Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





жыл, Қаңтар айы. тпелі тақырып «Табиғат әлемі»



2018 жыл, Қаңтар айы

Өтпелі тақырып «Табиғат әлемі»

Мақсаты:Балалардың қимыл әрекетін ұйымдастыра отырып, ересектермен, балалармен еркін қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту. Табиғатта өзін ұстай білу Ережелері мен тірі және өлі табиғат объектілеріне деген ұқыпты қарым-қатынасын дамыту.  Эстетикалық талғамдарын жетілдіру.

Міндеттері:

1. Дене жаттығулары мен сауықтыру шараларына деген қызығушылықтарын күшейту, қимылдық дағдыларын жетілдіру;

2. Шағын әңгімелер құрастыру, ойында әдеби бейнелерді қолдану білім, біліктерін дамыту;

3. Қарапайым зерттеуге қызығушылықтарын туғызу, сенсорлық қабілеттерін жетілдіру,  бекіту;

4. Балалардың дербес тәжірибелік әрекеттерімен байланысты эстетикалық қабылдауларын дамыту;

5. Жеке тұлғаны дамыту, әлеуметтік дағдыларын жетілдіру.

 

Тақырыпша Денсаулық-3 Дене шынықтыру-3 Коммуникация-2,5 Сөйлеуді дамыту-1 Көркем әдебиет-0,5 Драма-0,5 Орыс тілі-0,5 Таным-2,5 Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру-1 Құрастыру-0,5 Жаратылыстану1 Шығармашылық-3,5 Музыка-1,5 Сурет-1 Мүсіндеу-0,5 Аппликация-0,5 Әлеумет-0,5 Қоршаған орта-0,25 Экология негіздері-0,25
І апта "Айналамызда-ғы өсімдіктер"   Дене шынықтыру Негізгі қимылдар: 1.Сапта бір бірден,екеуден аяқтың ұшымен, табанмен, өкшемен жүру. Тізені жоғары көтеріп жүгіру. Бөрене үстімен еңбектеп өту. Қимылды ойын: «Гүлге қарай жүгіреміз»  2. Жүруді жүгірумен, секірумен кезектестіріп бағытты, қарқынды өзгертіп жүру. Тізені жоғары көтеріп жүгіру. Бір орында тұрып екі аяқпен секіру. Алға ұмтыла секіру.Бір орында тұрып оңға солға бұрылып секіру. Қимылды ойын: «Гүлдер жаттығуы» 3.Табанның ішкі жағымен тізені жоғары көтеріп, ұсақ және алшақ адымдап жүру. Аяқты бірге, алшақ қойып,біреуін алға екіншісін артқа қойып бір орында тұрып секіру. Доптарды домалату. Қимылды ойын: «Шыршаны айналамыз»    Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Бөлме гүлдері» Мақсаты: Тілдік ойындар мен жаттығуларды қолдана отырып, балалардың сөздік қорларын дамыту және байыту. Дид-қ ойын: «Жеті қазына» Көркем әдебиет Тақырыбы: «Шырша» өлеңі Е.Өтетілеуұлы Мақсаты:Балаларды жатқа эмоционалды, мәнерлі айта білуге, сөздерді анық айтуын қалыптастыру. Дид-қ ойын: «Шырша ойыншықтары»   ҚМҰҚ Тақырыбы: «Бөлме гүлдері» Мақсаты:5-ке дейін тура және кері санауды жетілдіру. Дид.ойын: «Шырша жаңғақтарын сана» Жаратылыстану Тақырыбы: «Бөлме өсімдіктері» Мақсаты:Бөлме өсімдіктерін атай білу дағдыларын бекіту. Гүлдің бөліктерін атай білу дағдыларын қалыптастыру. Дид.ойын: «Гүл егеміз» Құрастыру Тақырыбы: «Шырша» Мақсаты:Фетрдан шыршаны құрастыру дағдыларын қалыптастыру.Бөліктерді біріктіру үшін желімдерді пайдалану. Үстел-үсті ойыны: «Шыршаны орналастыр» .    