Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Лекция 11



 

Компьютерлік желі

Лекция 11

Құрылымдастырылған кабельдік жүйе.

Жоспар:

1. ҚКЖ туралы жалпы мәліметтер.

2. ҚКЖ құрылымы.

3. Маркерлеу элементтері.

Лекция мақсаты: Құрылымдастырылған кабельдік жүйелерге түсінік беру, тақырыпты пысықтау

1. Қазіргі ғимараттар көптеген кабельді айырғыштармен және ақпараттық желілермен қамтамасыз етілген, олардың арасында: телефондық жүйе, жергілікті компьютерлік желі, кеңселіктеледидар желісі, өрт және күзет сигнализация жүйесі, ғимарат ішіндегі климатты бақылау даболуы мүмкін. Кабельді жүйелер көсіпорын мен ұйымдардың комплекстерінің ақпараттық есептелінетін негізгі барлық компоненттері құрылатын “базис” болып табылады.

ҚКЖ дегеніміз құрылымдық ішкі жүйелерге бөлінген ғимараттар немесе ғимарат топтарының иерархиялық кабельдік жүйесі болып табылады. ҚКЖ мыс және оптикалық кабельдерден, кросс-панельдерден, жалғау бауларынан, кабельді ажыратқыштардан, модульді ұялардан, акпараттық және қосымша жабдықтар жиынынан тұрады. Барлық аталған элементтер бір жүйеге интеграцияланады және нақты ережелерге сай шоғырланады.

Өткізгіш архитектурасының екі нұсқасы бар:

- иерархиялық жұлдыздың дәстүрлі архитектурасы;

- бірнүктелі басқарудың архитектурасы.

Иерархиялық жұлдызшаның дәстүрлі архитектурасы ғимараттар тобы үшін және жеке алынған ғимарат үшін де қолданылуы мүмкін.

Бірінші жағдайда иерархиялық жұлдыз жүйенің орталық кросынан, ғимараттың негізгі кростарынан және көлденең қабаттық кростардан тұрады. Орталық кросс ғимараттардың негізгі кростарымен, сыртқы кабельдер көмегімен байланысқан. Қабаттық кростар ғимараттың негізгі кросымен тік баған кабелімен байланысады. Екінші жағдайда жұлдыз бір-бірімен тік бағаи кабельдерімен жалғанған ғимараттың негізгі кростары мен көлденең қабаттың кростардан тұрады.

Бірнүктелі басқарудың архитектурасы басқарудың ең жоғарғы жеңілдігіне арналып жасалған. Барлық жұмыс орындарының басты кроспен тікелей байланысын қамтамасыз ете отырып, ол бір ортаға қараған активті жабдықтардың орналасуы үшін қолайлы бір нүктеден жүйені басқаруға мүмкіндік береді. Бір нүктеде басқару тізбектерді оңай басқаруды қамтамасыз етеді, олар көп жерлерде тізбектерді кростеу керектігін алып тастауға байланысты болуы мүмкін. Бірнүктелі басқарудың архитектурасы ғимараттар топтары үшін қолданылмайды.

2. ҚКЖқұрылымы Кез келген толық масштабты құрылымдық кабельдік жүйе негізінде кейде иерархиялық жұлдыз құрылымы деп те аталатын тал тәрізді топология жатыр. Құрылым тораптарының қызметі әр түрлі коммутациялық жабдықтауды орындайды, оның екі негізгі ерекшелігі бар: кабельді жүйенің қолданушыларымен эксплуатацияланатын және ақпараттықрозеткалар, қызмет ететін персоналмен жұмыс істейтін топтық коммутациялық өpicтер құратын әр түрлі панельдер. Коммутациялық жабдық бір-бірімен әр түрлі электрлік және талшықты-оптикалық кабельдермен қосылады.

Техникалық бөлмелерге кіретін барлық кабельдер баулар көмегімен кабельді жүйелердің ағынды эксплуатациясы процесіндегі қосылулар мен ауыстырулар орындалатын коммутациялық панельдерге міндетті түрде енгізіледі. Стандарттар сигналдарды тасымалдаудың резервті трактілерін ұйымдастырады. ҚКЖ-ге байланысты қолданылған тал тәрізді топологиямен бірге осының барлығы ҚКЖ-нің, сенімділігін және иілгіштігін, сонымен қатар жеңіл конфигурациялану мүмкіндігін және нақты қосымшасымен кабельді жүйенің бейімділігін қамтамасыз етеді.

Техникалық бөлмелер ҚКЖ мен ақпараттық жүйені бүтіндей құру үшін керек. Жалпы жағдайда олар аппараттық және кростық болып бөлінеді.

