Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ІІ Қылмыстарды ашу және тергеп-тексеруде жедел-криминалистикалық бөліністердің рөлі.



2.1. Маман-криминалистің қарап-тексеру тергеу әрекетіне қатысуы.

 

Қылмысты оқиға бір адамның немесе бірнеше адамдардың белгілі бір әрекет - қимылдарынан тұратындықтан ол айналадағы ортаға әсер етіп, сол қылмыс жасалған жерде көптеген іздер қалдырады [11, 56]

Криминалистикада іздер деген түсінік екі мағынада қолданылады. Тар мағынада із деп бір объектінің таңбасы, келбеті айтылады (қолдың ізі, аяқ киімнің ізі, тағы басқасы). Ал жалпы кең мағынада қылмыс іздері деген ұғымға оқиға болған жерде қалған заттар, қираған, сынған нәрселер және қылмысқа байланысты айналада болған өзгерістердің бәрі жатады. Осы өзгерістердің бәрін негізге ала отырып, оқиға болған жерді қарап-тексеру үстінде оқиғаның қалай болғанын, оның механизмі жөнінде белгілі бір болжаулар жасалынады. Оқиға болған жерді қарап-тексерудің маңызы, әрине мұнымен шектелмейді. Себебі, қарап-тексеру үстінде қылмысқа байланысты іздерді, айғақ заттарды, өте құнды заттарды табылады олар дәлелдеме есебінде пайдаланылады.

Оқиға болған жерді қарап-тексеру Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексінің 219, 220, 221-баптарына сәйкес жүргізіледі.

Оқиға болған жер және қылмыс болған орын деген екі түсінікті ажырата білу керек. Оқиға болған жер деп - жасалған қылмыстың іздері табылған аула немесе бөлме аумағын айтады. Мұнда ескеретін бір жай, қылмыс іздер табылған жерде де және басқа да жерде жасалуы мүмкін. Қылмыс болған орын деп тікелей қылмыс жасалған немесе қылмыстық нәтиже пайда болған жерде айтады. Қылмыс іздері бұл жерден басқа жерде табылуы мүмкін. Оқиға болған жер қылмыс болған орынмен сәйкес келуі мүмкін және сәйкес келмеуі де мүмкін. Мысалы, кісіні пәтерде өлтіріп, оны бөлшектеп сойғаннан кейін (қылмыс орны) мәйіт бөлшектері орман, көл және басқа да жерлерге апарып тығылады. Әрбір мәйіт бөлшегі табылған орын оқиға болған жер ретінде қарастырылады.

Енді осы аталған қарап-тексерулерге жеке - жеке тоқталсақ, бірінші оқиға болған жерді қарап-тексеруді қарастырайық. Оқиға болған жерді қарап-тексерудегі оқиға жағдайларын анықтауға маңызы бар қылмыс іздері мен басқа да мәліметтерді, сондай - ақ оқиға болған жердің жағдайын мақсатты түрде тез арада қарастырып, зерттеп және бекітіп алуға бағытталған тергеу әрекет болып табылады. Оқиға болған жерді қарап-тексеру тергеу әрекеті есебіндегі маңызын дұрыс ұғыну үшін алдымен оның түсінігіне тоқталайық. Біріншіден оқиға болған жер деген түсінікке оқиға болған жер және осы қылмыстың іздері табылған жер жатады. Сондықтан бұл ұғымға тек қана қылмыс жасалған жер ғана жатпайды. Мұнымен қатар бұл ұғымға тек қана қылмыс жасауға дайындық жұмыстарын жүргізілген жер қылмыс жасауға қолданған қару және басқа да айғақ заттарды тапқан жерде жатады. Ол - жеке үй, пәтер, ашық алаң су айдыны, вагон тағы басқа да объектілер болуы мүмкін. Мысал келтіретін болсақ, адамды өлтіріп, оны басқа жерге апарып бөлшектеп, ол бөлшектерді әр жерге көмсе, кісіні өлтірген жерде, өлікті көмген жерде оқиға болған жер деп саналады.

Сонымен бір жасалған қылмыс бойынша үш-төрт оқиға болған жерді қарап-тексеруге тура келеді. Осыған байланысты айта кететін бір жағдай, оқиға болған жер деген түсінік пен қылмыстың болған жерді деген түсінікті ажырата білу керек. Соңғы түсінікке осы тергеліп отырған қылмыстың нақтылы болған жері жатады. Ол - оқиға болған жер деген түсініктің құрамдас бір элементі.

Айтылғандарды тұжырымдайтын болсақ, оқиға болған жер дегеніміз - қылмыстың жасалған жері және де осы қылмыстың іздері табылған ашық алаң, пәтер, жеке үй және басқа объектілер [12, 55].

