Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Жаңартылған білім – болашақтың кепілі.



Жаңартылған білім – болашақтың кепілі.

11. Химиялық білім берудің жалпы білім беретін мектеп пен арнаулы орта оқу орнындағы мазмұнын іріктеу принциптері мен механизмдерін көрсетіңіз.

   Қазіргі уақытта бүкіл дүние жүзі ортақ ақпараттық кеңістікте өмір сүруде, сонымен бірге әлем халықтары өміріне ғаламдастыру процесі жүріп жатыр. Ғаламдық даму көшінен қалыспас үшін білім беру саласы үнемі озық жүруі тиіс. Жоғары білім беру жүйесінің негізгі мақсаты- осы заманғы кәсіптік білім мен компьютерлік, ақпартаттық технологияларға негізделген, барынша сапалы білім беру арқылы біліктілігі жоғарғы және бәсекелестіктің мықты тегеурініне төтеп бере алатын мамандарды даярлау процесін жоғары қарқынмен жүргізу болып табылады.

  Қазіргі кезең кәсіби білім берудің теориялық және технологиялық негізін жасаудың өнімді жолдары іске асырылуда. Анықтама әдебиеттерде: “технология –tehne- өнер, шеберлік және logos-ғылым, заң ”, яғни технология дегеніміз шеберлік (өнер)туралы ғылым деп берілген.

    Білім беру саласында “технология” ұғымы өндірістік процестердегі технология ұғымының басты қасиеттерін осы саланы жетілдіру үшін пайдалану ұмтылысынан туындағаны анық. Педагогикалық технологиянң қарапайым әістемеден айырмашылығы-оқу процесінің нәтижелі болуына кепілдік береді.

   Қазіргі қоғамдық өзгерістердің қарқындылығы жаңа сипаттағы мамандарды қажет етіп отыр. Бұл мамандар үнемі өзгеріп отыратын әлеуметтік-әкономикалық үдерістерді талдай білуге, нарықтық бәсеке жағдайына сай шешімдер қабылдап, жүзеге асыра білуге, өндіріс пен жеке адам арасындағы ықпалдасмтықтың ізгілікке бағытын жасай білуге тиіс. Осы жағдайларға байланысты жоғарғы оқу орындарының ең бір маңызды міндеті кәсіби жағынан білімді, қабілетті маман даялау болып отыр. Қазақстан Республикасында білім беру жүйесіндегі реформалау процесі оның мазмұны мен сапасын арттыру, білім берудің ұлттық моделін жетілдіру, ақпараттық технологияларды ендіруге байланысты жаңаша педагогикалық көзқарасты туындатады. Дүние жүзі қауымдастығы жаңа ақпараттық технологиялық дәуірде өмі сүруде. Қазақстан мемілекетінің ғылыми-техникалық саясатында жаңа бағыт пайда болды.Сондықтанда жаңа ақпараттық технологияларды игерген мамандарды даярлау бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

  Дайындық – бұл кез келген іс-әрекеттің орындалуының түпкі бастапқы жағдайы. Қандай да бір істі жаңадан бастаушы адам тез арада жоғары нәтижеге жете алмайтындығын зерттеушілер дәлелдеп, назар аударғандарына да біраз уақыт болды.

  Қазақстан Республикасы 2015жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының міндеттері білім беруді басқаруды одан әі демократияландыру негізінде Қазақстандық білім беру моделінің жұмыс істеуінің заңламалық, нормативтік, құқықтық базасын жетілдіру; білім берудің мазмұны мен материалдық – техникалық базасын жаңарту; білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін құру; білім беруді, Ғылым мен өндірісті ықпалдастыру; кәсіптік білім берудің сапасын арттыру үшін нақты әкономика салаларын тартудың тетіктерін құру; әлемдік білім берудің кеңістігі туды, біздің зерттеуіміз жаңа ақпараттық технологиялар бойынша мамандарды даярлау процесі тұрғысынан қарастырылады.