Аппараттық деп ҚКЖ-нің топтық коммутациялық жабдығымен қоса, кәсіпорынның ұжымдық қолдану масштабының жабдығы орналасатын техникалық бөлме аталады (УПАТС, серверлер, коммутаторлар). Аппараттықта орнатылатын инженерлік жасақтаманың әр түрлі құрылғылары мен жүйелерінің деңгейі ондағы өңделетін компьютерлік және телекоммуникациялық жабдықтың деңгейіне сәйкес келуі керек.

Кростық дегеніміз ҚКЖ-нің коммутациялық жабдығы жиірек қолданушылардың шекті тобына қызмет ететін желілік және басқа көмекші жабдықтың орналасатын бөлмесі. Кростықтың инженерлік жасақтама жабдығымен жабдықталу деңгейі аппараттықпен салыстырғанда азырақ болып келеді.

Аппараттық ғимараттың кростығымен (FK) сәйкестелуі мүмкін. Бұл жағдайда оның желілік жабдығы ҚКЖ нің коммутациялық жабдығына тікелей жалғана алады Егер аппараттық бөлек орналасса, онда оның желілік жабдығы жергілікті орналасқан коммутациялық жабдыққа немесе жұмыс орындарының розеткаларына ұқсас кәдімгі ақпараттық розеткаларға жалғанады. Сыртқымагистральдардың кростығына (СМК) оған жеке FK-н жалғайтын сыртқы магистральдардың кабельдері кіреді. FK-на оларға қабаттың кростығын (ҚК) жалғайтын ішкі магистральды кабельдер енгізіледі. ҚК-на, өз кезегінде, көлденең кабельдермен жұмыс орындарының ақпараттық розеткаларының розеткалық модульдері жалғанған. Жүйенің иілгіштігін және өмір сүргіштігінарттыратын қосымша байланыстар ретінде FK және ішкі магистральдық кабельдер - ҚК-ның арасында сыртқы магистральдық кабельдердің төселуі рұқсат етіледі.

ҚКЖ-нің барлығында жалғыз СМК болуы мүмкін, ал әр ғимаратта бір FK орналасады. Бір ғимаратта орналасқан жағдайда СМК мен FK-ты біріктіру рұқсат етіледі. Егер қабаттағы жұмыс орындарының тығыздығы аз болса, онда шығын ретінде аралық қабаттардың көлденең кабельдердің ҚК-на жалғануы рұқсат етіледі. ҚКЖ-нің ғимараттармен байланыс құрылымының мысалы 1-суретте келтірілген.

1-сурет. Ғимараттармен байланыстырылған ҚКЖ қцрылымы:

ҚК - қабат кростығы, АР - ақпараттық розетка,

АН - ауысу нүктесі. ҒК -ғгимарат кростығы,

СМК - сыртқы магистральдар кростығы

ҚКЖ жалпы жағдайда ISO/1EC 11801 халықаралық стандарты бойынша өзінде үш ішкі жүйелерді қамтиды (2-сурет):

- сыртқы магистральдар ішкі жцйесі СМК жене FK-ның арасындағы СМК және FK-ның коммутациялық жабдығының және СМК-дағы коммутациялық баулардың, қосқыштардың сыртқы магистральды кабельдерінен тұрады. Сыртқы магистральдар ішкі жүйесі дегеніміз бір желісі ғимараттың бір территориясында жеке орналасқан байланыстарды біріктіретін негіз болып табылады. Тәжірибеде бұл ішкі жүйе резервті кабельді трассаларының бар болуы есебінен сенімділіктің артуын қамтамасыз ететін физикалық топологияға ие болады. Бұл түсініктерден сыртқы магистральдар ішкі жүйесі кейде екі қабатталған сақина топология бойынша жүзеге асырылады. Егер ҚКЖ автономды түрде бір ғимаратта орнатылса, онда сыртқы магистральдаржүйеастының жоқ болғаны. Үлкен өлшемді ғимараттарда сыртқы магистральдардың жүйеастыларына 500 м-ден ұзын кабельдер жатады, бірақ нақты түрде ғимарат шегіне шықпайды;

  • кей ҚКЖ-де тігінен және туынды ішкі жүйе деп аталатын ішкі магистральдардың ішкі жүйесі FK мен ҚК-ның арасына салынған ішкі магистральды кабельдерден тұрады, оларға FK мен ҚК-дағы коммутациялық жабдықтар, сонымен қатар коммутациялық баулар мен FK-дағы қосқыштардың бөлігі қосылған. Қарастырылып жатқан кабельнақты түрде араларында ғимараттың жеке қабаттарын және бір ғимарат ішінде кеңістікті таралған бөлмелерді байланыстырады. Егер ҚКЖ бір қабатқа қызмет етсе, онда ішкі магистральдың ішкі жүйесі жоқ болуы мүмкін;
  • көлденең ішкі жүйесі ҚК мен жұмыс орындарының ақпараттық розеткаларының розеткалық модульдері, ақпараттық розеткалары, сонымен қатар көлденең кабельдері жалғанатын ҚК-дағы коммутациялық жабдығының арасындағы көлденең кабельдермен құрылған. Көлденең ішкі жүйе құрамына коммутациялық баулардың үлкен бөлігі және ҚК-дағы қосқыш кіреді. Көлденең төселуді құру кезінде төселетін кабель түрінің өзгерісі болатын трактіге бір нүктенің ауысуын қолдануға болады (мысалы, эквивалентті тасымалдау сипаттамаларымен кілемдік жамылғы астында төсеу үшін жазық кабельге ауысу).