Ал енді тергеу әрекетінің оқиға болған жерді қарап-тексеру деген түсінікке талдау жасайық. Криминалистикалық оқулықтарда бұл тергеу әрекетінің мағынасына әртүрлі түсінік, ұғым берілген. Кейбір авторлардың берген түсініктеріне талдау жасасақ, бұларда негізіннен тек редакциялық айырмашылықтары бар екендігі байқалады. Кейбір авторлар бұл тергеу әрекетін қылмысты кім және қандай мақсатпен жасалғанын анықтау міндеттері ретінде түсіндіреді.

Кейбір авторлар, атап айтсақ Л.Д Родинов,Е.Д Коновалов және тағы басқалары оқиға болған жерді қарап-тексеруға қатысты түсініктерінде оның міндеттеріне, атап айтқанда, жүргізілетін жұмыстар қатарына жедел іздестіру жұмыстарын да жатқызады. Жедел іздестіру жұмыстары процессуалды әрекеттер қатарына жатпайды, оны анықтаушы органдары жүргізеді. Мұндай жұмыстар тергеудің бастапқы кезеңінен тергеу біткенше жалғасады.

Сондықтан мұны тергеу әрекетінің оқиға болған жерді қарап-тексеру ұғымына кіргізу орынсыз деп ойлаймын. Әрине оқиға болған жерді қарап-тексеру үстінде жедел іздестіру жұмыстары да жүргізіледі, бірақ бұл іздестіру жұмыстары оқиға болған жерді қарап-тексерумен шектелмейді, ол тергеу біткенше кейін де жүргізіле береді [13, 37].

 Айтылғандарды тұжырымдай келіп,бұл тергеу әрекеттеріне төмендегідей түсінік беруге болады. Оқиға болған жерді қарап-тексеру дегеніміз - іздерді, айғақ заттарды іздеп табуға, оларды алып, бекітуге және зерттеуге бағытталған, сонымен қатар жасалған қылмыстың мән - жайын, оның болу механизмін анықтау мақсатымен кідіртпей өткізілетін, заңда көрсетілген тергеу әрекеті.

Осы түсінікте оқиға болған жерді қарап-тексерудің міндеттері де көрсетілген. Атап айтқанда, оқиға болған жердқарап-тексеруүстінде іздер, айғақ заттар белгілі бір криминалистік әдістер мен тәсілдер, арнайы құрал - саймандарды пайдалану арқылы ізделіп, зерттелуі, бекітілуі керек. Сонымен қатар,қарап-тексеру үстінде объектілердің орналасуы және жалпы жағдайы бойынша қылмыстың мән - жайы жөнінде деректі мәліметтер алу қажет, оқиға болған жерді қарап-тексеруде бұл мәліметтердің маңызы зор.

Оқиға болған жерді қарап-тексерудің міндеттеріне:

- Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын тұлғаның қылмыс болған оқиғаны көз алдына елестету арқылы болжамдарды құру;

- дәлелдеме ретінде болуы мүмкін деген қылмыскердің ізін, қылмыстың құралын, және басқа да заттар мен құжаттарды немесе олардың іздерін табу және алу;

- оқиға болған жермен танысу ол жердің жағдайын толығымен бейнелеу;

- осы қылмысқа мүмкіндік туғызған және итермелеген жағдайларды анықтау;

Тек қана оқиға болған жерді кідіртпей, тез арада қараған жағдайда ғана мол мүмкіндік туады. Егер оқиға болған жерді қарап-тексеру кешіктіріліп жүргізілсе, көп іздер, айғақ заттар ауа райы және басқа да жағдайларға байланысты өзгеріп, бүлініп қалуы мүмкін, тіпті олардың жоғалып кетуі де ықтимал. Міне,осыған байланысты хабар түскеннен кейін, тез арада қылмыстың болған жеріне баруға, оны кешіктірмей қарап-тексеруге әрекет жасау керек. Жасалған қылмыстың түрлеріне орай оқиға болған жерді қарап-тексерудің өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл ерекшеліктер жеке қылмыстарды тергеу әдістемесінде қаралады.

Негізінен алғанда оқиға болған жерді қарап-тексеру барысында зерттеліп, бекітуге жататындар мыналар болып табылады :

- аула бедері (рельеф ),оқиға болған жердің табиғи және жасанды шекарасы,

- үй - жайдың, жанындағы қосымша құрлыстардың, оларға баратын және келетін жолдардың орналасуы және сипаты,

- сол жердегі заттардың кеңістікте орналасуы, олардың бір - біріне қатысты жағдайы мен арақашықтығы,

- заттардың мақсаттылық тұрғыдан орналасуы,

- қылмыс және қылмыскердің іздері,

- негативтік жағдайлар.