Сурет салу Тақырыбы: «Шырша» Мақсаты:Заттардың үлгі бойынша өзіне тән ерекшеліктерін, пішінін пропорциясын сақтай отырып сурет салуға үйретуді жетілдіру. Үстел-үсті ойыны: «Шыршаны безендірейік» Мүсіндеу Тақырыбы: «Шырша жаңғақтары» Мақсаты:Бірнеше бөліктерден заттарды мүсіндеу,оларды орналастыру,пропор- цияны сақтай отырып, бөліктерді біріктіру. Үстел-үсті ойыны: «Жаңғақтарды жина» Музыка Тақырыбы: «Шырша өседі орманда» Мақсаты: Әуенді ойын қимылдарымен көңілді және емін-еркін көрсету. Музыкалық фразаларға сәйкес қимылдарды өзгерту. Әуенді ырғақты қимыл: «Сайқымазақтар биі»  Музыка тыңдау: «В лесу родилась елочка» М.Красева Ән айту: «Шырша жыры» Б.Бейсенова Ойын ойнау:«Шаңғышылар» Қимылды ойын Музыка Тақырыбы: «Шырша өседі орманда» Мақсаты: Әуенді ойын қимылдарымен көңілді және емін-еркін көрсету. Музыкалық фразаларға сәйкес қимылдарды өзгерту. Әуенді ырғақты қимыл: «Сайқымазақтар биі»  Музыка тыңдау: «В лесу родилась елочка» М.Красева Ән айту: «Шырша жыры» Б.Бейсенова Ойын ойнау:«Шаңғышылар» Қимылды ойын  
ІІ апта «Жануарлар әлемі»   Дене шынықтыру Негізгі қимылдар: 1.Қозғалысын бағытын өзгертіп жүру, жыланша ирелеңдеп жүру, бытырап, қосымша қадаммен алға, шет жағына жүру.Қалыпты, аяқтың ұшымен, жүгіру, шеңбер жасап жүгіру. Құрсауларды домалату. Қимылды ойын: «Қасқыр мен қояндар» 2.Жүруді басқа қимылдармен кезектестіріп, белгі бойынша тоқтап жүру.Сапта бір бірден және жұппен,түрлі бағытта отырып жүгіру. Затты жанау арқылы орнынан жоғары секіру.(биіктігі 5-10см). Қимылды ойын: «Қу түлкі» 3.Жетекшінің ауысуымен қарқынды жылдамдатып және ақырын жүгіру.Сызықтар арасымен(10см қаш-та) тепе-теңдікті сақтап жүру. Допты бір-біріне төменнен лақтыру. Қимылды ойын: «Қоян мен қасқыр»       Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Үй жануарлары мен төлдері» Мақсаты:Тілдік ойындар мен жаттығуларды қолдана отырып, балалардың сөздік қорларын дамыту және байыту. Дид-қ ойын: «Не қалай дыбыстайды?»   Драма Тақырыбы: «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісі Мақсаты:Таныс сюжеттер бойынша ертегілерді драмалау. Ертегі желісін ретімен орындау. Дид-қ ойын: «Жануарлардың дауысын сал» Орыс тілі. Тема: «Домашние животные» Цель:Обучение правильному произношению гласных и согласных звуков русского языка.Воспитывать наблюдательность, любазнательность, трудолюбие и бережное отношение к домашним животным. Дид-я игра:«Кто как голос подает?»           ҚМҰҚ Тақырыбы:«Үй жануарлары» Мақсаты:Жиынтық сапасы бойынша әртүрлі заттардан тұратындығы туралы түсініктерін жетілдіру. Дид.ойын: «Төлдерін ата» Жаратылыстану Тақырыбы: «Үй жануарлары қандай?» Мақсаты: Үй жануарларының сыртқы келбеті, қозғалу және қоректену тәсілдері туралы түсініктерін кеңейтіп, білімдерін бекіту. Дид.ойын: «Ненің дауысы?» Құрастыру Тақырыбы: «Жануарларларға қора жасаймыз» Мақсаты:Құрастыру кезінде сәйкес белгілері бойынша біріктіре білу және онымен ойнай отырып шығармашылық қиялдау дағдыларын қалыптастыру. Дид.ойын: «Мекенін тап»           Сурет салу Тақырыбы: «Қоян» Мақсаты:Жануарларды олардың ерекшеліктерін ескере отырып салуға үйретуді дамыту.  Дид.