 

 

 

2-сурет. ҚКЖ-нің ішкі жүйелері

Осында қарастырылып отырған ҚКЖ-ні жеке ішкі жүйелерге бөлу желінің орындалу пішініне және түріне байланысты емес, яғни ол принцип бойынша бірдей болады, мысалы, кеңселі ғимарат немесе өндірісте кешенді орнатылған кабельді жүйе үшін қарастыруға болады.

Көптеген жағдайларда ҚКЖ-ге желілік жабдықты жалғау және кабельді жүйенің жеке порттарын коммутациялау әр түрлі баулық бұйымдар көмегімен жүзеге асырылады. Әр түрлі ауыстырғыштарды оның анық техникалық және эксплуатациялық артықшылықтарына қарамастан коммутациямәселерін шешу үшін, аз функционалдық мүмкіндіктер үшін қолдану кең таралмады. Белсенді желілік аспаптардың порттарының құрылымдық ерекшеліктеріне негізделген жағдайларда баудан басқа ҚКЖ-нің және желілік жабдықтың электрлік немесе оптикалық интерфейстерінің механикалық және сигналдық параметрлерінің сәйкестігін қамтамасыз ететін адаптерлер де қажет болуы мүмкін.

Жұмыс орнының ішкі жүйесі жұмыс орындарына желілік жабдықтарды жалғауды қамтамасыз етеді. Оның орындалуы үшін қолданылатын жабдық бүтіндей және толығымен нақты қосымшаға да байланысты болады. Ол ҚКЖ-нің бір бөлігі болып табылады және ISO/IEC 11801 мен ТІА/ЕІА-568А стандарттарының жұмыс істеу шегінен шығады, бірақ бұл нормативті құжаттар оның параметрлері мен сипаттамаларына нақты шектеулер енгізеді.

3. Маркерлеу элементтері.Әр түрлі белгіленудегі жабдықтың үлкен көлемдерін ҚКЖ-нің қақтығыс процесіндегі сияқты жүйені шоғырлауға тапсыру кезінде маркерлеуге қойылатын жеткілікті қатаң талаптар анықтайды.

Маркерлеудің бұйымды сипаттайтын негізгі және қосымша маркерлік мәліметтері болуы керек. Осында маркерлік мәліметтердің саны ең төменгі болуы қажет және қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету керек. Одан басқа, маркерлеу бұйымға тікелей жасалуы керек және жөндеу мен эксплуатация кезінде оқу мен көріп шығуға қолайлы болуы керек.

ҚКЖ-нің маркерлеу элементтерінің тізіміне кіретіндер:

- Түстік кодтауды жүзеге асыру үшін коммутациялық панельдермен қоса, баулық бұйымдарға орналасуына бағытталған әр түрлі техникалық құралдар қолданылады. Бұлар ауыспалы жазбалар, әр түрлі маркерлік кестелер мен иконалар болуы мүмкін. Жеке компоненттердің стандартталған түске боялуы сирек қолданылады.

Түстік кодтау принципін жобалық құжатта қолдану ҚКЖ сызбаларының ақпараттылығын және көркемдігін біршама арттырады. ҚКЖ-ні құру кезеңінде қолданылатын маркерлік элементтерді технологиялық деп атайды. Оларды қолдану өңдеуді айтарлықтай тездетеді және жеңілдетеді. ҚКЖ-нің жеке компоненттерін эксплуатацияға тапсырудан бұрын орналасқан маркерлерді мәрелікдеп атайды. Мәрелік маркировканың бар болуы ҚКЖ-ні қалыпты басқарудың қажетті шарты болып табылады. Әр түрлі деңгейдегі техникалық бөлмелерде және қолданушының жұмыс орындарында орнатылатын ҚКЖ-нің панельді коммутациялық компоненттерінің көбісінің маркерлеудің штатты элементтері болады. Бұл элементтердің функционалды Мүмкіндіктері кабельді жүйені құру және кезекті эксплуатация процесіндегі қалыпты мәрелік маркерлеуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Маркерлік элементтердің, өлшемдері маркерлеу салынатын элементтер өлшемдеріне, сонымен қатар маркерлеу элементін ажыратуға болатын ең жоғарғы арақашықтыққа байланысты. Маркерлейтін жазбалар жолға тура салынады және көлденең орналастырылады. Жұмыс барысында түстік, әріптік, сандық немесе әріптік-сандық маркерлеу қолданылуы мүмкін және бір мезгілде маркерлеудің екі түрін қолдануға болады. Әріптік маркерлеу орыс немесе латын алфавиттерінің әріптерінен және араб сандарынан орындалады.