Негативтік жағдайларды оқиға болған жерден табудың мағынасы өте зор. Оның себебі мұндай жағдайларды талдау нәтижесінде қылмысты жасағансуды (инсценировка), яғни тергеудің нақтылы бір нәтижесін қалайтын тұлғаның шын мәнінде болған оқиғаға сәйкес келмейтін жағдайды қолдан жасауды әшкерелеуге мүмкіндік туындайды. Оған мысал ретінде мынаны алуға болады, сатушы дүкенді тонап не болмаса заттарды ұрлап кетті деп есік, терезені өтірік ашып ішіндегі заттарды шашып тастауы мүмкін. Бірақ шын мәнінде ешқандай ұрлық болмағанына көз жеткізуге болады.

Оқиға болған жерді қараған кезде маман-криминалисттің сана сезімі жоғары болуы керек, ол қарағанда заттардың ұсақ түйегіне дейін жақсылап қарап-тексеру керек. Оқиға болған жерді қарап-тексеру криминалистердің айтуы бойынша дәлелдемелерді табудың қайнар көзі болады деген. Оқиға болған жерді қарап-тексеру кезеңінде материалдық нәтижелер зерттеліп ақпараттар алынады. Мән - жайлармен танысып материалдық объектілерді іздеп, оларды зерттеп, бағалап, олардың орналасқанын, басқа заттармен қарым - қатынасын олардың арасындағы қарама - қайшылықтарды ашып бағытталған мәліметтер алынады.

Осы табылған заттардың барысында сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асырған тұлға және маман-криминалист логикалық қорытынды шығарады, қылмыстың не себептен болғанын және қалай болғанын анықтайды. Оқиға болған жерді қарап-тексеру нәтижесінде табылған заттар дәлелдеме зат ретінде табу үшін ол табылған іздермен және заттық дәледемелерді міндетті түрде сақтау керек.

Қылмыстық істерді тергегенде әртүрлі объектілерді қарап-тексеруге тура келеді. Осы қаралатын объектілерге байланысты оқиға орынын қарап-тексеру бірнеше түрге бөлініп жіктеледі. Сонымен қоса жүргізу ретімен көлеміне қарайда жіктеліп жатады. Ал енді осы жүргізу ретімен көлеміне қысқаша сипаттама беретін болсақ. Жүргізу реті не басқаша айтқанда уақыты бойынша :

- алғашқы қарап-тексеру,

- қайталама қарап-тексеру, яғни бұрын оқиға орынын қарап-тексеруде болған әрбір объектінің келесі қаралуы, бұл жерде объект үстіндегі табылған іздердің барлығымен толық зерттеледі.

Көлемі бойынша :

- негізгі қарап-тексеру,

- қосымша қарап-тексеру-бұрын толық қаралған объектінің бөлек элементтерін қарап-тексеру.

Ал объектілер арқылы оқиға орынын қарап-тексеру мыналарға бөлінеді:

- оқиға болған жерді қарап-тексеру,

- адам мәйітін қарап-тексеру,

- құжаттарды қарап-тексеру,

- затты қарап-тексеру,

- куәландыру.

Жеке заттарды, мәйітті, және басқа да объектілерд қарап-тексеру бірде дербес оқиға орынын қарап-тексерудің түрі болып саналады да,кей жағдайларда олар оқиға болған жерді қарап-тексерумен қамтылады.Егер айтылған объектілер оқиға болған жерден тыс жерде қаралса, бұл қарап-тексеру жеке тергеу әрекеті есебінде саналады. Мысалы, ауыр жарақат алып, халсіз жатқан жәбірленуші емханаға алып барғаннан кейін қайтыс болса, оның мәйітін қарап-тексеру жеке тергеу әрекеті болып саналады да, оқиға болған жерді қарап-тексерумен қамтылмайды. Мұндай жағдайлар әрине сирек кездеседі, көбінісе жоғарыда айтылған объектілер оқиға болған жерде қаралады .

Оқиға болған жерді қарап-тексерудің керекті шарты болып қазіргі заманның ғылыми - техникалық құралдарын дұрыс және толығымен пайдаланып оқиға болған жерді қарап-тексеру нәтижесінде сол техникалық құралдар арқасында оларды зерттеу қылмысты тергеу барысында әр түрлі қарап-тексерулер пайда болады:

1. Оқиға болған жердқарап-тексеру( ғимараттарды,үй-жайларды қарап-тексеру ҚР ҚПК -нің 220 б. ) .

2. Заттай дәлелдемелердi қарап-тексеру және сақтау (ҚР ҚПК-нің 221 б).

