәтижесі (азық қалдығы, құсық массасы, несепті, патологиялық материалдарды, химикаттарды тексеру нәтижесі).

                         

Уланудағы болжау

    Жануарлардағы улануды болжау әртүрлі болады. Ол көптеген себептермен анықталады, басты себептері болып мыналар саналады:

- Удың белсенділігі.

- Ағзадан улардың тез шығуы немесе олардың бейтараптануы

- Ағзаға енген удың мөлшері және оның құрамы (концентрациясы, жағдайы).

- Ағзаның физиологиялық дәрежесінің бұзылуы.

- Удың ағзаға әсері және енген кезде байқалатын реакциясының көрінуімен сипатталатын клиникалық белгілер, болжау шешуші факторы болып табылады. Ағзаға енген удың концентрациясына, олардың түрлеріне, малдың жалпы жағдайына және клиникалық белгілеріне байланысты болжау кебір жағдайларда қолайлы, кейде қолайсыз болып табылады.

 

Уланған мал өлексесіндегі патологиялық-анатомиялық

өзгерістер

   Уланған мал өлексесін союдың тек балаулық қана емес, сондай-ақ, соттық-ветеринарлық маңызы да бар.

    Соттық-ветеринарлық сою соттық-ветеринарлық сараптаудың бір бөлігі болып табылады және тергеу мекемелерінің қатысуымен жүргізіледі.

    Өлексені диагностикалық сою тек ұлпалар мен мүшелердегі өзгерістерді анықтау үшін ғана емес, сонымен бірге гистологиялық және басқа да зерттеулерге сынама алу мақсатында жүргізіледі. Соңғылары, әсіресе, жіті улану кезінде макроскопиялық өзгерістері байқалмаған жағдайда өте қажет.

    Өлексені диагностикалық сою кезінде, алиментарлық уланудан ас қорыту жүйесінде, бауырда және несеп-нәжіс бөлетін мүшелерде айтарлықтай өзгерістер болатынын есте ұстау керек.

Улануды балауда асқазандағы азық қалдығын тексерудің және иісінің зор маңызы бар. Мысалы, мышьяк қосылыстарынан уланғанда сарымсақ иісі шығып тұрады.

     Бауырдағы өзгерістер әртүрлі болып келеді және ол өзгерістерді жіті уланумен қатар, созылмалы интоксикация кезінде де анық байқауға болады. Мысалы, люпиннен, ауыр металл қосындыларынан және хлор препараттарынан созылмалы уланғанда бауырдың сарғыштанып, атрофиялануы (семуі) сияқты белгілер білінеді.

    Улану кезінде, несеп бөлу ағзаларында да үлкен өзгерістер болады. Мысалы, айқын көрінетін нефроз сынап қосылыстарынан уланғанда көрініс тапса, нитраттармен уланғанда гиперемиялық қан ұюларды байқауға болады. Сондай-ақ, қан түсінің өзгеруінің де үлкен диагностикалық құндылығы бар. Мысалы, сутек тотығынан уланғанда қан қызыл шие түстеніп кетсе, метгемоглобин түзетін улармен уланғанда қан қоңыр немесе қоңырқай (шоколад түстес) түстеніп кетеді.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.