Мамандарды жоғарғы оқу орындарында даярлау жүйесінің әртүрлі формалары мен оқыту әдістемелері, керекті білімділік пен меңгеру үшін қолданылады.Мамандарды даярлаудың мазмұнын, формаларымен теориялық білімділігін қалыптастыру және жекеленген қызметтерде педагогикалық қабілеттілігін жетілдірудің жолдары Е.П.Белозерцовтың [223],В.и.Загвязинскийдің [224], А.В.Загрекованың [225], В.А.Кан-Каликтің [227], В.М.Кларинның [228], Г.С.Лаптеваның [229], В.Н.Никитенконың [230], О.Н.Сарычеваның [233], Л.Ф.Спириннің [234], А.И.Щербаковтың [235] және т.б. ғылыми жұмыстарында зерттеліп жасалған. Жалпы теориялық себептердің білім беру бағытынағы түсінушілік және тіршілікке қажеттілік бағыттары Л.И.Божовичтің [236], А.Н.Леонтьевтың [238], З.И.Равкиннің [240], және т.б. ғылыми еңбектерінде көрсетілген.

Педагоктың ғылыми-теориялық дайындық негіздері О.А.Абдуллина [91], Н.В.Александрова[92], В.К.Розова [95], В.А.Сластенин[83], Л.Ф.Спирин [96] және басқалардың еңбектерінде ашып жазылған. Мұғалім дайындау жолын зерттеу барысында тағы да бірнеше бағыт-бағдар болғандығын байқаймыз. О.А. Абдуллина [91] оны төменде айтылғандар бойынша сипаттап көрсетеді.  

   Бірінші бағыт ең алдымен мұғалімнің теориялық білім жүйесімен мазмұнын анықтайтын кәсіби көрсеткішін жасаумен сипатталады. Сонымен қатар оқу-тәрбие жұмысын жандандыруға қажет басқада педагогикалық іскерлік пен дағдылар жатады. Осыдан педагогикалық жоғарғы оқу орынары түлектерді дайындау барысында жоғары деңгейіндегі жаңа маман моделінің құрылғанын байқаймыз. Осы бағыттағы кәсіби көрсеткіштерді жасаумен қатар кәсіби дайындық процесіндегі мұғалімнің жеке тұлғасының қалыптасуы мен дайындық мәселелері зерттеледі. Педагогикалық қызметтің жалпы педагогикалық іскерлігінің қалыптасуы оқу-тәрбие процесін басқару ретінде қалыптастырылады және басқару фазалары (диагностика, мақсат қою, жоспарлау, практикалық шешім қабылдау, қорытынды сұрыптау) бойнша теориялық білім мен педагогикалық іскерлік шеңбері жасалады.

   Екінші бағыт педагогикалық қызметтің құрылымдарын зерттеумен сипатталады. Жоғарғы педагогика саласында қызмет атқарылып жүрген ғалымдар жалпы теория барысын зерттей отырып, ұстаз жұмысының келесі құрылымдарын анықтап береді.Олар:құрастырылатын, бірлескен, коммуникациялық және жобалы болып табылады.

   Үшінші бағыт жеке қызмет түрі бойынша теориялық білім мазмұны, түрлері мен әдістерінің қалыптасуы және педагогикалық іскерлікпен сипатталады.

   Жалпы педагогикалық іскерлікпен дағды жүйесіне келесілер жатады: іскерліктің педагогикалық ұйымдастырылуы; мектеп оқушыларының танымдық іс-әрекетін басқару мен оларды оқытуды ұйымдастыра білуі; тәрбие процесін ұйымдастыру мен мектепті басқара білуі; негізгі педагогикалық практика бағыттары бойынша алғы қатарлы педагогикалық тәжірибелерді жасай білу; ұйымдастыру түрлеріне байланысты қосымша, бірлескен педагогикалық іскерлігі; мектептегі танымдық қызметін басқаратын басшылардың оқу жүйесіндегі шеберлік танытуына жатады. Басқа жағдайда мектеп басшыларына ортақ педагогикалық жұмыстарды, ата-аналармен қосымша жұмыс жүргізілуі керек.

   Химияны оқыту әдістемесі ол орта мектепке түрақты оқу пәні болып енгеннен кейін ғана ғылым ретінде қалыптасты. Патшалық Россияның жалпы білім беретін гимназиялары мен училищелерінде химия жеке пән ретінде үдайы оқытылмады. Сондықтан Қазан революциясының алдындағы кезеңде химиктер С.И.Сазонов, Г.М.Григорьев, А.Н.Реформатский жалпы білім беретін орта мектептің оқу жоспарында химияның оқу пәнін түрақтандыру үшін күресті. Химия Қазан революциясынан кейін ғана орта мектептердің оқу жоспарынан химия ѳзіне лайықты орын алды. Кеңес мектебіндегі оқыту сипатының сол кезеңдегі жалпы бағыттарына сәйкес химия курсының мазмүнын анықтау ісі қолга алынды. B.Н.Верховский, Л.М.Сморгонский, Я.Л.Гольдфарб химияның жүйелі курсының багдарламасыи жасады, түрақты оқулықтарын және түңгыш әдістемесін жазды (1933-34ж.ж.). Бүдан кейінгі кезеңде орта мектептегі химия курсының мазмүны мен қүрылымын ғылыми жағынан негіздеуде Л.А.Цветков, Ю.В.Ходаков және С.Г.Шаповаленко, т.б. кѳп еңбек сіңірді.