4. Адамның мәйiтiн қарап-тексеру (ҚР ҚПК-нің 222 б.)

5. Куәландыру (күдіктiге, жәбiрленушiге, куәға, арыз иесіне және арыз иесі қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам ретінде тікелей көрсеткен адамға ҚР ҚПК-нің 223 б.).

    Осы көрсетілген объектілердің өздерінің тактикалық қарап-тексерулері бар. Солар арқылы біз дәлелдемелерді толығымен қарап және зерттей аламыз.

Ең көп таралғаны және күрделі болып табылатыны бұл оқиға болған жерді қарап-тексеру болады. Оқиға болған жерде әр түрлі заттар олардың жиынтығын басқа заттармен қарым - қатынасы оқиға болған жердің мән - жайы болып табылады. Оқиға болған жер қылмыстың болған жері деп табылады. Жергілікті жерді және ғимараттарды қарап-тексеру өзі жеке тергеу әрекеті болады. Тұрғын үйді тексеру тек онда тұратын кәмелетке толған адамдардың келісімімен немесе тергеу судьясының санкциясымен ғана жүргiзiледi. Егер онда тұратын адамдар кәмелетке толмағандар болса немесе олардың психикалық немесе өзге де ауыр науқастардан зардап шегетiнi көрінеу белгiлi болса немесе олар қарап-тексеруге қарсы болса, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам мәжбүрлеп қарап-тексеру туралы қаулы шығарады, оған тергеу судьясынан санкция алынуға тиiс. Санкция беруден бас тартылған жағдайда, қарап-тексеру жүргiзiлмейдi.

Егер тұрғын үй-жай оқиға орны болса және оны қарап-тексеруді кейiнге қалдыруға болмаса, онда тұрғын үй-жайды қарап-тексеру кейiннен материалдарды бір тәуліктік мерзімде тергеу судьясына жібере отырып, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның қаулысы бойынша жүргiзiлуi мүмкiн. Қаулының көшірмесі бір мезгілде прокурорға жіберіледі. Тергеу судьясы жүргізілген қарап-тексерудің заңдылығын тексереді және оның заңды немесе заңсыз екені туралы қаулы шығарады, ол қылмыстық істің материалына қоса тігіледі. Жүргізілген қарап-тексерудің заңсыз екенi туралы шешiм қабылданған жағдайда, оның нәтижелері iс бойынша дәлелдемелер ретiнде жіберіле алмайды.

 Тұрғын үйді қарап-тексеру кезінде онда тұратын кәмелетке толған адамның болуы қамтамасыз етілуі тиіс. Оның қатысуы мүмкін болмаған жағдайда жергілікті атқарушы органның өкілдері шақырылады. Ұйымның үй -жайлары мен аумағындағы тексеру олардың әкімшілік өкілдерінің көзінше жүргізілуге тиіс. Оқиға болған жерді қарап-тексеру нәтижесінде алынған құжаттарды және заттарды сонымен қатар тінту барысында алынған құжаттар мен заттар жеке тергеу әрекетіне жатады. Бұның бәріне маман-криминалист міндетті түрде арнайы техникалық құралдарын пайдаланады.

Адамның мәйiтiн ол табылған жерде сыртынан қарап-тексеру оның жалпы қағидалары сақтала отырып және сот медицинасы саласындағы маман дәрiгердiң, ал оның қатысуы мүмкiн болмаған жағдайда өзге дәрiгердiң мiндеттi түрде қатысуымен жүргiзiледi. Адамның мәйiтiн қарап-тексеру үшiн басқа мамандар да тартылуы мүмкiн. Адамның мәйiтiн қосымша немесе қайталап қарап тексерген жағдайда, сот медицинасы саласындағы маман дәрiгердiң қатысуы мiндеттi. Танылмаған адамның мәйiтiн фотосуретке түсiру, оған дактилоскопия жасау, сондай-ақ сараптамалық зерттеу жүргізу үшін үлгілер алу міндетті болып табылады.Адамның мәйiтiн сырттай қарап-тексеру кейіннен сот-медициналық сараптаманың жүргiзiлуiн алмастыра алмайды және жоққа шығармайды. Мәйiттi қарап-тексеру процесінде азаматтардың қайтыс болған адамды тану туралы мәлiмдемелерi кейiннен мәлiмдеушiден куә ретiнде жауап алынып, сол тергеу әрекетінің хаттамасына енгiзiледі, бұл адам мәйiтін бұдан әрі басқа адамдарға тану үшiн көрсетудi жоққа шығармайды. [14, 5].

