шифр білім беру бағдармалар тобы
3. Тест мазмұны мен жоспары:Тестіге «Тау-кен кәсіпорындарының құрылысы» пәні бойынша типтік оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген. Тапсырмалар оқыту тілінде (қазақша) ұсынылған.
№ |
Тақырыптың мазмұны |
Тапсырмалар саны |
Қиындық деңгейі | |
Кіріспе. Тау-кен кәсіпорындарын салудың жалпы мәселелері. | А-2 | |||
Тау-кен кәсіпорындарын жобалау мен салу принциптері. | А-1, В-1 | |||
Тау-кен кәсіпорындарының құрылысы туралы жалпы мәліметтер. | А-1, В-1, С-1 | |||
Тау-кен кәсіпорындары құрылысының дайындық кезеңінің жұмыстары. | В-1, С-1 | |||
Тау-кен кәсіпорнының жербетіндегі тау-кен техникалық ғимараттарын (үймереттер мен ғимараттарын) салу технологиясы. | А-1, В-1 С-1 | |||
Тік оқпандар құрылысының технологиясы. | А-1, В-1 С-1 | |||
Оқпан албарының қазбаларын жүргізу. Оқпанмен түйісетін қазбалардың құрылысы. | В-1 | |||
Жазық қазбаларды өту әдістері (технологиясы) | В-1, С-1 | |||
Көлбеу қазбаларды өту технологиясы. | В-1, С-1 | |||
Тестінің бір нұсқасында тапсырмалар саны |
4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:
Тест тапсырмаларының мазмұны курстың негізгі ғылыми және теориялық базаларын толығымен қамтиды, түсушілердің білімді меңгеруін бағалауға мүмкіндік береді.
5. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:
Бір тапсырманы орындау уақыты – 2,5 минут.
Тест орындалуының жалпы уақыты – 50 минут.
6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:
Тестінің бір нұсқасында – 20 тапсырма.
Қиындық деңгейі бойынша тест тапсырмаларының бөлінуі:
- жеңіл (A) – 6 тапсырма (30%);
- орташа (B) – 8 тапсырма (40%);
- қиын (C) – 6 тапсырма (30%).
7. Тапсырма формасы:
Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.
8. Тапсырманың орындалуын бағалау:
Түсуші тест тапсырмаларында берілген жауап ңұсқаларынан дұрыс жауаптың барлығын белгілеп, толық жауап беруі керек. Толық жауапты таңдаған жағдайда түсуші 2 балл жинайды. Жіберілген бір қате үшін 1 балл, екі немесе одан көп қате жауап үшін түсушіге 0 балл беріледі. Түсуші дұрыс емес жауапты таңдаса немесе дұрыс жауапты таңдамаса қате болып есептеледі.
9. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
[1] Бегалинов Ә. Шахта және жерасты ғимараттары құрылысының технологиясы. Жоғары оқу орындарына арналған 2 томдық оқулық. І-том. Тік оқпандар құрылысының технологиясы. Алматы: ҚазҰТУ 2011. -376 б.
[2] Бегалинов Ә. Шахта және жерасты ғимараттары құрылысының технологиясы. Жоғары оқу орындарына арналған 2 томдық оқулық. ІI-том. Жазық және көлбеу жерасты қазбаларының құрылысының технологиясы. Алматы: ҚазҰТУ 2011. -432 б.
[3] Жәркенов М.І. Жерасты ғимараттарының механикасы және бекітпелердің конструкциялары. Оқулық, Қаз ҰТУ, Алматы, 2007. 211 б.
[4] Сердалиев Е.Т. Таужыныстарын бұрғылап-аттырып қопару. Оқулық. Алматы, «Дәуір» баспасы, 2011. - 360б.
[5] Картозия Б.А., Федунец Б.И., Шуплик М.Н. Шахтное и подземное строительство. Учебник для ВУЗ-ов. 3-е издание в 2 томах. Издательство МГГУ, 2003. 1-том. -732с.
[6] Картозия Б.А., Федунец Б.И., Шуплик М.Н. Шахтное и подземное строительство. Учебник для ВУЗ-ов. 3-е издание в 2 томах. Издательство МГГУ, 2003. 2-том. -815с.
[7] Битимбаев М.Ж., Шапошник Ю.Н., Крупник Л.А. Взрывное дело. «Print-S», 2012. -822с.
[8] Кутузов Б.Н. Разрушение горных пород взрывом Учебник. МГГУ, Москва, 1994. - 306с.
[9]. Насонов И.Д., Федюкин В.А., Шуплик М.Н. Технология строительства подземных сооружений. Ч. І и ІІ – Москва: «Недра», 1983.
|
© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.
|
|