      Химияны оқыту әдістемесі жалпы білім беретін орта мектептегі химия пәнін оқыту мәселелерін жан-жақты зерттейтін кѳп салалы ғылымға айналды. Атап айтқанда, химияны оқытудың үйымдастыру формалары әдістерін жетілдіруді Д.И.Кирюшкин, химияның негізгі үғымдарын қалыптастыру, химияны оқыту қүралдарын жасау және тиімді пайдалану әдістемесін С.Г.Шаповаленко, Н.Е.Кузнецова, химияны оқытудың ѳндіріспен байланысы және химиядан тереңдетіп білім беру мәселелерін Д.А.Әпштейн, химиялық әксперименттің теориясы мен сарамандығын В.С.Полосин, К.Я.Парменов, органикалық химияны оқыту мәселелерін Л.А.Цветков, химияның теориялық негіздерін оқыту әдістемесін Г.И.Шелинский, В.П.Гаркунов, химияны оқытудың басқа пәндермен байланысын Е.Е.Минченков, Д.П.Ерыгин зерттеді. Бүлардың әрқайсысы коптеген ғалым шәкірттер тәрбиелеп шығарды, оқу-әдістемелік еңбектер жариялады.

     Одақ кѳлемінде жүргізілетін әдістемелік зерттеулер үйлестіріліп отырды. Зертхананың ғылыми қызметкерлері Л.А.Цветков, Р.Г.Иванова, Е.Е.Минченков, М.В.Зуева, Т.В.Смирнова, Т.З.Савич, И.Н.Чертков П.А.Глориозов, В.Л.Рысс химияны оқытудың жалпы әдістемесін жазды, мүғалімдерге күнделікті кѳмегін тигізетін бірнеше әдістемелік қүралдарды жариялады. Солардың ішінде Р.Г.Иванованың, И.Н.Черковтың, П.А.Глоризовтың, Ю. В. Ходаковтың және т.б. әдістемелік қүралдары қазақ тілінде аударылды. Химияны оқыту әдістемесіне творчестволық жүмыс істейтін мүғалімдер де оз үлестерін қосып келеді.

   Қазақстанда химияны оқыту әдістемесі ғылымының дамуы. 1940 жылдардан бастап Қазақстанда химияны оқыту әдістемесін жасау және жетілдіру ісі қолға алынды. Бастапқыда озат мүғалімдердің іс-тәжірибесін кеңінен тарату және мүғалімдерге әдістемелік кѳмек корсету мақсатымен біраз еңбектер жазылды. Солардың ішінен О.А.Суворованың «Химияны оқытудың социалистік құрылыс практикасымен байланысы» деп аталатын еңбегін (1940 ж.) атап өтуге болады. Қазақстанда химияны оқыту әдістемесі бойынша жүргізілген зерттеу жүмыстарының негізгі бағыты - орта мектеп химиясының ѳзге пәндермен және ондіріспен байланысын ғылыми жағынан негіздеу. Д.Қоянбаев Қазақстанның оңтүстік аймағындағы оқушылардың ауыл шаруашылығы тәжірибелік жүмыстарындағы химия, С.Мүсабеков химияны оқытудың биология және ауыл шаруашылығы ондірісімен байланысы, А.Г.Гатаулин ауыл мектептерінде химияны оқытудың топырақтану неғіздерімен байланысы, Л.П.Қалашникова химияны оқытудың жер туралы ғылымдармен байланысы, Л.З.Дюсюпова органикалық химияны оқытудың физикамен байланысы, К.А.Сарманова химияны оқытуда оқушылардың IV- VI сыныптарда жаратылыстану - математикадан алған білімдерін пайдалану мәселелерін зерттеді. Қазақстандағы органикалық химияның дамуы белгілі ғалымдар Д.В.Сокольский,

Т.К.Чумбалов, И.Н.Әзербаев, А.Ф.Сейтжанов есімдерімен тікелей байланысты. Бұл ғалымдар ѳздерімен бірге органикалық химия саласында іргелі және қолданбалы зерттеулердің дамуына маңызды үлес қосқан дарынды шәкірттер тәрбиеледі.