ойын: «Өз мекенін тап»    Аппликация Тақырыбы: «Қонжық» Мақсаты:Жапсыру мазмұнын күрделі ете және әртүрлі бейнелерді жасау үшін мүмкіндіктерін кеңейте отырып, оған қызығушылықты тәрбиелеу. Дид.ойын: «Анасын тап»          Музыка Тақырыбы: «Зообаққа саяхат» Мақсаты: Музыка ырға-ғына сәйкес жануар-ларға тән қимыл-қозғалысты бере білуге талпындыру. Әнді бір мезгілде бастау және аяқтауда мұқият болу. Әуенді ырғақты қимыл: «Қоңыр аю қорбаңбай» А.Еспенбетова  Музыка тыңдау: «Түлкінің әні» Ш.Құлманова Ән айту:«Ақ қоян» А.Айтуова Ойын ойнау:«Не қалай жүреді» П.Левкодимова  
ІІІ апта «Құстар-біздің досымыз» Дене шынықтыру Негізгі қимылдар: 1.Түрлі бағытта жүгіру. Гимнастикалық қабырға бойынша жоғары-төмен кезектескен қадаммен өрмелеу. Басынан асыра лақтыру және оны қағып алу. Қимылды ойын: «Мысық пен торғайлар» 2.Допты қағып алып жүгіру. Биіктігі 5-10см 2-3 заттың үстінен кезектесе секіру.Сызықпен (диаметрі1,5см) тепе-теңдікті сақтап жүру. Қимылды ойын: «Тордағы құстар» 3.Жай қарқында үздіксіз жүгіру ( 50-60метр жүгіру). Затты жанау арқылы орнынан жоғары секіру.Көлденең және көлбеу орындықта төрттағандап еңбектеу. Қимылды ойын: «Құс аулаушы» Сөйлеуді дамыту Тақырыбы:«Жыл құстары» Мақсаты: Жеке тәжірибесінен суреттің мазмұны бойынша шағын әңгімелер құрастыру дағдыларын бекіту. Дид.ойын: «Құстардың атын ата» Көркем әдебиет Тақырыбы: «Қарлығаш» ертегісі Мақсаты: Таныс сюжеттер бойынша ертегілерді драмалау. Ертегі желісін ретімен орындау. Дид.ойын: «Құстарша ән сал»         ҚМҰҚ Тақырыбы: «Құстарға қамқорлық» Мақсаты: Осы заттардың сыңарларын қою негізінде салыстырып, теңдігін немесе теңсіздігін анықтау іскерлігіне жаттықтыруды жалғастыру. Дид.ойын: «Жапалақ»   Жаратылыстану Тақырыбы: «Үй құстары» Мақсаты:Үй құстарын атап, дала құстары мен үй құстарының ерекшеліктерін аңғарту. Олардың  адамға тигізер пайдасы туралы айту.  Құстарды күтуге, баптауға тәрбиелеу. Ойлау, тыңдау қабілеттерін жетілдіру. Дид.ойын:«Әр құсқа өз орны»   Сурет салу Тақырыбы: «Тотықұс» Мақсаты:Құстың үлгі бойынша пішінін, түсін ескере отырып бейнелеу.  Үстел-үсті ойыны: «Тотықұстың әдемі үйі»        Мүсіндеу Тақырыбы: «Тотықұс» Мақсаты:Құстардың мүсінін жасаудың әртүрлі тәсілдерін пайдалану дағдыларын қалыптастыру. Дид.ойын: «Құсты және ұясын құрастыру» (Воскобович ойындары)          Музыка Тақырыбы: «Қанатты достар» Мақсаты: Қыстап қалған құстарға қамқор болуға тәрбиелеу. Балаларды өздігінен баяу-көтеріңкі, жоғары-төмен дыбыстарды ажыратуға үйретуді жалғастыру. Әуенді ырғақты қимыл: «Пингвин» Ж.Молдажанова «Зерек ботақан» жинағынан  Музыка тыңдау: «Қараторғай» Ақан сері Ән айту: «Ақ қоян» А.Айтуова Ойын ойнау:«Қасқыр мен қаздар»            Музыка Тақырыбы: «Қанатты достар» Мақсаты: Қыстап қалған құстарға қамқор болуға тәрбиелеу. Балаларды өздігінен баяу-көтеріңкі, жоғары-төмен дыбыстарды ажыратуға үйретуді жалғастыру. Әуенді ырғақты қимыл: «Пингвин» Ж.Молдажанова «Зерек ботақан» жинағынан  Музыка тыңдау: «Қараторғай» Ақан сері Ән айту: «Зырлайды шанамыз» Д.Мацуцин Ойын ойнау:«Қасқыр мен қаздар» Қоршаған ортамен таныстыру Тақырыбы: «Құстың ұясы» Мақсаты:ересектердің еңбегі туралы білімдерін жетілдіру Дидактикалық ойын: «Үй және дала құстары»
