Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Оқудың соңғы нәтижесі



 

 

 

Оқытушылар туралы мәлімет:

    1. Алимбекова Лейла Тасовна –медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, «Пропедевтика және ішкі аурулар» кафедрасының меңгерушісі.

Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы Пульмонологиялық науқастардың тексеру тәсілдерінің іске асырылуы және емі.

Ғылыми және әдістемелік еңбектері: 100-ге жуық жарияланымдар, оның ішінде 2 оқу құрал, 2 дәрістер жинағы, 25 – оқу әдістемелік құралдары бар.

   Байланыс ақпараты: ОҚО. Түркістан қаласы. Б.Саттарханов көшесі, №2 медицина ғимараты, медицина факультеті, Пропедевтика және ішкі аурулар кафедрасы (212 бөлме). Тел. 872533-63636 (ішкі 217).

    2.Рахымбердиев Данияр Сапарханұлы –медицина ғылымдарының кандидаты, «Пропедевтика және ішкі аурулар» кафедрасының доценті міндетін атқарушы, терапия блогы бойынша оқытушы.

Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы Қант диабеті және оның асқынуларын анықтау және емдеу әдістерін жетілдіру.

Ғылыми және әдістемелік еңбектері:

77 ден аса жарияланымдар, оның ішінде 31 мақала, 15 тезистер, 2 дәрістер жинағы, 31 оқу әдістемелік құрал.

Байланыс ақпараты: ОҚО. Түркістан қаласы. Б.Саттарханов көшесі, №2 медицина ғимараты,  медицина факультеті, Пропедевтика және ішкі аурулар кафедрасы (226 бөлме).

3. Дәулетова Меруерт Дайрабайқызы– м.ғ.к.,кафедраның доценті міндетін атқарушы.

Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы – Артериялық гипертензия және оның асқынуларын анықтау және емдеу әдістерін жетілдіру.

Ғылыми және әдістемелік еңбектері: 60-ан астам жарияланымдар, оның ішінде 2 дәрістер жинағы, 21 оқу әдістемелік құрал.

Байланыс ақпараты: ОҚО. Түркістан қаласы. Б.Саттарханов көшесі, №2 медицина ғимараты, медицина факультеті, «Пропедевтика және ішкі аурулар» кафедрасы (226бөлме).

3. Мамутова Арзу Есқуатқызы- –медицина ғылымдарының кандидаты, «Пропедевтика және ішкі аурулар» кафедрасының аға оқытушысы, терапия блогы бойынша оқытушы.

Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы Созылмалы бруцеллездің клиникалық көріністерінің ауыр металл тұздарымен улану жағдайындағы ерекшеліктері мен емдеу тәсілдері..

Ғылыми және әдістемелік еңбектері: 49 дан аса жарияланымдар, оның ішінде 20 мақала, 15 тезистер, 16 оқу әдістемелік құрал.

Байланыс ақпараты: ОҚО. Түркістан қаласы. Б.Саттарханов көшесі, №2 медицина ғимараты, №2 медицина факультеті, Пропедевтика және ішкі аурулар кафедрасы (226 бөлме).

4. Асқарова Салтанат Сейілбекқызы –медицина ғылымдарының кандидаты, «Пропедевтика және ішкі аурулар» кафедрасының аға оқытушысы, терапия блогы бойынша оқытушы.

Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы Абдоминалды семіздікте жүрек –тамыр жүйесінің аурулары мен 2 типті қант диабетінің даму қаупі және олардың коррекциясы.

Ғылыми және әдістемелік еңбектері:

20 дан аса жарияланымдар, оның ішінде17 мақала, 4 тезистер, 2 оқу әдістемелік құрал.

Байланыс ақпараты: ОҚО. Түркістан қаласы. Б.Саттарханов көшесі, №2 медицина ғимараты,  медицина факультеті, Пропедевтика және ішкі аурулар кафедрасы (226бөлме).

5. Алшымбаев Кемелбек Сұлтанбекұлы – медицина ғылымдарының кандидаты,фтизиатрия блогы бойыншаоқытушы.

Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы – «Орта деңгейлі қалалардың медико–демографиялық сипаты және тұрғындарының денсаулық динамикасын бағалау».

