Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Жіңішке және тоқ ішекте астың қорытылуы. Ұйқы безі және



       Жіңішке және тоқ ішекте астың қорытылуы. Ұйқы безі және  

           асқазан сөлінің құрамы. Бауырдың қызметі.

                        Ішекте астың қорытылуы

   

Ас ішекте 10-12 сағат кідіреді. Ішек сөлі либеркюн бездерінде түзіледі.Тәулігіне 2-3л сөл бөлінеді. Ішек сөлі сарғыштау,өзіне тән иісі болады. Реакциясы сілтілі, құрамында 2% құрғақ заты бар. Оның құрамында ферменттер, минералды заттар (K, Na, Ca) муцин бар.

Ферменттер; пептидазалар, нуклеаза, липаза, фосфатаза, сахараза, лактаза, мальтаза, энтерокиназа бар.

Энтерокиназа – трипсиногенді трипсинге айналдырып, ақуыздың ыдырауын қамтамасыз етеді.

Сөл шығару қоректік заттар ішекке түсісімен күшейеді.

Ішекте ол 2 түрлі жолмен; қуыстық және ішектік кілегейлі қабығында (мембраналық) қорытады.

Ішке эпителиі-микробүрлер мен микротүтіктерден тұрады, мұнымен қатар эпителий жиегінің бетінде мукополисахарид жіпшелері орналасқан, олар Са көпірлері арқылы байланысып тор құрады. Оны гликокаликс деп айтады. Гликокаликстер мен микротүтіктерде көптеген ферменттер адсорбцияланады.

 

 Мембраналық ас қорыту;

1.Мембрана бетінде адсорбцияланған ферменттер күштілеу болады.

2.Микробүрлер мен микротүтіктер ішектің қоректік заттармен жанасу бетін үлкейтіп, сіңіуін жеңілдетеді.

3. Адсорбцияланған ферменттер ұзақ уақыт күшін жоймайды.

4. Гликокаликс микробтарға бөгет жасайды.

 

Ас қорыту барысында пайда болған өнімдер ішетің қанға, лимфаға сіңеді.Астың сіңуі ас қорыту аяқталады. Астың сіңуі асқазан-ішек жолында бірдей емес.Ас аш ішекте толық сіңеді. Аш ішектің шырышты қабаты бүрлер мен қатпарлардан тұрады. Бүрлер 1мм 18-40 шақты болады, олар ішектің сіңіруі бетін 5-6 есе ұлғайтады. Ас сіңуі дегеніміз гидролиз өнімдерінің асқазан-ішекке қанға не лимфаға сіңуі.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.