Сирек кездесетін әріптік, сандық немесе әріптік-сандық индекс маркерленетін компонент және оның функционалды мүмкіндіктері туралы негізгі ақпаратты таситын ҚКЖ компоненттерінің жұмыс идентификациясының құралы болып табылады. Әдетте, оны пішіндеу үшін интуициялық көзқарас қолданылады. Оның негізінде маркировка символдары ҚКЖ-нің маркерленетін компонентінің табылғаны туралы мәліметтерді дайындығы аз деңгейдегі қолданушыға тікелей тасымалдайды. Қорытындылай отырып, маркерлеудің мүмкін сызбаларының бірін ұсынуға болады:

NNN-X-Y

мұндағы, NNN - ұйымда таңдалғанымен сәйкес құралған бөлме нөмірі (әдетте, қабат нөмірі плюс,дефиссіз және басқа бөлгіштермен тізбектеліп жазылатын, қабаттағы бөлменің ағынды нөмірі);

X - кабинеттегі розетка нөмірі (ереже бойынша, кірістен солдан оңға есептеледі);

Ү - розеткалық модульдің нөмірі.

Әр түрлі маркерленетін компоненттерінің шығын шамасы келесі факторлармен анықталады:

    • қолданылатын маркерлеу типімен (технологиялық және мәрелік);
    • жеке компонентке (бір немесе бірнеше нүктелерде) қолданылатын маркерлеу ережелері және осы компоненттердін санымен;
    • стандартты беттегі маркерлеу элементтерінің санымен.

Нақты типті маркерлердің жеткізілу көлемін есептеу алгоритмі олардың жалпы санын стандартты бетте элементтер санына бөлумен жөне содан соң нәтижені үстіге бүтінге дейін дөңгелектеумен анықтаудан тұрады.

Компьютерлік желі (ағылш. сomputer network) — барлық құрылғылардың бір бірімен өзара әрекеттесуіне мүмкіндік беретін байланыс желілері арқылы қосылған компьютерлердің және басып шығарғыштар мен мәтіналғылар сияқты басқа құрылғылардың тобы.

Желілер шағын немесе үлкен, кабельдер арқылы тұрақты жалғанған, немесе телефон желілері мен сымсыз арналар арқылы уақытша жалғанған болуы мүмкін. Ең үлкен желі — Интернет, ол бүкіләлемдік желілер тобы болып табылады.

 

Коммуникация протоколы және желілік бағдарламалау[өңдеу]

Интернет картасы. Интернет дегеніміз ғаламдағы миллиардтаған компьютерлік қондырғыларға қызмет көрсетуге арналған, өзара байланыстырылған компьютерлер жүйелерінің жинағы

Жергілікті желі[өңдеу]

Жергілікті желі (ағылш. Local Area Network, LAN) — салыстырмалы түрде шектеулі кеңістіктің (мысалы ғимараттың) шегінде компьютерлер, басып шығарғыштар мен басқа да құрылғылар тобын біріктіретін коммуникациялық желі. Жергілікті желі бір біріне қосылған құрылғылардың өзара әрекеттесуіне мүмкіндік береді.

Желі – мәліметтерді компьютерлер арасында жеткізу құралдарымен біріктірілген компьютерлердің жиынтығы. Есептеу желісі – бір-бірімен байланысқан желі элементтері арасында мәліметтер жеткізуге арналған программалық және аппараттық құрауыштардың күрделі жүйесі. Аппараттық жабдықтар ішінде әртүрлі типті және класты компьютерлермен қатынастық жабдықтарды атауға болады. Программалық құрауыш операциялық жүйе мен желілік қолданбалардан тұрады. Желінің тиімді жұмыс істеуі үшін ОЖ-дің арнайы түрлері – желілік ОЖ қолданылады. Желілік ОЖ – есептеу желісін бір орталықтан басқаруға арналған программалар кешені (Windows NT, Novell NetWare, т.б.). Желілік қолданбалар– желілік ОЖ-нің мүмкіндіктерін кеңейтетін қолданбалы программалық кешендер (пошталық программалар, желілік мәліметтер қорлары, т.с.с.). Желіге қосылатын барлық құрылғыларды үш функционалдық топқа бөледі, олар:

- жұмыс станциялары;

- желі серверлері;

- қатынастық тораптар.

