Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Алгоритм: «Әр жастағы балаларда тыныс алу жиілігін санау»



13.Алгоритм: «Әр жастағы балаларда тыныс алу жиілігін санау»

Мақсаты: диагностикалық

Көрсеткіші: бақылау

Құралдар - жабдықтар:секундомері бар сағат, қалам, температура парағы.                                                                                                                      

Іс – шара алгоритмі:

1. Науқастың аты, жөңің сәйкестендіріңіз.

2. Баланың анасын емшараның жолымен таныстырыңыз. 

3. Қолды гигиеналық, асептикалық тұрғыдан жуып, кептіріп, жылытыңыз.

4. Баланың кеудесін және ішін бақылау үшін баланы ыңғайлап жатқызу (емшектегі баланың тыныс алуын ұйықтағада санаған жөн).

5. 1минут ішінде кеуде құысының және іштің қозғалысын бақылаңыз.

6. Қарағанда тыныс алу жиілігін есептеу мүмкін болмаса, қолыңызды баланың кеудесіне немесе ішіне қойыңыз, бір минут ішінде санаңыз.

7. 1жасқа дейінгі балалар ішпен дем алу.

8. 1-2 жас аралас дем алу.

9. 3-4 кеудемен дем алу

10. Қыздарда ішпен демалу.

11. Зерттеу нәтижесін температура парағына тіркеңіз.

12. Қолды жуып, кептіріңіз.

Ескерту: ерте жастағы балаларда тыныс алу жиілігін есептегенде фонендоскоп қолдануға болады.

Тыныс алу жиілігі:

- жетіліп туылған балада -40-60 в 1 минут;

- ай-күні жетілмей туған балада - 60-80 в 1 минут;

- 1-2 жас аралығындағы балада – 30-35 в 1 минут;

- 5 жастағы балада – 20-25 в 1 минут;

- 10 жастағы балада – 18-20 в 1 минут;

- 10 жастан жоғары баладарда – 16-18 в 1 минут.

Құжаттандыру:

1. 18 қыркүйек 2009 жылғы Қазақстан Республикасының Кодексі.

2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 23 сәуір 2003 жылғы № 111 бұйрығы.

3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 24 ақпан 2015 жылғы № 127 бұйрығы.

4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 28 ақпан 2015 жылғы № 176 бұйрығы.

 

14. Алгоритм: «Әр жастағы балаларда пульстің жиілігін санау»

Мақсаты: диагностикалық.

Көрсеткіші: бақылау.

Құрал - жабдықтар: секундомері бар сағат, температура парағы, қалам.                                                                                                                 

Іс – шара алгоритмі:

1. Науқастың аты, жөңің сәйкестендіріңіз.

2. Баланы /анасын емшарамен таныстырыңыз.

3. Қолды гигиеналық, асептикалық тұрғыдан жуып, кептіріңіз

4. Баланы ыңғайлап отырғызу немесе жатқызу, бұл кезде қолы салбырамауы керек.

5. Зерттеушінің 2,3,4 саусақтарымен кәріжілік артериясын жайлап басу, артерияның пульсациясын сезу.

6. Сағатты алып, қатаң 1 минутта пульстің жиілігін санаңыз.

7. Зерттеу нәтижесін температура парағына тіркеңіз.

8. Қолды жуып, кептіріңіз.

Ескерту: Балалардың пульсі бір минут ішінде тыныштық жағдайында санаған жөн, пульсі өте өзгермелі (жасына байланысты ерекшеліктері бар),мазасыздану, жылау пульстің жиілеуіне әкеледі.

- Жаңа туған балада -  минутына 120-140

 - Емшек жасындағы балаларда – минутына 110 – 120;

- 2 – 4 жаста – минутына 100-105;

- 11-14 жаста - 80-85

Құжаттандыру:

1. 18 қыркүйек 2009 жылғы Қазақстан Республикасының Кодексі.

2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 23 сәуір 2003 жылғы № 111 бұйрығы.

3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 24 ақпан 2015 жылғы № 127 бұйрығы.

4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 28 ақпан 2015 жылғы № 176 бұйрығы.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.