   Химияны оқыту әдістемесі жѳніндегі зерттеу жұмыстарының бір тобы аса маңызды дидактикалық мәселелерді шешуге бағытталған. 3. П. Петренко металдармен байланысты оқушылардың оздігінен істейтін жұмыс формаларын салыстыру, О.Хаймолдин химияны оқыту әрекетінде окушылардың таным әрекетін жандандыру, А.Мырзабаев химиядан кластан тыс жұмыстар жүргізумен байланысты оқушылардың практикалық дағдылары мен икемділіктерін қалыптастыру, М.Д.Жадрина химияны оқыту әрекетінде оқушылардың оқуға икемділігін дамыту мәселелері бойынша зерттеулер жүргізді. Осы жолдардың авторы қазақ тілінде химия терминологиясының шығуы және дамуы барысын, химия термиидерін оқыту әдістемесін, кейіннен ғылым тілінің окыту әрекетіндегі дидактикалық қызметтерін зерттеді. Айтылған ғылыми зерттеулердің нәтижесінде кѳптеген ғылыми мақалалар және әдістемелік құралдар жазылды. Мектепте химияны оқытудың озат тәжірибелерін жинақтап, кѳпшілікке таратуда, мұғалімдерғе арналган әдістемелік кеңестер жариялау КСРО Педагогика ғылымы академиясының Оқытудың мазмұны мен әдістері ғылыми-зерттеу институты казак бѳлімшесінің қызметкелері К.Ә.Сарманова, М.Д.Жадрина, әдіскер М.Х.Хасенова едәуір еңбек сіңірді. Әсіресе, еліміздің жетістіктерін ѳзіміздің отандык оқулықтарда жазып, оқушы дүниетанымына жеткізуде профессор Б.А.Мансұров еңбегін ерекше атауға болады. Химияны окыту әдістемесінің қалыптасуы және дамуымен оның алдында тұрған міндеттер туралы бірнеше ғалым-әдіскерлермен қатар, химия пәнінің, оның ішінде ауылдық жерлердің мұгалімдері ѳз еңбектерінде, мақалаларында, кандидаттық, докторлық зерттеулерінде кѳптеген ғылыми-педагогикалық әдістемелік мәселелер кѳтеруде. Олардың бәріне шолу жасау мүмкін емес. Дегенмен, елімізде химия пәнінің болашақ маман кадрларын даярлауда ѳз үлесін аянбай қосып келе жатқан біраз ғалым - әдіскерлерді атауға болады. Солардың ішінде, мәселен, химияны оқыту әдістемесінің әдіснамалық негізі бойынша профессор Ж.Ә.Шоқыбаев ѳзінің жүйелі ғылыми мектебін қалыптастыруда.

Оның дәлелі-күні бүгінге дейін химияны оқыту әдістемесі саласы бойынша түрлі зерттеу жүмыстарының дамуына аса маңызды үлес қосқан шәкірттер тәрбиелегендігі. Корнекті әдіскер, үсынылып отырған оқу қүралының түңғыш авторы Иманмәлік Нүғыманүлының басшылығымен және одан әрі қарай профессор Ж.Ә.Шоқыбаевтың жетекшілігімен З.О.Ѳнербаева «Номенклатура мен символиканың озара байланысы арқылы оқушылардың химиялық білімін жетілдіру» бағытында зерттеу жүмысын жүргізді. Сол сияқты профессор Ж.Ә.Шоқыбаевтың жетекшілігімен Қазақстанның іргелі аймақтарынан коптеген аспиранттар мен ізденушілер химияны оқыту әдістемесі ғылымының дамуына мол үлес қосатын еңбектерін үсынып, олар қазіргі оқыту әдістемесінде оң нәтижелерін беруде. Атап айтсақ, А.Н.Даниярова «Методика осуществления обобщения знаний на уроках химии», С.Г. Айтуганова «Методическая система контроля знаний студентов по химии как средство активизации учебной деятельности», Р.С.Абекова «Әкологиялық мазмұндағы есептерді шығарту әдістемесі», Г.А.Алиханқызы «Қытай мектептерінде химияны оқыту әдістемесін жетілдіру», Х.М.Рахымбек «Химия ғылымының дамуына байланысты химияны оқыту әдістемесін жетілдіру жолдары», С.Жайлау «Жоғары мектептерде физикалық және коллоидты химияны оқыту әдістемесі» секілді мәселермен айналысты.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.