Жұмыс станциясы (ЖС) (workstation) – желіге қосылған дербес компьютер және ол арқылы пайдаланушы өз жұмысын атқарады және желінің ресурстарына қатынауды жүзеге асырады. Ол өзіндік операциялық жүйемен жабдықталған (MS DOS, Windows және т. б.) және пайдаланушыға қолданбалы есептерді шығаруда барлық қажет құралдармен қамтамассыз етілген. Жұмыс станцияларының үш типін ерекшелеуге болады, олар – жергілікті дискілі жұмыс станциясы, дискісіз жұмыс станциясы, қашықтағы жұмыс станциясы. Жергілікті дискілі жұмыс станциясында ОЖ осы дискіден, ал дискісіз жұмыс станциясында ОЖ файлдық серверден жүктеледі. Қашықтағы жұмыс станциясы – желіге телеқатынастық байланыс арнасы (мысалы, телефон желісі) арқылы қосылған станция.

Сервер (server)– желіге қосылған және оның пайдаланушыларына белгілі қызмет көрсетуді қамтамассыз ететін компьютер. Серверлер желіні пайдаланушылардың қажеттілігінен туындайтын мәліметтерді сақтауды, мәліметтер қорына сұраныстарды өңдеуді, жойылған тапсырмаларды өңдеуді, тапсырмаларды басып шығаруды және басқа да іс-әрекеттерді жүзеге асырады. Сервер – желі ресурстарының қайнар көзі. Атқаратын функцияларына байланысты серверлердің келесі типтерін анықтайды.

Ерекше көңілді сервер типтерінің ішіндегі – файлдық серверге (file server) (көбінесе файл-сервер атауы қолданылады) аудару қажет. Файл-сервер - желідегіпайдаланушылардың мәліметтерін сақтайды және осы мәліметтерге қатынауды қамтамассыз етеді. Бұл - үлкен сыйымдылықты оперативтік жады , қатты дискісі және магниттік таспадағы қосалқы жинағыштары (стример) бар компьютер. Файл-сервер өзінде орналасқан мәліметтерге желі пайдаланушыларының бір мезгілді қатынауын қамтамассыз ететін ерекше операциялық жүйенің басқаруымен жұмыс істейді. Файл-сервер келесі функцияларды орындайды: мәліметтерді сақтау, мәліметтерді архивтеу, әртүрлі пайдаланушыларменорындалатын мәліметтер өзгертулерін үйлестіру, мәліметтерді жіберу. Көптеген есептер үшін бір файл-серверді қолдану қажетсіз болып табылады, онда желіге бірнеше серверлерді қосу мүмкін. Файл -сервер ретінде мини – ЭЕМ қолданылуы мүмкін.

Мәліметтер қоры сервері (database server) – мәліметтер қоры файлдарын сақтау, өңдеу және басқару функцияларын жүзеге асыратын компьютер. Мәліметтер қоры сервері

- мәліметтер қорын сақтау, олардың тұтастығын, толықтығын, өзектілігін қолдау;

- мәліметтер қорына сұраныстарды қабылдау және өңдеу, өңдеу нәтижелерін жұмыс станциясына қайтару;

- мәліметтер қорына авторланған қатынауды қамтамассыз ету, пайдаланушыларды есепке алу және сүйемелдеу жүйесін қолдау, пайдаланушылардың қатынас құру мүмкіндіктерін шектеу;

- үлестірілген мәліметтерқорын қолдау, басқа жерлерде орналасқан мәліметтер қоры серверлерімен әрекеттесу

функцияларын атқарады.

Қолданбалы программалар сервері (application server) – пайдаланушылардың қолданбалы программаларын орындауға қолданылатын компьютер.

Қатынастық сервер (communications server) – жергілікті желі пайдаланушыларының өз тізбектік енгізу/шығару порттарына айқын қатынас мүмкіндігін беретін құрылғы немесе компьютер.

Қатынау сервері (access server) – тапсырмаларды қашықтан өңдеуді орындауға бөлінген компьютер. Қашықтағы жұмыс станциясынан ынталандырылған программалар осы серверде орындалады. Қашықтағы жұмыс станциясынан пайдаланушының пернетақтадан енгізілген командалары қабылданады, оған орындалған тапсырма нәтижелері қайтарылады.

Факс-сервер (fax server) – жергілікті желінің пайдаланушылары үшін факсимильдік хабарларды қабылдау және таратуды орындайтын құрылғы немесе компьютер.

Мәліметтерді резервті көшірмелеу сервері (back up server)- файл-сервер және жұмыс станцияларында орналасқан мәліметтердің көшірмелерін құру, сақтау және қайта қалпына келтіру міндеттерін шешетін құрылғы немесе компьютер. Мұндай сервер ретінде желідегі файлдық серверлердің бірі болуы мүмкін.

