Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

«ЖАЛПЫ ПЕДАГОГИКА» КАФЕДРАСЫ 

«ПРАКТИҚАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ» пәнінен

6В01101 Білім беру бағдарламасы бойынша оқитын студенттерге арналған

 

ЛЕКЦИЯ ЖИНАҒЫ

Тараз 2021ж.

Лекция кешені:                                                       

Лекция сағаттары - 15

1 лекция

1. Лекция тақырыбы: Практикалық психология және психологиялық көмек туралы жалпы түсінік.

2. Лекция жоспары:

1.Практикалық психология пәні, мақсаты мен міндеттері.

2.Практикалық психологияда жеке адамды зерттеу мәселелері.Классикалық психоанализ.

3.Клиентке бағытталған терапия.(Гештальт-терапия, логопедия, адлердің индивидуалдық психологиясы, когнитивті психотерапия, транзактілік талдау, психосинтез, нейролингвистикалық бағдарламалау НЛБ)

4.Практикалық психологиядағы жаңа психотехнологиялар және жаңа сарын:процессуалды психология, психобилдинг, каучинг, селф-коучинг, селф-серфинг, ассесмент т.б.

3.Лекция мақсаты:Білімгерлерге практикалық психология және психологиялық көмек туралы мәлімет беру

4. Лекция мазмұны

Практикалық психология психологияның бір саласы. Практикалық психологияның пайда болуы бұл адамның проблемаларына, қоғамдық қызығушылықтарының өсуіне жауап және қазіргі заманғы психологияның оларды сәтті шеше алатынның дәлелі. Қазіргі заманғы психологияда келесі бағыттар ерекшеленеді:

1) клиникалық психология;

2)ұйымдастырушы кеңес беру психология;

3) жарманам, имидж және қоғаммен байланысты психология;

4) сот психологиялық экспертиза;

5) психологиялық операциялар сияқты арнайы бағыт.

Клиникалық психология дәрігерлік және дәрігерлік емес болып бөлінеді.

Дәрігерлік психология – кіші психиатрияның бөлімі болып табылады. Ол психолог дәрігердің жетегіне еніп, дәрігерлік біліктілікке сәйкес невроздарды және т.б. ауруларды емдеумен айналысады.

Ұйымдастырушы психология – ең алдымен ұйымдарда туындаған проблемаларды шешуге бағытталған.

Имидж психологияның (жарнама мен қоғаммен) адамның немесе ұйымның қалдыратың әсерін қалыптастыру процестеріне кеңес беру, оқыту, тренингтер жүргізу, сондай-ақ оларға маңызды, нарыққа, іс-әрекеттің (идеяның, тауардың, қызметтердің) нәтижелері.

Практикалық психология дербес тұжырымдамалардың жаңа стратегияларының сондай-ақ сәйкес терминологияның қатарымен дамыды, мәселе, ауру тұжырымдамасы психологиялық көмек көрсету тұжырымдамасымен ауысты. Пациент сөзі клиент сияқты бейтарап сөзге ауысты, клиент - психологтан психологиялық көмек алатын адам.

Адамның өмірінде кездесіп психологиялық және психологиялық емес деп екіге бөлуге болады. Психологиялық емес проблема адамның заттық ортадағы өзгерістерінің жолымен шешілсе, психологиялық пробеламның шешілуі тұлғаның өзгерісін болжайды. Практикалық психология айналысатын проблемалар – психологиялық деп аталады. Психологиялық проблема бұл клиенттің психикалық қиыншылықтарының жиынтығы, тұлғаның дамуындағы нақты қарама-қайшылықтан туындаған үйлесімсіздік күйі. Психологиялық проблемалар:

1. Жеке даралық

2. ұжымдық – топтық;

3. іс-әрекеттік.

1. Жеке –дара – бұл адамның жеке дамуына кедергі келтіретін, олардың адами және психологиялық денсаулығана, жалпы қал-жағдайына нұқсан келтіретін қиындықтар.

