|
|||
Педагогтың кәсіби өсуі ⇐ ПредыдущаяСтр 8 из 8 Педагогтың кәсіби өсуі Адамның «Мен концепциясы» қалай қалыптасқанына, қалай анықталғанына, оның тағдырына бақытты болуына байланысты болады. Адамның өзін-өзі анықтауы «Мен» образының барлық бөлімінде болғанындай тікелей әртүрлі өмір жолында, жанұяда, мансапта, серіктестерде қалыптастырылады. Осыған байланысты өзін-өзі анықтау төмендегі типтерге бөледі: Ø Тұлғаның адам өмірі образын таңдап алу стилі,өмірлік. Ø Кәсібилік-өмір стереотипін,іске асырушы рөлін адамның кәсібі анықтайды. Ø Тұлғалық,өмірлік жағдайлардың барлығының кәсібінде әлеуметтік рөлдермен стереотиптердің үстіне шыға білген және өз өмірінің иесі бола білген. Ø Мәдениеттегі өзін-өзі анықтаудың ең жоғарғы типі.Бұнда адам өмірінің барлығы және іс-әрекеттері мәдениеттің дамуына елеулі үлес қосады (Н.С.Пряжников) Сонымен, өзін-өзі анықтаудың әрбір типі өзінен кейінгі типтің негізі болады; тұлғаның өсуінің бір бөлігі болғанымен,олардың біреуінен өтпей адам басқа типтерге көше алмайды. Өзін-өзі анықтаудың әрбір типіне адамның өзін-өзі анықтаудың шартты түрде бес деңгейі сәйкес келеді. Деңгейді бөлу критерй ретінде берілген қызметті адамның ішкі қабылдауы және оған творчестволық қатынас дәрежесі алынған. 1. Деструктивті-атқарып отырған қызметті агрессивті түрде қабылдамаумен сипатталады. 2. Берілген қызметтен тыныш,үндемец қашып құтылу. 3. Пассивті-берілген қызметті үлгіге қарап,шаблонмен,нұсқаумен орындау. 4. Орындайтын қызметке кейбір ерекшеліктер енгізіп,жетілдіруге ұмтылу. 5. Шығармашылық деңгей-орындайтын қызметті байытуға,жетілдіруге ұмтылу. Өзін-өзі анықтау дұрыс кәсіби адамның қызмет (баспалдақ) сатысында жылжуына әсер етеді,еңбекте үлкен табыстарға жетуге, өзінің кәсіби өсуін іске асыруға ықпал етеді. "Кәсіби өсу" ұғымы тек «кәсіби жылжу», «карьера», «кәсіби шеберліктің өсуі», «кәсіби көтерілу»,жоғарылау дегендер, шынымен, кәсіби өсудің тек кейбір жақтарын сипаттайды. Шын мәнінде, кәсіби өсуді кешенді процесс ретінде, бір-бірімен тығыз байланыстағы прогрессивті өзгерістерді тұлғалық, заттық, функционалдық, әлеуметтік, субъектінің кәсіби қызметінің компоненттерінің жиынтығы деп қарастырған жөн.
|
|||
|