Ғылыми және әдістемелік еңбектері: 10-нан аса жарияланымдар, оның ішінде 13 ғылыми жарияланым, 4 мақала, 8 тезис.

Байланыс ақпараты: ОҚО. Түркістан қаласы. Б.Саттарханов көшесі, медицина факультеті, арнайы клиникалық пәндер кафедрасы (107 бөлме). Моб. 87017863267

Тел. 872533-63636 (ішкі 1296).

6. Төлепбергенова Бағира Алдабергенқызы– оқытушы, терапия блогы бойынша оқытушы.

Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы – «Жүрек-қан тамыр жүйесі ауруларының алдын алу, емдеу және қалпына келтіру» атты тақырып бойынша ғылыми-ізденіс жұмысын жүргізуде.

Ғылыми және әдістемелік еңбектері: 74 жарияланымдар, оның ішінде 35 мақала, ғылыми көпшілік мақала 10, 14 тезис, 23 оқу-әдістемелік құрал. 

Байланыс ақпараты: ОҚО. Түркістан қаласы. Б.Саттарханов көшесі, №2 медицина ғимараты,  медицина факультеті, Пропедевтика және ішкі аурулар кафедрасы (226бөлме).

 

7. Сайденова Мадина Абдукадырқызы– оқытушы, терапия блогы бойынша оқытушы.

Байланыс ақпараты: ОҚО. Түркістан қаласы. Б.Саттарханов көшесі, №2 медицина ғимараты,  медицина факультеті, Пропедевтика және ішкі аурулар кафедрасы (226бөлме).

Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы – «Қант диабеті кезіндегі диета ерекшеліктері» атты тақырып бойынша ғылыми-ізденіс жұмысын жүргізеді.

Ғылыми және әдістемелік еңбектері: 18 жарияланымдар, оның ішінде 6 мақала, 5ғылыми көпшілік мақала, 2 оқу-әдістемелік құрал. 

Байланыс ақпараты: ОҚО. Түркістан қаласы. Б.Саттарханов көшесі, №2 медицина ғимараты, медицина факультеті, пропедевтика және ішкі аурулар кафедрасы (226 бөлме).

       8. Андабасова Алия Сагидуллатқызы– оқытушы, терапия блогы бойынша оқытушы.

Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы – «Бауыр ауруларын дәстүрлі емес емдеу жолдары» атты тақырып бойынша ғылыми-ізденіс жұмысын жүргізеді.

Ғылыми және әдістемелік еңбектері: 7- ғылыми көпшілік мақала, 3 оқу- әдістемелік құрал.

Байланыс ақпараты: ОҚО. Түркістан қаласы. Б.Саттарханов көшесі, №2 медицина ғимараты,  медицина факультеті, пропедевтика және ішкі аурулар (226 бөлме).

9. Байметова Камола Кахарқызы- магистр оқытушы, терапия блогы бойынша оқытушы.

Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы – «Қалқанша безі ауруларының психосоматикалық механизмдері» атты тақырып бойынша ғылыми-ізденіс жұмысын жүргізеді.

Ғылыми және әдістемелік еңбектері: 4-тен аса жарияланымдар, оның ішінде 2 ғылыми жарияланым, 1 ғылыми көпшілік мақала, 1 тезис.

Байланыс ақпараты: ОҚО. Түркістан қаласы. Б.Саттарханов көшесі, №2 медицина ғимараты, №2 медицина факультеті, пропедевтика және ішкі аурулар (226 бөлме).

10. Абдирамашева Қанағат Сқаққызы – оқытушы.

Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы – «Теміртапшылықты анемияларды емдеу ерекшеліктері» атты тақырып бойынша ғылыми-ізденіс жұмысын жүргізуде.

 Ғылыми және әдістемелік еңбектері:

10-нан астам жарияланымы бар, оның ішінде 4 мақала, 8 ғылыми көпшілік мақала, 3 оқу-әдістемелік құралы жарық көрген.

 Байланыс ақпараты: ОҚО. Түркістан қаласы. Б.Саттарханов көшесі, №2 медицина ғимараты, медицина факультеті, «Пропедевтика және ішкі аурулар» кафедрасы (226 бөлме).

11. Алиева  Ләззат Нәлібекқызы – оқытушы.

Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы – «Қант диабетінің 2 типінің жасөспірімдер арасында кездесу жиілігі.» атты тақырып бойынша ғылыми-ізденіс жұмысын жүргізуде.

Ғылыми және әдістемелік еңбектері: 10 ғылыми мақалары, 1 ғылыми көпшілік мақаласы, 3  оқу-әдістемелік құралы жарық көрген.

Байланыс ақпараты: ОҚО. Түркістан қаласы. Б.Саттарханов көшесі, медицина №2 ғимараты, медицина факультеті, «Пропедевтика және ішкі аурулар» кафедрасы (226 бөлме).

12.Дюсебаева Гүлжан Рысбайқызы – оқытушы.

Өнертабыстық  ғылыми қызығушылығы – «2-14 жас аралығындағы балалардағы семіздіктің кездесу жиілігі» атты тақырып бойынша ғылыми-ізденіс жұмысын жүргізуде.

Ғылыми және әдістемелік еңбектері: 3 мақаласы, 1 оқу-әдістемелік құралы жарық көрген.

Байланыс ақпараты: ОҚО. Түркістан қаласы. Б.Саттарханов көшесі, №3 медицина ғимараты, медицина факультеті, «Пропедевтика және ішкі аурулар» кафедрасы (226 бөлме).

14.   Кипчахбаева Гульмира Бейсеновнаоқытушы, жұқпалы аурулар блогы бойынша оқытушы.

Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы – «Конго қанды гемморагиялық безгегінің кездесу жиілігі» атты тақырып бойынша ғылыми-ізденіс жұмысын жүргізеді.

Ғылыми және әдістемелік еңбектері: 2 ғылыми көпшілік мақала

Байланыс ақпараты: ОҚО. Түркістан қаласы. Б.Саттарханов көшесі, №2 медицина ғимараты, медицина факультеті, арнайы клиникалық пәндер кафедрасы (251 бөлме). Тел. 872533-63636 (ішкі 1296).

15. Нурманова Нургул Жұмаханқызы, терапия блогы бойынша оқытушы.

Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы – «Метаболикалық синдромы бар адамдарда бронхтық демікпесінің кездесу жиілігі» атты тақырып бойынша ғылыми-ізденіс жұмысын жүргізеді.

Ғылыми және әдістемелік еңбектері: 1 ғылыми көпшілік мақала, 1 тезис.

Байланыс ақпараты: ОҚО. Түркістан қаласы. Б.Саттарханов көшесі, №2 медицина ғимараты,  медицина факультеті, пропедевтика және ішкі аурулар (226 бөлме).

16.Мамбетов Галымжан Елтиярович.- -фтизиатрия блогы бойыншаоқытушы.

Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы- «Туберкуледі емдеу кезінде шұбаттың әсері»

Ғылыми және әдістемелік еңбектері: 7-нан аса жарияланымдар, Байланыс ақпараты: ОҚО. Түркістан қаласы. Б.Саттарханов көшесі, медицина факультеті, арнайы клиникалық пәндер кафедрасы (107 бөлме). Моб. 87753034555

Пәннің саясаты:Ясауи атындағыХҚТУ-і медицина кластерінің 2015-2016 оқу жылындағы «Медициналық білім беру саласындағы педагогикалық стратегия» талаптарына сәйкес студенттің білімін бағалау формативті (электронды журналға енгізілмейтін) және суммативті (қорытынды сабақ, аралық бақылау, емтихан) түрде жүргізіледі.

Университеттің оқу үдерісін ұйымдастыру және емтихан регламентінің 7 бабына сәйкес студенттердің сабаққа қатысуы міндетті. Студенттің сабаққа келмеген күндері, әрбір семестр бойынша жеке есептегенде жалпы оқу бағдарламасындағы сағат мөлшерінің 10% аспауы тиіс. Денсаулығы бойынша сабаққа келмеген күндері осы пайыздық шектеу ішіне кірмейді. Денсаулығы туралы анықтамасы университет клиникасына немесе АИ–да үш күнде тіркеліп, сабаққа деканаттан өтеуге рұқсат қағазымен келуі тиіс. Себепті жіберген сабақтарын блокқа дейін өтеуі қажет. Студент сабаққа қатыспаған кезде өтілген тақырыптарды және пән оқытушысы тарапынан берілген тапсырмаларды өз бетінше орындауы қажет. Сабаққа келмеген студенттер үшін өтілген сабақ қайталанбайды.