2. Ұжымдық – топтық – бұл топта қатынас үрдісінің бұзылуы, ұжымның әлеуметтік психологияның нашарлауы.

3. Іс-әрекеттік – адамның қасиеттерімен күйлерінің мамандықтарының талаптарына келмеуінен туындайтын проблемалар іс-әрекеттік деп аталады. Олар жеке-даралық және топтық болуы мүмкін.

Практикалық психология өзіндік тарихы бар. Жалпы психология алғашқыда практикалық деп аталған. Бұрыңғы заманнан бері психологиялық қызметтердің шекарасы кең және әр текті (көрегендік, өмірлік –даналықты, қиын жағдайлардан шығу, діни шаралар, иога, буддизм). Адамдарға психологиялық көмек көрсетудің кейбір жағдайлары құрамда сипатталған.

ХХғ. Басында В.Штерн, Г.Мюстенберг және т.б. ықпалымен дамыған психотехника, бұл ғалымдар практикаық психологияның негізін салушы ғалымдардың бірлері болып табылады.

Психотехниканың негізгі міндеттері: кәсіби іріктеумен бағдарлауды жүзеге асыруды, іс-әрекетке үйретуде, психотехникалық қызметтерді жаттықтыруда, жарнама тиімділігінің психологиялық жағдайларын жасаудан тұрады.

Қазіргі заманда психотехника сөзі практикалық психологияның кейбір салаларында қолданатын тәсілдерінің жүйесін белгілеуде қолданылады.

Ресейдепрактикалық психология соңғы 25-30ж. дами бастады. Отбасылық психологиялық – педагогикалық, дәрігерлік психологиялық кәсіби бағдарлаушы психологиялық қызметтер пайда болды. Практикалық психологтар мұғалімдермен, психиатрлармен, невропотологтармен, әлеуметтік қызметкерлермен өзара әрекет етеді. Практикалық психологтар өндірісте, клиникаларда әрі қарттар үйлерінде қызмет жасайды.

Өмірдің қиын жағдайларында дәрігерлік емес көмек көрсету және мінез-құлықтық ауытқуларды  түзету практикалық психологияның міндеті болып табылады.   

3.Рационалды терапия– психотерапияның клиентке көзқарастарындағы қиысынды қателерді көрсету арқылы оның ойын түзетуге бағытталған әдіс. Р.Дюбуамен 1912 жылы ұсынылған бұл әдіс психотерапияның дерлік барлық түрлеріне енеді. Рационалды психотерапия клиенттің салыстыру, қорытындылау, нақты көзқарастардың орындылығына көз жеткізу қабілетіне сүйенеді. Ауру үшін стресстің қосымша бастауын қалыптастыратын «сырқаттың бұрмаланған ішкі көрінісі» - рационалды психотерапияда ықпал етудің негізгі көздеген мақсаты болып табылады. Қисынды дәлелдердің келтірілуі арқылы бұрыс түсініктердің өзгертілуі бұл әдісті психотерапияның басқа әдістерінен ажыратады. Рационалды психотерапияның негізгі формалары: түсіндіру (аурудың негізін, пайда болу себептерін талқылау және аурудың едәуір нақты көрінісіне жету); көріну (ауруға деген эмоциялы қатынасты түзету, жеке-дара ұстанымдардың модификациясы); қайта бағдарлану (ауруға қатысты ұстанымдарда тұрақты өзгерістерге жету); психогогика (науқас үшін аурудан тыс жағымды жетістіктерді қалыпатстыратын неғұрлым кең ауқымды қайта бағдарлану).

Логотерапия - клиенттің қарым-қатынастағы ерекше эмоциялы ахуалының, тұлғасының құндылығын мойындаудың, қалыптасқан жағдайда жаңа мағынаны іздестіру қабілетінің есебінен адамның ішкі әлемінің өңделуіне бағытталған әдістердің кешені. Адамның өз-өзін шеттеттіру қабілетін оятудың негізінде құрылған В:Франклдың ұсынған парадоксальды интенция техникасы логотерапияның жақсы үлгісі болып табылады. Невроздың бірінші реттегі шарттарымен ғана емес, сондық-ақ шартты рефлекс ретінде екінші ретте бекітуден туындайтыны болжанады. «Парадоксалды интенция» бекіген рефлексті «ажыратуға» қабілетті. Парадоксалды интенцияны төмендегінше анықтайды. Клиенттен қатты қауіптенетінін тілегінің жүзеге асырылғанын қалағаны немесе оны өзі жүзеге асырғаны талап етіледі.