ІVапта «Ғажайып қыс» Дене шынықтыру Негізгі қимылдар: 1.Ұсақ және алшақ адыммен сапта бір-бірден және жұппен түрлі бағытта бытырап жүгіру. 20-25 см биіктіктен секіру. Гимнастикалық орындықта қолдарымен тартылу арқылы ішімен еңбектеу. Қимылды ойын: «Қар кесектері» 2.5метрден 3 рет жүгіру. Сапқа тұру және сап құрылымын өзгертіп қайта тұру.Допты екі қолымен басынан асыра лақтыру. Қимылды ойын: «Көк, сары таяқшалар» 3.Қатарға бір-бірден сапқа, шеңберге тұру. Бір орында тұрып ұзындыққа 4-6 сызықтың үстіне секіру.(сызықтардың ара қаш-ғы 40-50см). Арқанмен (диаметрі 1,5см) тепе-теңдікті сақтап жүру. Қимылды ойын:  «Шанамен ойындар» Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Қар жамылған ағаштар» (сурет бойынша әңгімелеу) Мақсаты: Тілде сөйлемдердің әртүрлі түрлерін, қосымшаларды қолдану дағдыларын қалыптастыру. Дид-қ ойын: «Қайсысы артық?» Драма Тақырыбы: Тақырыбы: «Аяз ата сиқыры» ертегісі Мақсаты:Театрландырылған әрекеттің басқа жұмыс түрі: саусақ театры арқылы сахналау. Дид-қ ойын: «Аяз ата мен Ақшақар» Орыс тілі Тема: «Зима» Цель:.Составление словосочетаний, предложений из 2-3 слов. Учить называть новые слова и фразы по теме «Зима». Внимательно слушать текст рассказа и отвечать на вопросы по его содержанию, упражнять в подборе прилагательных к слову «Зима». Дид-я игра: «Зимой» ҚМҰҚ Тақырыбы: «Шырша ойыншықтары» Мақсаты:Теңдікті кем топқа үстемелей отырып немесе артық топтан бір затты алып тастай отырып, екі тәсілмен орнатуға, «Қанша еді?», «Қаншасы қалды?» сұрақтарына жауап беруді қалыптастыру.                                             Топтарды салыстыру негізінде сандық мәндерді дұрыс талдап қорыта білуді дамыту. Дид-қ ойын: «Аяз атаға көмек» . Жаратылыстану Тақырыбы: «Біздің өлкеге қыс келді» Мақсаты:Табиғат құбылыстары туралы түсініктерін қалыптастыру. Қыс мезгіліндегі табиғатты бақылау дағдыларын дамыту. Дид-қ ойын: «Қыс ерекшелігі»      Сурет салу Тақырыбы: «Аққала» Мақсаты:Заттардың пішінін бейнелеу дағдыларын қалыптастыру.  Дид.ойын: «Ұлпа қарлар»        Аппликация Тақырыбы: «Қысқы көрініс» Мақсаты:Қағаз бетінде бейнелерді құрастыру, одан кейін оларды желімдеу дағдыларын қалыптастыру. Дид.ойын: «Аққала»           Музыка Тақырыбы: «Қыс қызығы» Мақсаты: Таныс шығармаларды ажырата білуге, есте сақтауға дағдыландыру. Әнді сезіммен, нақышына келтіріп айтуға, әуенді тыңдап әңгімелей білуге үйрету. Әуенді ырғақты қимыл: «Буги-вуги» биі  Музыка тыңдау: «Қыс қызығы» И.Нүсіпбаев Ән айту: «Зырлайды шанамыз» Д.Мацуцин Ойын ойнау: «Әуенді сағат» Дидактикалық ойын Экология негіздері Тақырыбы: «Қыс мезгілі» Мақсаты: қыс мезгілінде табиғатты бақылау дағдыларын дамыту Дидактикалық ойын : «Мұздатамын»

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.