Қылмыс жасауға ату құралы қолданылған болса, оқиға болған жерде оқтың іздерін зерттеуге тура келеді. Қарап-тексеру үстінде оқтың кірген және шыққан жерін анықтау керек. Оқтың іздерін қарап-тексеру және зеттеу арқылы атылған оқтың бағытын, қашықтығын және неше оқ атылғандығын анықтап білуге болады. Көзге көрінбейтін микроұнтақтар болатын объектілерді ептеп, абайлап қарап-тексеру керек. Микроұнтақтың бар, не жоқ екендігі микроскопиялық зерттеулер арқылы анықталады. Қарап-тексеру үстінде негізгі қаситтері, табиғаты белгісіз заттар киімінде не басқа объектідегі дақ, сұйық заттар табылса оның түсін, өлшемін және неге ұқсас екенін көрсету қажет (айтайық, қоңыр түсті дақ деп атап жазу керек).

Оқиға болған жерде қылмыскердің иісі де қалады (адамның иісін зерттейтін ілімді криминалистикада одорология дейді). Адамның иісін оқиға болған жерден алып, сол бойынша адамды идентификациялық әдістемесі әзірге толық зерттелмеген. Сондықтан мұндай идентификациялық зерттеулер әлі күнге дейін жүргізілмейді. Бірақ адамның иісін осы иіс қалдырушы қылмыскер адамды ұстауға пайдалануға болады. Ол үшін арнайы осындай жұмысқа дағдыланып үйренген иттерді ізге түсіру арқылы қылмыскерді « ізін суытпай » соңына түсіп ұстауға, жалпы қылмысты ашуға бағытталған жедел - іздестіру жұмыстары қарап-тексеру үстінде және қарап-тексеру біткеннен кейін де жүргізіледі.

Егер оқиға болған жерді қарап-тексеру түнде, қараңғыда жүргізілсе, осы жер жарық түскеннен кейін қайта қаралуы мүмкін. Мұндай жағдайда оқиға болған жер бірінші қарап-тексеруда толық қаралмай, оның тек түйінді, маңызды жерлері ғана қаралады.

Аңдардың өліктерін қарап-тексеру заңмен қарастырылмаған, бірақ кейбір кезде оқиға болған жерді қарап-тексеруге ешқандай қатыссыз аңдардың өліктерін қарайды. Бұл қарап-тексерудың мақсаты болып ол аңның қандай аңға жататынын, оның иесі кім екенін, ол қандай тұқымға жататындығын, оның жынысын, жасын және оның басқа аңға жататындығын белгілейтін заттар. Бұл қарап-тексеруге міндетті түрде арнайы маман, ветиринар және зоотехник қатысуы керек.

Оқиға болған жерді қарап-тексеру екі кезеңге бөлінеді және осыған байланысты арнайы әдіс - тәсіл қолданылады. Біріншісі - алғашқы қарап-тексеру, екіншісі қайталап қарап-тексеру. Тергеу әрекеті оқиға болған жерді қарап-тексеру жалпы шолып қарап-тексеруден басталады да, бұл қарап-тексерудің бірінші кезеңі деп саналады. Кей авторлар бұл кезеңді оқиға болған жерді бағдарлау сатысы деп те санайды.

Негізінен бұл кезеңде оқиға болған жерді толығымен, жалпы шолып қарап-тексеру арқылы осы жерді бағдарлайды. Сондықтан жалпы шолуды бағдарлау үшін пайдаланатын әдістің бір түрі деп те санауға болады. Бұл кезеңнің негізгі міндеті - оқиға болған жерді нақтылап анықтау, ондағы орналасқан жеке объектілерді, олардың ара қашықтығын, орналасуын, жағдайын белгілеу. Оқиға болған жерді жалпы аралап, қаралатын жердің негізгі, түйінді, қарап-тексеруде күрделі жерлерін алдын - ала белгілеу керек. Оқиғаның түйінді жері дегенге іздердің, айғақ заттардың неғұрлым көбірек орналасқан жерлері жатады. Бағдарлау үстінде сонымен қатар шешілетін сұрақтар: қылмыскер бұл жерге қалай келуі (кіруі) мүмкін, оқиғаны қай жерден көруге болады, қылмыс әрекеттерінің ерекшелігіне байланысты қылмыстың ізі қай жерде қалуы мүмкін.

Жалпы шолып қарап-тексеру арқылы объектілердің орналасуын, олардың ара-қашықтығын және басқа да жағдайларды есептей келіп, маман-криминалист оқиғаның болу механизмін болжап, көз алдына елестетіп, болған оқиғаның сұлбасын ойша жасап көруі керек. Міне, осы тұрғыдан алғанда оқиға болған жерді қарап-тексерудің бұл сатысы шығармашылық талдауын қажет етеді. Осындай талдаудың сапасы қарап-тексерудің дұрыс бағытта болуына тікелей ықпал етеді.

