Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Бағдарламалау» пәні бойынша



«Бағдарламалау» пәні бойынша

магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің

ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

(2020 жылдан бастап қолдану үшін бекітілген)

 

1. Мақсаты:Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыра алу қабілетін анықтау.

2. Міндеті: Келесі білім беру бағдарламалары тобы үшін түсушінің білім деңгейін анықтау:

М012

Информатика  педагогтерін даярлау (қазақ, орыс, ағылшын тілі)

3. Тест мазмұны:

Тақырыптың мазмұны Қиындықдеңгейі Тапсыр малар саны
Алгоритмдер және есептерді шығару кезеңдері 2-А 2-В 1-С
Программалау тілдерінің базалық элементтері 2-А 2-В 2-С
Мәліметтер типтерінің түсінігі және түрлері 2-А 3-В 2-С
Мәліметтердің базалық құрылымдары 2-А 2-В 2-С
Функциялар   1-А 3-В 2-С

Тестінің бір нұсқасындағы тапсырмалар саны

 

4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

Тест тапсырмаларының мазмұнында программа құру методологиясы, жобалау және бағдарламалауда қолданылатын технологиялар туралы көзқарастың қалыптасу деңгейін анықтау тапсырмалары қарастырылған.

Емтихан тапсыратын талапкерлер:

- бағдарламаларды жобалаудың әдістері мен тәсілдерін топтастыра білулері;

- бағдарламалық өнімді құру кезеңдерін білулері;

- бағдарламалық құралдардың ішкі құрылымы мен ұйымдастырылуы туралы ұғымның қалыптасу деңгейін көрсетулері;

- типтік бағдарламалау жүйелерінің қызмет ету принциптерін білулері;

- базалық бағдарламалау тілдерінің алфавит, синтаксис және семантикасын білулері;

- базалық бағдарламалау тілдерінің инструментальды құралдарымен жұмыс істеу дағдыларын көрсетулері;

- қандай да бір есептерді практикада жүзеге асыру үшін бағдарламалық қосымшаларды құру біліктіліктерін керек.

5. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:

Бір тапсырманы орындау уақыты – 2 минут
Тест орындалуының жалпы уақыты – 60 минут

6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:

Тестінің бір нұсқасында – 30 тапсырма.

Қиындық деңгейі бойынша тест тапсырмаларыныңбөлінуі:

- жеңіл (A) – 9 тапсырма (30%);

- орташа (B) – 12 тапсырма (40%);

- қиын (C) – 9 тапсырма (30%).

7. Тапсырма формасы:

Тест тапсырмалары жабық формада беріледі. Ұсынылған бес жауап нұсқасынан біржауапты таңдаукерек.

8. Тапсырманың орындалуын бағалау:

Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін студентке 1 балл береді, одан басқа жағдайда - 0 балл беріледі.

9.Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1. Б.Страуструп. Программалау. С++ тілін пайдалану қағидалары мен тәжірибесі: 1-том, Оқулық/ Б.Бөрібаев, М.Абдрахманова, -Алматы, 2013 - 688б.

2. Б.Страуструп. Программалау. С++ тілін пайдалану қағидалары мен тәжірибесі: 2-том, Оқулық/ Б.Бөрібаев, С.Адилгажинова, -Алматы, 2014-764б.

3. Б.Бөрібаев С/С++тілінде программалау (практикалық курс) оқу құралы-Алматы: Эвро, 2015-320 б.

4. Андрей Тюгашев. Языки программирования. Учебное пособие. — СПб.: Питер, 2014 г. — 336 стр.

5. Сергей Орлов. Теория и практика языков программирования. — СПб.: Питер, — 2013 г. — 688 стр.

6. Брайан У. Керниган, Роб Пайк. Практика программирования. — М.: Вильямс, 2015 г. — 288 стр.

7. Брайан У. Керниган, Деннис М. Ритчи

 Язык программирования C. — М.: Вильямс, 2015 г. — 304 стр.

8. Бьерн Страуструп. Язык программирования С++. — М.: Бином, 2011 г. — 1163 с.

9. Стивен Прата. Язык программирования C. Лекции и упражнения. — М.: Вильямс, 2015 г. — 928 стр.

10. Брюс Эккель. Философия Java — Питер 2015 г. — 1168 стр.

11. Марк Лутц. Изучаем Python. — М.: Символ-Плюс, 2011 г. — 1280 стр.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.