Желінің қатынастық жабдықтарына (тораптарына) келесі құрылғылар жатады:

- қайталауыш;

- коммутаторлар (көпірлер);

- маршруттауыштар;

- көмейлер (шлюздер).

Желінің ұзындығы, станциялар арақашықтықтары ең алдымен беру ортасының (коаксиальды кабельдің, есулі қос өткізгіштің, т.б.) физикалық мінездемелерімен анықталады. Мәліметтерді кез келген ортада жіберуде сигналдың бәсеңсуі пайда болады, бұл арақашықтықтарды шектеуге әкеледі. Осы шектеулерді жеңіп, желіні кеңейту үшін арнайы құрылғылар – қайталауыштар, коммутаторлар мен көпірлер орнатылады. Мұндай кеңейту құрылғылары енбеген желі бөліктері желі сегменттері деп аталады.

Қайталауыш (repeater) – келген сигналды күшейткіш және қайта өндіретін құрылғы. Барлық қайталаушпен байланыстырылған сегменттерде әрбір уақыт мезетінде тек екі станция арасында мәліметтер алмасуы жүзеге асырылады.

Коммутатор (switch) немесе көпір (bridge) – бірнеше сегменттерді біріктіруге арналған құрылғы. Бұл жағдайда әртүрлі сегменттердің әрбір станция жұптары үшін біруақытта бірнеше мәліметтер алмасу үрдістерін қолдайды.

Маршруттауыш (router) – бір немесе әртүрлі типті желілерді бір мәліметтер алмасу хаттамалары бойынша біріктіретін құрылғы. Маршруттауыш берілу адресін талдап жане мәліметтерді тиімді таңдалған маршрутпен бағыттайды.

Көмей (gateway) (шлюз) — әртүрлі мәліметтер алмасу хаттамаларын қолданатын әртүрлі желі объектілері арасында мәліметтер алмасын ұйымдастыруға мүмкіндік беретін құрылғы.

Қазіргі уақыттағы есептеу желілеріне қойылатын негізгі талаптар. Есептеу желілері кез келген желі пайдаланушысы үшін желінің кез келген ресурсына қатынауды қамтамассыз ету мақсатында құрылады. Желінің өмір сүруінің аумақты мінездемесі ретінде ресурсқа қатынау сапасы желінің алдына қойылған міндеттерге байланысты әртүрлі көрсеткіштермен сипатталуы мүмкін. Мұндай көрсеткіштердің негізгілері:

- өнімділік;

- сенімділік;

- басқарылымдық;

- кеңейтілімдік;

- айқындық;

- жинақталымдық.

Есептеу желілерінің жіктелулері. Есептеу желілерін бірнеше белгілер бойынша жіктеуге болады. Аумақтық белгілеріне байланысты есептеу желілерінің түрлері:

- жергілікті желілер (LAN – Local Area Network) ;

- ауқымды желілер (WAN – Wide Area Network).

Желінің масштабына байланысты түрлері:

- жұмыс топтарының жергілікті желілері (бір ОЖ басқаруымен жұмы істейтін компьютерлердің кішігірім санын біріктіреді);

- бөлімдердің жергілікті желілері (бір бөлімнің компьютерлерін біріктіреді);

- кампустардың жергілікті желілері (бірнеше кіші желілерді біріктіреді);

- бірлескен (корпоративті) желілер (бір мекеме немесе корпорация көлеміндегі компьютерлер мен желілерді біріктіреді ).

OSI эталондық моделі. Желілік программалық жабдықтарды құруды реттеу мақсатында және кез келген есептеу жүйелерінің әрекеттесу мүмкіндіктерін қамтамассыз ету үшін Стандарттаудың Халықаралық Ұйымы (International Standart Organisation — ISO) ашық жүйелер әрекеттестігі эталондық моделін (Open System Interconnection -OSI) құрды. Бұл есептеу желілері жұмысының жеті деңгейлі логикалық үлгісі, ол деңгейлер:

1) физикалық деңгей;

2) арналық деңгей;

3) желілік деңгей;

4) көліктік деңгей;

5) сеанстық деңгей;

6) көрсетімдік деңгей;

7) қолданбалы деңгей .