Қарап-тексерудің бұл сатысында объектілердің қарап-тексеру кезегі, ретін шешіп алынады. Криминалистикада қарап-тексеру, ситуациялық жағдайларға байланысты,оқиға болған жердің ортасынан не шетінен басталады.

Сонымен қатар оқиға болған жерді сүзе толық алға қарай, бір бағытта қарап-тексеру әдісі де қолданылады.

Оқиға болған жерді қарап-тексеруде ол жерде орналасқан барлық объектілерді түгелімен қарап шығады.

Қайталап қарап-тексеру бұл жаңадан шыққан зерттеу, бұл оқиға болған жерді түгелімен қарастырады. Бір объектіні қайталап қарап-тексеру :

- Бастапқы қарап-тексерудің жағдайы объектіні тиімді тану үшін қолайсыз болған жағдайда,

- Бастапқы қарап-тексеруден кейін жаңа мәліметтер алынуы мүмкін болған жағдайда,

- Бастапқы қарап-тексеру сапасыз жүргізілген жағдайда жүргізіледі.

Оқиға болған жерді қарастырған кезде оған міндетті түрде қосымша қарап-тексеру жүргізіледі. Қосымша қарап-тексеру келесі жағдайда қаралады : мысалы егер оқиға болған жерді қарап-тексеру кезінде кейбір объектілер зерттелмей, қаралмай кеткен жағдайда міндетті түрде қосымша қарап-тексеру ұйымдастырылады. Қосымша немесе қайталап қарап-тексеруді жүргізген кезде бұған хаттама толтырылып және процессуалдық ережелер сақталынады. Қарап-тексеру негізінен қылмыстық істі зерттеу кезінде жүргізіледі, ал керекті жағдайда оқиға болған жерді қарап-тексеру қылмыстық іс қозғалғанға дейін жүргізіледі. Бұл жағдайда егер оқиға болған жерді қарап-тексеру болғаннан кейін дәлелдеме заттар жиналса міндетті түрде қылмыстық іс қозғалады. Қарап-тексеру жеке тергеу іс әрекеті бола отырып оның өзінің негізгі белгілері болады:

1. Оқиға болған жерге міндетті түрде мемлекетпен құқық берілген адамдар жүргізеді (тергеуші , анықтаушы ).

2. Оқиға болған жерді қарап-тексеруге куәгерлер қатысады.

3. Адам мәйітін қараған кезде міндетті түрде сот - медициналық дәрігер қатысуы керек.

4. Сонымен қатар, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын тұлға  қылмыстық істі жүргізген кезде оған маман-криминалисті, күдіктіні, айыпталушыны,  жәбірленушіні, куәгерді қатыстырады.

Қарап-тексеру қылмыстың жасалу жағдайын бекіту және анықтау әдісі болып тергеу тәжірибесінде кеңінен қолданылатын маңызды және күрделі процессуалдық әрекет. Криминалистердің айтуы бойынша оқиға болған жерді қарап-тексеру негізгі қайнар көз болып табылады деген.

Оқиға болған жерді қарап-тексерудің маңызын ешқандай басқа процессуалдық іс - әрекет өзгерте алмайды. Оқиға болған жерді қарап-тексерудің міндетті түрде тез арада жүргізілуі керек. Оқиға болған жерді қарап-тексеру қайтадан толық көлемде қарап-тексеруге мүмкіндік туғызбайды, өйткені екінші рет толығымен қарастыратын болса, онда іске маңызды дәлелдеме заттардың бәрі жойылады. Оқиға болған жерді қарап-тексеру объектінің сапалы мінездеме және оған өзінің көзқарасы керек :

- қылмыстың болған себебіне жалпы қарап-тексеру оның неліктен пайда болғаны.

- ауыстырылған мән - жай ол қылмыс болғанын сипаттайды.

- жеке заттардың сапасы және олардың арасындағы себепті байланыс.

Оқиға болған жерге тактикалық жағынан дұрыс қараған кезде қылмыстың қалай болғанын не себептен болғанын және қылмыстық іс үшін маңызды заттай дәлелдемелер, сонымен қатар қылмыс жасаған адамдардың жеке тұлғаларын толығымен анықтап білуге болады. Қылмыс оқиғасы болған жерде маман-криминалистоған белсенді қатысуы керек, сондықтан біз оның психологиясына көп назар аударуымыз керек.