Парадокальды интенция жауап берудің проблемды шаблондарын, атап айтқанда қашу жолымен қорқыныштан және күресу арқылы күштеуді сипаттайтын факторлардың алмастырылуын анықтайды. Парадоксальды ниет мүмкіндігінше әзіл-оспақ түрінде құрылуы тиіс. Әзіл адамның маңызды көріністеріне жатады; ол адамның не нәрсеге болса да , сонымен бірге, өз-өзіне де қатысты қашықтықты иеленіп, өз-өзін толықтай қадағалау мүмкіндігін табыс етеді.

Гештальттерапия – клиенттің қажеттіліктерін неғұрлым нақтырақ сезініп, тұтас бейнеге (гештальтқа) ұластырып, аяқтауына бағытталған әдістер. Гештальттерапияның міндеті әрбір адамға тән организмикалық процестерді ынталандыруда. Ұзақ мерзімді мақсат мінез-құлықтың өнімсіз түрлерінен бас тартып жаңаларына көшу арқылы есеюінде. Гештальттерапия өзекті бес теориялық ұғымдарға негізделеді: ара қатынас фигура – фон; осы шақты сезіну және оған шоғырлану; полярлық; қорғаныс қызметтері; ересектік және жауапкершілік.

Ребефинг - әуеннің арнайы ықпалымен үйлесімділікте холотропты дем алу арқылы сананың өзгерген күйіне қол жеткізу. Нәтижесінде адам қайғыларын жеңіп, қоршаған әлеммен тұтас қатынасқа ие болады.

Әуенге бағдарланған терапия арнайы іріктелген әуеннің көмегімен клиенттің психикасына ықпал етуді болжайтын психологиялық көмек көрсету әдісі.

Арттерапия – психотерапияның өнер туындыларымен және дербес шығармашылықтың негізінде ықпал етуді болжайтын әдісі.

Нейролингвистикалық бағдарламалау (НЛБ) – адамның сөз арқылы өзін бағдарламалауға және кейіннен сол бағдарламаларды өзгертуге мүмкіндік беретін әістемелік әдістердің жүйесі. Адам қатынастары мен мінез-құлықтың осындай үлгісін психотерапияда және іс-әрекеттің басқа да түрлерінде өзара әрекеттестікті жетілдіру мақсатында ұйымдастыру немесе сипаттау үшін тиімді қолдануға болады. Нейролингвистикалық бағдарламалау тұлғаны жетілдіру өнері және ғылым ретінде қарастырылады. Нейролингвистикалық бағдарламалау мінез-құлықты ғана емес, сонымен бірге ойлау тәсілін де қозғайды. Нейролингвистикалық бағдарламалау ой процесін, сезімдер мен сенімдердің дамуын модельдеп, тұлғаның барлық қырларына ықпал етеді. Алайда, ең алдымен, ол адамдар қарым-қатынастарының процестерімен айналысады. Ол төмендегідей постулаттарға негізделеді.

1. Адам белсенділігінің барлық түрлерінің өз бағдарламалары бар. Олардың кейбіреулерінің шығу тегі генетикалық болса, басқалары иландыратын ықпалдар мен стрестік күйзелітердің өзіндік бағдарлануы, нығаюы арқылы қалыптасқан.

2. Бағдарламалардың көбісі сезілмейді, алайда адамның вербалды емес мінез-құлқында және айтқандарының терең құрылымдарында сипатталады.

3. Мінез-құлық пен ойлаудың барлық тиімсіз және патологиялық стереотиптері өткен шақта орынды да пайдалы болған; олар жаңа тәжірибе мен жаңа жағдайларға сай қайта бағдарлана алады.