Бұлардың алғашқы үшеуі (физикалық, арналық, желілік) мәліметтер жеткізу мен бағдарлауға, көліктік деңгей алғашқы үшеуі мен жоғарғы деңгейлер арасындағы байланысты жасақтауға, соңғы үш (сеанстық, көрсетімдік, қолданбалы) деңгейлер пайдаланушы қолданбаларына қызмет көрсетуге негізделген. әрбір деңгей салыстырмалы тәуелсіз, әрбір деңгей желілік құрылғылардың қатаң анықталған әрекеттесу функцияларын сипаттайды. Барлық деңгейлер иерархиялық құрылым құрады, мұнда қандай да бір деңгейде жасалған сұраныс орындалуға одан төмен деңгейге беріледі. Сұранысты өңдеу нәтижелері жоғарғы деңгейге қайтарылады. Деңгейлердің программалық және аппараттық әрекеттесуін сипаттау үшін интерфейстер және хаттамалар қолданылады. Екі көршілес деңгейлер арасындағы әрекеттесуді және олардың арасындағы берілетін мәліметтердің пішімін сипаттау үшін интерфейс (мысалы, Х.25 ) деп аталатын ережелер мен келісімдер орнатылады. Бір деңгейдегі объектілердің әрекеттесуінің, сонымен қатар бір деңгейдегі объектілер арасында берілетін хабарламалардың көрсетім пішімдерін бекітетін ережелер жиынтығы хаттамалар деп аталады.

Ауқымды есептеу желілері – бір-бірінен алыс орналасқан жергілікті желілер мен жеке компьютерлерді байланыстыратын есептеу желісі. Ауқымды есептеу желілері үш құрауыштан тұрады: желінің түйіні ретінде қарастырылатын жергілікті есептеу желілері; жергілікті есептеу желілерін байланыстыратын арналар; байланыс арналарына байланыс құруға мүмкіндік беретін жабдықтар мен программалар. Ең әйгілі ауқымды есептеу желісі – Internet.

Internet – түрлі хаттамалармен жұмыс істейтін, әр түрлі есептеу машиналарын байланыстыратын, мәліметтерді тасығыштардың (телефон сымдары, оптикалық талшық, радиомодемдер, т.б.) барлық түрлерімен тасымалдайтын компьютерлік желілердің бірлестігі. Оның өзінің атауы “желі арасында” мағынасын білдіреді. Желілерді біріктіру үлкен мүмкіндіктерге ие болады. ¤з компьютерінен кез келген Internet абоненті басқа қалаға мәліметтерді жібере алады, Вашингтондағы Конгрес кітапханасының каталогын көре алады, Нью–Йорктағы Метрополитен музейінің соңғы көрмесінің суреттерімен таныса алады, IEEE конференциясына және әр түрлі мемлекеттердің желі абоненттерімен ойындарға қатыса алады. Internet – тің аса маңызды ерекшелігі - оның әр түрлі желілерді біріктіре отыра ешқандай иерархияны құрмайтыны, желіге қосылған барлық компьютерлер тең құқықты.

Internet-тің негізін жоғары жылдамдықты кеңарналы желілер құрайды, тәуелсіз желілер кеңарналы желілерге NAP (Network Access Point) желілік қатынау нүктелері арқылы қосылады. Тәуелсіз желілер дербес жүйелер түрінде қарастырылады, себебі олардың өзіндік әкімшілік басқаруы және маршруттау хаттамалары бар. Дербес жүйелер ретінде ірі ұлттық желілер болады, мысалы – европалық EUNet, Россия университеттерінің RUNet желілері. Кейбір дербес жүйелер Internet желісіне қатынау қызметін көрсетуге мамандандырылған компаниялар құрады, оларды провайдерлер деп атайды (мысалы, АҚШ-та UUNET, Россияда Relcom).

Internet-те алмасу режімдері, хаттамалары және адресациялау. Internet жүйесіне қосылу әртүрлі әдістермен жүзеге асады, ондай әдістер:

- электрондық пошта (E-mail);

- телеконференция (UseNet);

- қашықтан қатынас құру (TelNet);

- файлдарды іздеу және жеткізу (FTP);

- мәтіндік файлдарды меню жүйесі көмегімен іздеу және жеткізу (Gopher);

- құжаттарды гипемәтіндік сілтемелердің көмегімен іздеу және жеткізу немесе бүкіл әлемдік өрмек (WWW – World Wide Web).

Аумақты желілерде ақпарат алмасудың екі режімі бар – on-line және off-line. On-line – желіге қосылып тұрып бірігіп жұмыс істеу режімі, диалогтық режім. Off-line – желіге қосылмай жұмыс атқару режімі, электрондық пошта арқылы жөнелтетін мәліметтерді даярлау. On-line режімі – телефонмен сөйлесуге ұқсас, off-line режімі – поштамен хат алмасуға ұқсас.

Internet жүйесінде қолданылатын негізгі хаттамалар – TCP/IP ( Trans-mission Control Protocol/Internet Protocol ) хаттамалар жиынтығы. IP – желілік деңгей, TCP – көліктік деңгей хаттамалары. Арналық және физикалық деңгейде мәліметтер жеткізу орталарының бар көптеген стандарттарын қолдайды, мысалы ЖЕЖ үшін – Ethernet және FDDI немесе ауқымды желілер үшін – X.25 және ISDN. Қолданбалы деңгейдегі маңызды хаттамалар – қашықтан басқару хаттамасы telnet, файлдарды жеткізу хаттамасы FTP, гипермәтінді жеткізу хаттамасы HTTP, электрондық пошта хаттамалары SMTP, POP, IMAP, MIME, желілік құрылғыларды басқару хаттамасы SNMP.