Егер маман-криминалист оқиға болған жерді психологиялық жағынан толығымен қабылдаса, онда осы тергеу іс - әрекеті сапалы түрде жүргізіледі. Маман-криминалисттің сана - сезімі жоғары дәрежеде болуы керек, ол қылмыстық оқиға болған жерді қарап-тексеруге шыққан кезде ол сол жерде ұсақ түйек заттарды табу және мәліметтер жинауға міндетті. Маман-криминалисттің психологиялық дайындығын келесі сәттер көрсетеді :

1. алдындағы тұрған тергеу іс - әрекетіне оның қызығушылығы;

2. қылмыскерді немесе қылмыстық іздерді табуда ынтасы;

3. осы қарап-тексеру тергеу әрекетін сапалы және тез орындауда оның ойының қалыптасуы;

4. маман-криминалисттің криминалогиялық және тәжірибелік әдісінің болуы, оның осы тергеу әрекеті үшін жауапкершілігі және өзіне сенушілік сенімдері болуы керек;

5. жұмысты сапалы түрде орындау үшін ойдағы кедергі келтіретін ойларды алып тастау керек.

Қылмыс болған жерге келіп айғақтардың және куәгердің берген жауаптарын тыңдап қылмыс болған жерді толығымен қарап өзінің ойын бір мақсатта бағыттайды осы қылмыс болған жерді қандай әдіспен қарап-тексеру керек екенін шешеді [15, 35].

Оқиға болған жерді қарап-тексеру кезінде маман-криминалисттің барлық ойы осы жерге ғана бағытталуы керек. Сондықтан бұл жердегі мәселе бір бағытта ғана емес бірнеше бағыттарды қамтыйды. Маман-криминалист маңызды сұрақты шешкен кезде ол өзіне сену керек. Бұл оның криминалогиялық білімінде тергеу әрекетінде және оқиға болған жерді қарап-тексеруінен түскен мәліметтерде қалыптасады. Маман-криминалист сонымен қатар айғақтармен жақсы қарым - қатынаста болу керек. Маман-криминалист қылмыс болды деген хабар түскен кезде ол сол жерге қарап-тексеру жүргізу үшін керекті криминалистикалық - техникалық құралдар дайындауды керек.

 

 

2.2. Қарап-тексеру ситуациясын ескере отырып оқиға болған жерді қарап-тексеруге маман-криминалистің қатысу ерекшеліктері.

 

Оқиға орынын қарап-тексерудің жалпы міндеттері- болған оқиғаның мән-жайын анықтау.

Терегу әрекеттерін жүргізген кезде маман-криминалистер техникалық құралдар мен криминалистикалық әдістерді білікті қолдану қажет етілген жағдайларда тартылады.

Маман-криминалисттің оқиға орынын қарап-тексеру кезіндегі міндеттері:

- Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға қылмысты жасау тәсілін және қылмыскердің әрекеттерін анықтауда көмек көрсету;

- Іздерді және тергеп-тексерілетін оқиғаға қатысты заттарды табу,бекіту және алу;

- Қылмыкер қалдыруы ытимал іздерді, заттарды, материалдарды, нәрселерді іздестіру ақпаратын алу және осы объектілердің зерттеуге жарамдылығы туралы уралы мәселені шешу;

- Арнаулы білімнің көмегімен алынған, қылмыскердің белгілері, дағдылары туралы мәліметтерді және басқа да оны сипаттайтын деректердің ізін суытпай іздестіруде қолдану үшін бағыттама қосу;

- Қылмысты тергеп-тексеруге бағытталған болжамдарды құру мақсатында қарап-тексеру қорытындысын жасауға қатысу.

    Атап көрсетілген жеке міндеттерді шешу басты міндетті-болған оқиғаның нақты көрінісін құруды шешуге мүмкіндік береді.

    Маман-криминалисттің оқиға орынын қарап-тексеру кезіндегі әрекеттерінің кезеңдері мен сатылары.

    Криминалистикада оқиға орынын қарап-тексерудің келесі кезеңдері ажыратылады : дайындық (СДТТ-ді жүзеге асыратын адамның қарап-тексеруді жүргізу туралы шешім қабылдау сәтінен бастап оқиға орнына шығу және ішінара ол жерге жеткенге дейін), жұмыс (оқиға орынының өзін жалпы және жан-жақты қарап-тексеру) , қорытынды (тергеу әрекетінің барсы мен нәтижесін бекіту).

Дайындық кезеңінде оқиға орынын қарап-тексеру кезінде келесі сатыларды бөліп көрстуге болады: тергеу әрекеттеріндегі өз міндеттерін айқындауға қажетті шектерде жасалған қылмыстың мән-жайларымен танысу; туындаған оқиғаны талдау және бағалау; оқиғаны зерделеу нәтижелерінің негізінде нақты жағдайда қарап-тексеруге қажетті ғылыми-техникалық құралдар тізбесін анықтау және олардың дайындығын қамтамассыз ету; СДТТ-ді жүзеге асыратын адаммен іздерді және өзге де материалдық объектілерді табу, бекіту және алу жөніндегі әрекеттердің шарттары мен ретін келісу. Оқиға орынын қарап-тексеруді өткізетін адамның тарапынан қарсылық болмаған жағдайда әрекет ету жоспары бойынша оны орындауға кіріседі.