Студент семестр соңындағы немесе оқу жылы соңындағы емтиханға кіруі үшін, денсаулығына байланысты сабақтан қалған күндерін есептемегенде, пән бойынша аудиториялық сабақтардың ең кемі 90%-на қатысуы қажет. Сабақтарға қатыспауына немесе өтпелі балл жинай алмауына байланысты емтиханға жіберілмейтіні туралы, сессия басталмас бұрын пән оқытушысы тарапынан студентке хабарланады. Сессия басталмас бұрын кафедра меңгерушісінің ұсынысы негізінде ол студент деканат тарапынан емтиханға жіберілмейді. 

2.1. Кіріспе.

Ішкі аурулар медицинаның негізін қалаушы пән. «Жалпы медицина» мамандығының 4-ші курсында «Ішкі аурулар» пәнінің профилдік маңызы бар.

Осы пәнді оқытудың негізгі мақсаты – студенттерге айғақтық медицина принциптері тұрғысынан анағұрлым кең тараған аурулардың диагностикасын және емін үйрету.

Ішкі ауруларды оқытудың квалификациялық талаптарға сәйкес келетін - кең тараған аурулардың сипатты көріністерін анықтау, алдын-алу сұрақтары бойынша және халықтың денсаулығын нығайту мәселесінде кәсіби сауатты медицина бакалаврын дайындауда үлкен маңызға ие.

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің медицина мамандықтарының түлектерін оқытудың соңғы нәтижелеріне сәйкес оқу курсы келесі құзіреттіліктердің дамуына бағытталған.

 

Білім алу деңгейі Рөлдермен берілген құзіреттіліктер Салыстырмалы үлестірілімі
Б1.1 ҒАЛЫМ, ЗЕРТТЕУШІ - БІЛІМІН ҚОЛДАНУ (1): медициналық емес, биомедициналық, клиникалық, әлеуметтік ғылымдарды тәжірибе жүзінде қолданады   0,2
Б2.1   ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ - КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ДАҒДЫЛАР (1): Әртүрлі жағдайда, науқастармен жұмыс жасаған кезде, коммуникациялық дағдыларды меңгергендігін көрсете алады;   0,3  
Б2.2 ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ - НАУҚАСТЫ ЖҮРГІЗУ (1): науқастың шағымын сұрастыру, анамнезін сұрастыру, физикальды зерттеу жүргізу, диагноз құрастыру, қосымша зерттеу жоспарын құру, зерттеу нәтижелерін талдау секілді дағдыларды көрсете біледі. 0,3
Б2.3  МЕДИЦИНАЛЫҚ ПРОЦЕДУРАЛАР: Бакалавр дәрежесіне сәйкес стандартты медициналық процедураларды жасай алатындығын көрсетеді.  0,2

 

2.2. Пәннің мақсаты: кең тараған ішкі ағза ауруларының диагностикасы, емі және алдын-алу шаралары бойынша білімдерін және машықтануын қалыптастыру.

2.3. Оқытудың мақсаттары:

  1. Ішкі аурулар клиникасында аурулардың диагностикасының, зерттеулерінің және емдеу әдістерінің негізгі принциптерін үйрету.
  2. Тұлға аралық қарым-қатынасты және пациенттерге кеңес беру дағдыларын жетілдіру.