Internet жүйесіне қосылған әрбір компьютер өзінің ерекше IP-адресіне ие болады. IP-адрес – ұзындығы 32 бит, әрқайсысы 8 биттік 4 бөліктен тұратын желілік адрес. Ол екі бөліктен – желі адресі және осы желідегі хост адресінен тұрады. Хост (host -қожайын) – желіге тікелей қосылған, өзіндік адресі бар компьютер. Сандық IP-адрестерді адамдар қолдануға ыңғайсыз болғандықтан, IP-адрестерге символдық аттарды сәйкес қоятын механизм қолданылады, оны домендік аттар жүйесі (DNS – domain name system) деп атайды. Мұндай жүйеде пайдаланушы адресі екі бөліктен тұрады:

<пайдаланушы идентификаторы>@<домен аты>

Пайдаланушы идентификаторы және домен аты өзара нүктемен ажыратылған бірнеше бөліктерден тұруы мүмкін. Домен атында негізгісі түпкі домен, әры қарай бірінші, екінші, үшінші деңгейлі домендер орналасады. Түпкі доменді InterNic таратады, бірінші деңгей әр мемлекет, келесі деңгей мекемелер типі үшін, т.с.с. тағайындалады, мысалы: kz –Казақстан, ru – Россия, su – постсовет мемлекеттері үшін, ca –Канада, uk – Ұлыбритания, us – АҚШ, ua – Украина, de – Германия мемлекеттері үшін анықталған ішкі домендер. Мекемелерге сәйкестікті анықтайтын ішкі домендер үш символдан тұрады, мысалы: com – коммерциялық мекемелер, edu – білім беру және ғылыми мекемелер, gov – мемлекеттік мекемелер, mil — әскери мекемелер, net – желілік мекемелер, org – басқа мекемелер үшін. Екінші деңгейдегі ішкі домен қала, аймақ аттарын белгілейді.

 

 

Құрылымды кабелдік жүйе

Құрылымды кабелдік жүйе - ол ұйымның кабелдік немесе ұйым топтарының кабельдерімен, розеткалармен, қабаттардың үлестірушілерімен , ғимараттардың және ғимараттардың топтарының жүйесі . Құрылымды кабелдік жүйе мақсаты - жүйе барлық потенциалды пайдаланушыларының ғимараттың бар болу мезгілі аралығында барлығы қайта жөндеусіз немесе кабелдік желі кеңейтулерінсіз қажеттіліктердің қанағаттандыруы.

Ғимарат инфрақұрылымына сондай жолмен қарастырудың арқасында, әсіресе құрылымды кабелдік желініжобалау сатыларында пайдаланушыларға толық мөлдірлігі мен қолданылатын қосымшалардан тәуелсіздігін қамтамасыз ететін, интеграцияланған жүйе жасауы мүмкін.

Құрылымды кабелдік жүйе - қарапайым кабельдер немесе қосу жүйесінің барлық компоненттерін біріктіруінен анағұрлым жоғары . Әртүрлі технологиялар , құрылымдар және қосымшалар, дауыс, ақпараттық мәліметтер, бейнелер кескінін және бақылау сигналдарды жіберу - барлығы бірыңғай бүтін сияқты болуы тиіс . Қазіргі таңда атқару, сапалар және кепілдікке сұрағына қатысты, әсіресе " компоненттер немесе жүйе?" өткір дилеммасына қатысты қарқынды айтыстар жиі көрініп жатыр. Бөліністің бар екендігі анық , бірақ аяқталған екі инсталляциялар аралығында нақты қандай айырмалар түзелуде? Біреуін атқару жеке компоненттердің қолдануында тиісті стандарттарға негізделеді. Екіншісін атқару сол концепцияға сүйенеді, бірақ критерийлерді енгізу егер жүйе қабылданған стандарттарға кірмейтін қосымша компонентке негізделсе, атқару стандартын кеңейтеді .

Кабелдік өнім технологиялардың кең таңдауын қарастыруының арқасында, біз Сіздерге үлкейтілген стандарттар ұсына отырып, барлығын керемет біріктіре аламыз.

Желілер құрылымы

Желілер құрылымы туралы төтенше маңызды сұрақ: коммуникациялы жүйе тұрақты өсіп отыратын ақпаратты қолдап отыруы. Сондықтан кабелдік желілер дүниежүзінде тұрақты кеңейтілетін атқаруда салынып жатыр . Барлығының пікіріне қарсы , ақпаратты тапсыру жылдамдығы жолақ енінің



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.