    Оқиға орынын қарап-тексерудің жұмыс кезеңі 2 сатыдан тұрады- статистикалық және динамикалық. Бірінші сатыда маманға қарап-тексеру шектерін (олар бағдармен анықталады, әрі қарай кеңеюі мүмкін); қылмыскерледің келу, кет жолдарын; қарап-тексерудің басталу нүктесі мен оның ретін (қарап-тексеру тәсілін); қарап-тексеру кезінде қолданылатын әдістер мен құралдарды; фототүсірілім немесе бейнежазба жасайтын жерлерді анықтап алу қажет.

    Қарап-тексеру шектері белгілі (пәтердің, бөлменің париметірімен сызылған) және оқиға жергілікті учаскеде болған кезде белгісіз болуы мүмкін. Бұл жағдайда қарап – тексеру шектерін анықтаған кезеде қылмыстық оқиғаға қатысы бар іздер болуы мүмкін деген жерлер ескерілед. Қылмыскердің келген және кеткен жерлерін міндетті түрде ескеру керек.

    Бұдан әрі маман-криминалист (бейнежазба) жасайды, оқиға орынының жағдайын, іздер мен объектілердің сырқы түрімен өзара орналасуын зерттейді.

    Фототүсірілім ретін, бекіту объктілерін таңдауды, фототүсірілім тәсілдерін маман-криминалист озі белгілейді, алайда қарап-тексеруді өткізетін адамның талабы бойынша ол оған көрсетілген объектілердің қосымша фототүсірілімін жасауға міндетті.

    Қарап-тексеруден бұрын қарап-тексерудің барынша тиімді тәсілі тандалады. Криминалистикада концентрлі, эксцентрілі және фронтальды тәсілдер әзірленген.

    Өлшемдерді жасау ережелері: өлшемдер базалық (тұрақты) бағдарлардан жасалады; өлшемдер жасалған заттардың нақты нүктелері көрсетіледі; барлық өлшемдер бірдей өлшем бірліктерімен жасалады.

    Қарап-тексеру объектілерін бекіту кезінде келесі әдістер қолданылады:

- Тікбұрышты кординаттар әдісі (бекітілетін объектілердің орналасқан жері бекіту жүргізілетін объектілерден қабырға, базалық сызық және т.с.с); қайта қалпына келтірілген екі перпендикулярдың осы объектілердің шеткі нүктелеріне  дейінгі ұзындығын өлшеу арқылы анықталады;

- Үшбұрыш әдісі (қозғалмайтын бағдарлардан бастап бекітілетін объектінің шеткі нүктелеріне дейін өлщенеді, бұрыштарының өлшемедері жоспарға енгізіледі);

- Таңба қою әдісі (жақын жерде бекітетін объект болмаған жағдайда алыс қашықтытағы бағдарларға шартты таңба қойылады, ол оқиға орынына қойылып, өлшемдер жасау үшін бағдар болады).

    Динамикалық сатыда маман-криминалист ақпараттық-іздестіру әрекетін жүзеге асырады, бұл ретте барлық объектілер жан-жақты зерттеледі және динамикалық сатылардың арасында шектер аса болмайды, олар кезетестіруге болады, яғни объект статисткалық күйде бекітіледі, содан кейін динамикада жан-жақты зерттеледі.

    Іздердің қылмыс оқиғасына қатысы және оларды алу дұрыстығы туралы мәселені шешу мақсатында оқиға орынында оларды алдын ала зерттеген жөн. Іздерді алдын-ала зерттеу нәтижелері оқиға орынын қарап-тексеруді жүргізген адамға және құқық қорғау органының жедел қызметкеріне мәлімет үшін жеткізіледі. Іздерді алдын-ала зерттеу барысында оларды бұзатын зерттеу әдістерін қолдануға тыйым салынады.

    Қортынды кезенде маман-криминалист СДТТ-ді жүзеге асыратын адамға оқиға орынын қарап-тексеру кезінде алынатын объектілермен іздерді буып-түюге көмек көрсету керек.

    Оқиға орнын қарап-тексеру аяқталған соң жедел-криминалистикалық бөлініс органына келгенде маман-криминалист: оқиға орынын қарап-тексеру хаттамасына фотосуреттер кестесін дайындап; нормативтік құқықтық және өзге де құ



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.