2.4. Оқудың соңғы нәтижесі

Білім алу деңгейі Рөлдермен берілген құзіреттіліктер Оқытудың соңғы нәтижелері (бағалау әдісі)
Б1.1 ҒАЛЫМ, ЗЕРТТЕУШІ - БІЛІМІН ҚОЛДАНУ Білім (когнитивті) домені: Қолданады: осы пәнді игеру барысында пререквизиттерден және осы пәннен алған білімін қолданады. Дағдылар (психомоторлы) домені: Дәлділік: презентация жасауды дәлділікпен орындайды. Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үйлестіреді: іс-әрекетінде ғылыми жаңалықтардың құндылықтарын үйлестіреді.
Б2.1   ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ - КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ДАҒДЫЛАР  Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үйлестіреді: науқаспен, оның туыстарымен, әріптестерімен және басқа да медициналық қызметкерлермен барынша сенімді қарым-қатынас орнату және топта жұмыс істеу бойынша коммуникациялық дағдылар принциптерінің құндылыктарын үйлестіреді.
Б2.2 ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ - НАУҚАСТЫ ЖҮРГІЗУ Білім (когнитивті) домені: Анализ: Қажетті клиникалық-зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерін таңдауды және алынған нәтижелерді талдауды біледі. Дағдылар (психомоторлы) домені: Дәлділік: жүйелер бойынша сұрастыру, қарау, пальпация, перкуссия және аускультация жүргізуді, диагноз құрастыруды, науқастың емдеу жоспарын және реабилитациясын құруды және т.б. дағдыларды дәлділікпен жасайды. Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үйлестіреді және ұйымдастырады: жасаған іс-әрекетінің құндылыктарын үйлестіре отырып, дұрыс ұйымдастырады.
Б2.3.  МЕДИЦИНАЛЫҚ ПРОЦЕДУРАЛАР Дағдылар (психомоторлы) домені: Дәлділік: бакалавр дәрежесіне сәйкес қан қысымын өлшеуді және пульсті санауды, ЭКГ жазуды, пикфлуометрия өткізуді, қандағы қант деңгейін глюкометрмен анықтау процедураларын дәлділікпен  жасайды. Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үйлестіреді және ұйымдастырады: жасаған іс-әрекетінің құндылыктарын үйлестіре отырып, дұрыс ұйымдастырады

Оқудың соңғы нәтижесін талдау:

Студент білуі тиіс:

  1. Кең тараған ішкі ағза ауруларының этиологиясын және патогенезін;
  2. Кең тараған ішкі ағза ауруларының жіктемесін, клиникасын, ағымын, асқынуларын және болжамын;
  3. Клиникалық-зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерінің заманауи әдістерін;
  4. Кең тараған ішкі ағза ауруларын заманауи емдеу принциптерін;

5. Жиі кездесетін жұқпалы аурулардың эпидемиологиясын;

6. Жұқпалы аурумен ауыратын науқастарды курациялау ерекшеліктерін;

7. Кең тараған жұқпалы аурулардың клиникалық әйгіленімін, диагностикалау мен емдеу принциптерін;

8. Жұқпа ошағында эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру принциптерін;

9. Фтизиатриялық қызметті ұйымдастыру принциптерін, кеуде ағзаларына сараланған флюорографиялық тексеру өткізу тәртібін;

10. Туберкулездің этиологиясын, клиникалық әйгіленімін;

11. Ауру қаупі жоғары топтарда туберкулезді ерте диагностикалау әдістерін.

Студент жасай алуы тиіс:

1. Науқастың анамнезін жинауды;

2. Объективті тексеру әдістерін қолдануды;

3. Қажетті клиникалық-зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерін таңдауды және алынған нәтижелерді талдауды;

4. Науқасты емдеу жоспарын және реабилитациясын құруды;

5. Науқаспен, оның туыстарымен, әріптестерімен және басқа да медициналық қызметкерлермен барынша сенімді қарым-қатынас орнатуы, коммуникативті дағдыларды игеруі.

6. Топта жұмыс істеуді.

Дағдыларды игерген болуы тиіс:

  • Науқасты қарауды, пальпация, перкуссия және аускультация жүргізуді;

Студент игеруі тиіс:

  • Қан қысымын өлшеуді және пульсті санауды;
  • ЭКГ жазу және қалыпты жағдайдағы және миокард инфарктындағы ЭКГ-ны талдауды;

· Пикфлуометрия өткізуді;

· Қандағы қант деңгейін глюкометрмен анықтау.

 

2.5. Пәннің алғы және кейінгі реквизиттері:

Пәннің алғы реквизиттері: патологиялық физиология, патологиялық анатомия, микробиология, фармакология, ішкі аурулар пропедевтикасы, визуальды диагностика, коммуникативті дағдылар 1, 2, эпидемиология, жалпы иммунология, айғақты медицина негіздері.

Пәннің кейінгі реквизиттері:жалпы дәрігерлік тәжірибе, жедел шұғыл медициналық жәрдем, психиатрия, наркология және неврология, ішкі аурулар интернатурасы, жалпы дәрігерлік тәжірибе бойынша интернатура.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.