Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Алгоритм: «Ерте жастағы баланың бас және кеуде айналымын өлшеу»



3. Алгоритм: «Ерте жастағы баланың бас және кеуде айналымын өлшеу»              

Көрсеткіштері:баланың дамуын бағалау

Керекті құралдар: 

-сантиметрлік жолақ;

- стерильді емес резеңке қолғап;

- салфетка;

- 70 % спирт;

- дез. ерітіндісі бар ыдыс, ветошь;

- КБУ;

- баланың даму тарихы, ручка.

Іс – шара алгоритмі:

1. Науқастың аты, жөңің сәйкестендіріңіз.

2. Анасына ( туыстарына ) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндірңіз, келісімін алыңыз.

3. Қолды гигиеналық, асептикалық тұрғыдан жуып, кептіріңіз.

4. Стерильді емес қолғап киіңіз.

 

5. Жөргектеу столдың үстін дез. ерітіндіге матырылған ветошпен сүртіңіз, таза жөргек төсеңіз.

6. Сантиметрлік жолақты екі жағын, 70 % спиртке матырылған салфеткамен сүртіңіз.

7. Баланы жөргектеу столына отырғызыңыз немесе жатқызыңыз.

8. Сантиметрлік жолақты келесі белгілі жерлерге салу:

9. артқы жағында – желке шоғыры

10. алдыңғы жағында – қабақ үсті доғасы.

11. Лентаны бас айналымы бойынша сәйкестіріңіз.

12. Алынған қорытындыны физикалық даму тарихына жазып, анасына көрсеткішін айтыңыз.

13. Сантиметрлік жолақты бала кеудесіне келесі белгілі жерлерге салу:

14. артқы жағында – жауырынның астыңғы бұрышы

15. алдыңғы жағында – емшек ұшы бойымен

16. Баланың қолын түсіріп лентаны сәйкестіріңіз.

17. Алынған қорытындыны физикалық даму тарихына жазып, анасына көрсеткішін айтыңыз.

18. Қолғапты шешіп, контейнерге тастаңыз.

19. Қолды жуып, кептіріңіз.

Құжаттандыру:

1. 18 қыркүйек 2009 жылғы Қазақстан Республикасының Кодексі .

2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 23 сәуір 2003 жылғы № 111 бұйрығы.

3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 24 ақпан 2015 жылғы № 127 бұйрығы.

4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 28 ақпан 2015 жылғы № 176 бұйрығы.

 

4. Алгоритм: «Ауыз қуысын ойылып-уылған балаларға күтім жүргізу»

Мақсаты: емдік

Көрсеткіштері: стоматиттер

Құрал-жабдықтар: 2% натрий гидрокарбонат немесе 10-20% натрий тетракарбонатын, саңырауқұлаққа қарсы препараттар, резина баллоны жұмсақ ұштарымен немесе шприц, стерильді емес  қолғап, маска, алжапқыш, шпатель, стерильді материал (мақта шариктері, дәкелер, мақта тампоны бар ағаш таяқшалар),лоток 2 (біреуі стерилді заттарға арналғын, екіншісі қолданыста болған заттарға арналған), стерильді ыдыс, дез ерітіндісі бар ыдыс, инструменттерге арналған үстел, ҚЖК.

Мүмкін болатын асқынулар:шырышты қабаттың қосымша зықымдалуы.

Іс – шара алгоритмі:

1. Науқастың аты, жөңің сәйкестендіріңіз.

2. Бала/анасына ем-шаранының өткізу мақсатын түсіндіріп, келісімін алыңыз

3. Қолды гигиеналық, асептикалық тұрғыдан жуып, кептіріңіз.

  1. Стерильді емес қолғап киіңіз

5. Керек жабдықтарды дайындаңыз

6. Шаюға арналған дәрілік ерітіндіні дайындаңыз: 1 шай қасық ас содасын 200мл суға.

7. Ауыз қуысын серилді дәке немесе мақтасы бар таяқшамен шаю:

- баланы жөргектеу үстеліне жатқызыңыз, көмекші баланы ұстап тұруға көмектеседі

- қысқышқа дәкені орап алып, дәрілік ерітіндіге малыңыз, қысқышты жаймен қозғалтып, ауыз қуысын өңдеңіз.

8. Ауыз қуысын резиналы балонмен (шприцпен) шаю:

- Баланы көмекшінің алдына отырғызып, сол қолымен маңдайын ұстайды, оң қолымен баланың қолдарын ұстайды.

- Баланың мойнына және кеудесіне алжапқыш жабыңыз, иектің астына лоток қойыңыз.

- Резина баллонға (шприцке) дәрілік ерітіндіні сорып алыңыз, баланың аузын ашып, баллонды (шприцті) ауыз қуысына енгізіңіз.

- Баллонды басып, ағымын қатты таңдайға басып жіберіңіз

- Баллонның басын бір жаққа қаратып, кейіннен екінші жағына қаратып еңкейтіңіз.

9. Баланың бетін кептіріңіз

10. Қолданыста болған құралдарды дез ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз

11. Жұмыс орнын дез ерітіндісімен өңдеңіз

12. Қолғапты шешіп контейнерге тастаңыз.

13. Қолды жуып кептіріңіз.

Құжаттандыру:

1. 18 қыркүйек 2009 жылғы Қазақстан Республикасының Кодексі.

2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 23 сәуір 2003 жылғы № 111 бұйрығы.

3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 24 ақпан 2015 жылғы № 127 бұйрығы.

4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 28 ақпан 2015 жылғы № 176 бұйрығы.

 

 

 

               



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.