Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ЖАЛПЫ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ»



 «ЖАЛПЫ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ»

пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің

ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

(2020 жылдан бастап қолдану үшін бекітілген)

1. Құрастырылу мақсаты:Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыра алу қабілетін анықтау.

2. Міндеті:Келесі білім беру бағдарламалары тобы үшін түсушінің білім деңгейін анықтау:

М097 - Химиялық инженерия және процестер

 Шифр   білім беру бағдармалар тобы

 

3. Тест мазмұны: Тестіге «Жалпы химиялық технология» пәні бойынша типтік оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген. Тапсырмалар оқыту тілінде (қазақша) ұсынылған.

 

Тақырыптың мазмұны Қиындық деңгейі Тапсырмалар саны
Химиялық өндірістің жалпы технологиялық құрылымы Химиялық өндірістің жалпы технологиялық құрылымы. Химиялық өндірістегі негізгі процестер. Негізгі техноло-гиялық компоненттер. Химиялық өндірістің нәтижелілігін сандық және сапалық бағалау көрсеткіштері. Химиялық өнді-рістің технологиялық көрсеткіштері. Химиялық өндірістің экономикалық көрсеткіштері. Химиялық өндірістің техникалық көрсеткіштері. Химиялық өндірістің әлеуметтік көрсеткіштері. А
Химия-технологиялық жүйені талдау, синтездеу және оптималдау ХТЖ-і талдау есептері, талдау түрлері. ХТЖ-ң мате-риалдық және энергетикалық баланстарын есептеу және құрастыру әдістемесі. ХТЖ-і синтездеу және оптималдау есептері. ХТЖ-і дайындаудың негізгі кезеңдері. А
Химиялық айналдырулардың физико-химиялық заңдылықтары Химия-технологиялық процестер (ХТП), ХТП-і жіктеу. ХТП-і термодинамикалық талдау. Химиялық реакциялар-дың тепе-теңдігін есептеу. Тепе-теңдікті ығыстыру заңдары. Тепе-теңдікке температураның әсері. Тепе-тең-дікке қысымның әсері. Тепе-теңдікке концентрацияның әсері. Ле-Шателье принципіндегі температура, қысым және реагенттердің артық мөлшерлері бойынша шектеулер. В
Біртекті химия-технологиялық процестер Біртекті химиялық процестердің жылдамдығы. Процес-тің ең жәй сатысы туралы түсінік. Тиімді температуралар туралы түсінік. Біртекті процестерді үдету жолдары. В
Әртекті химия-технологиялық процестер Әртекті химиялық процестердің жылдамдығы. Әртүрлі жүйелердегі әртекті процестердің кинетикалық моделдері. «Г-Қ» жүйесіндегі әртекті процестер. «Г-С» жүйесіндегі әртекті процестер. «С-Қ» жүйесіндегі әртекті процестер. Әртекті процестердің элементарлы сатылары мен жүру аймақтары. Әртекті процестердің ең жәй сатысын анықтау әдістері. Әртекті процестерді үдету жолдары. В
Әртекті-катализдік процестер Катализдік процестердің жалпы сипаттамасы. Катализатордың химиялық реакцияның механизміне әрекет ету принципі. Катализдік процестерді жіктеу. Қатты катализаторлардың технологиялық сипаттамалары. Өнеркәсіптік катализаторларға қойылатын талаптар. Әртекті-катализдік процестердің кинетикасы. Әртекті-катализдік процестерді үдету жолдары. С
Химиялық реакторлар Ағындарының құрылымы идеал химиялық реакторлар Идеал араластыру реакторы. Мерзімді идеал араластыру реакторы. Тұрақты ережедегі ағынды идеал араластыру реакторы. Идеал ығыстыру реакторы. Идеал араластыру реакторларының тізбегі (ИАРТ). Ағынды идеал араластыру және идеал ығыстыру реакторларының нәтижелілігін салыстыру. Ағындарының құрылымы идеал емес химиялық реакторлар Ағынды реакторлардың идеалдықтан ауытқу себептері. Нақты гидродинамикалық ережедегі реакторлардың моделдері. Ұяшықты модель. Бірпараметрлік диффузиялық модель. С


  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.