4. Психологтың клиентпен жұмысы проблемалардың мазмұнының емес «процесінің» негізінде жүзеге асады. Оның серігіне вербалды емес «қосылуы» және тиімді қатынасулардың басқа тәсілдерінің жүзеге асырылуы процесс деңгейінде жұмыс жасаудың мысалы болып табылады.

5. Бақылау сұрақтары:

1.Практикалық психология пәні, мақсаты мен міндеттерін ата.

2.Практикалық психологияда жеке адамды зерттеу мәселелері туралы не білесіз?

3.Классикалық психоанализ дегеніміз не?.

4.Клиентке бағытталған терапия (Гештальт-терапия, логопедия, Адлердің индивидуалдық психологиясы, когнитивті психотерапия, транзактілік талдау, психосинтез, нейролингвистикалық бағдарламалау НЛБ) дегеніміз не?

5.Практикалық психологиядағы жаңа психотехнологиялар және жаңа сарын:процессуалды психология, психобилдинг, каучинг, селф-коучинг, селф-серфинг, ассесмент т.б. туралы не айталасыз?

6. Лекция тақырыптарына сәйкес СӨЖ тапсырмалары:

1.Практикалық психология пәні, мақсаты мен міндеттері.

2.Практикалық психологияда жеке адамды зерттеу мәселелері.

3.Классикалық психоанализ.

3.Клиентке бағытталған терапия.

7. Қажетті әдебиеттер тізімі:

1.Практикалық психологияның теориялық-әдістемелік негіздері [Мәтін]: Оқу құралы / У.И. Ауталипова, С.Т. Бапаева.- Алматы: Отан, 2017.

2.Психологиялық тренинг технологиясына кіріспе [Мәтін]: Оқу құралы / В.Г. Пузиков, А.А. Лиясова.- Алматы: Альманах, 2019.

3.Білім берудегі практикалық психология [Мәтін]: Оқу құралы / З. Балғымбаева, Н. Ахтаева.- 2-ші бас., толықт.- Алматы: Қазақ университеті, 2013.

4.Психологиялық эксперименттің теориясы мен практикасы [Мәтін]: Оқу құралы / Н.С. Ахтаева.- Алматы: Қазақ университеті, 2014.

5.Психология бойынша машықтану. Оқу құралы. Әмірова Б.А., Молдабаева Р.А., Нұрғалиева С.М., Шыныбекова Ж.А. 2018ж.

6.Психологическая служба в школе [Текст]: Учеб.пособие / Н.С. Ахтаева.- Алматы: Қазақ университеті, 2011.

7. Педагогические стереотипы. педагогический имидж: теория и тренинги [Текст]: Научный / Под ред. Ахметова Г.К.- Алматы: Қазақ университеті, 2013.

8.Практическая психология. Сборник кейсов: учебно-методическое пособие. Кабакова М.П., Ферхат Н., Ахметова А.Е., Нуртаева М.М., Есендикова Н.А., [және т.б.], 2014

9.Тәжірибелік психология, 2017. https://aknurpress.kz/reader/web/1254 Қабақова М.П., Әмірова Б.Ә.

10.Взаимоотношения исследовательской и практической психологии (книга), 2015.http://www.iprbookshop.ru/51911.html Артемьева О.А., Богданчиков С.А., Гусельцева М.С., Двойнин А.М., Доценко Е.Л., Дробышева Т.В., Журавлев А.Л., Зеленкова Т.В., Лебедев А.Н., Мазилов В.А., Марцинковская Т.Д., Патяева Е.Ю., Ракитина О.В., Семенов И.Н., Ушаков Д.В., Шадрин Н.С., Юревич А.В.

11.Психопрофилактика в практической психологии образования. Методология и организация. Учебное пособие (книга), 2015.http://www.iprbookshop.ru/37677.html Пахальян В.Э.

12.Практическая психология. Введение (книга). 2015.http://www.iprbookshop.ru/29297.html Пахальян В.Э.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.