Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ЛЕКЦИЯ. ЕСУ ЖӘНЕ ШИРАТУ. ПРОЦЕСТЕРДІҢ МӘНІ ЖӘНЕ МАҚСАТЫ. ШИРАТЫЛҒАН СОЗБАҒА АРНАЛҒАН СОЗБА МАШИНАЛАРЫ.



№13 ЛЕКЦИЯ. ЕСУ ЖӘНЕ ШИРАТУ. ПРОЦЕСТЕРДІҢ МӘНІ ЖӘНЕ МАҚСАТЫ. ШИРАТЫЛҒАН СОЗБАҒА АРНАЛҒАН СОЗБА МАШИНАЛАРЫ.

Жүн, мақта, зығыр, жібек және басқа да текстиль өнеркәсібінің салаларында жіптердің көп мөлшері ширатуға түседі. Дайын иірімжіпті немесе химиялық жіптерді ширату үшін қабаттау және ширату қолданылады.

Қабаттау, ширату процесіне дайындық болып табылады. Оның мәні қабатталған бұйым деп аталатын өнімге біртекті жіптердің берілген санын қосу болып табылады. Қабатталған бұйымдар сызықтық тығыздығы бойынша тегіс болады. Қабаттау кезінде бұйымның ұзындығы бойынша біртекті жіптердің тұрақты санымен және жеке компоненттердің керілу теңдігімен қамтамасыз ету керек. Содан кейін қабатталған бұйымды ширатуға жібереді. Ширатудың мәні, біртекті жіп бұранда сызығы бойынша орналасып созылады және серпімділік күшінің әсерінен ширатылған бұйым тығыздалады, яғни жіптер арасындағы үйкеліс күші жоғарыланып, үзілу салмағы да жоғары дәрежеге көтеріледі.

Иірімжіптен қалыптасқан ширатылған бұйым бірширатымды болып табылады. Иіруде ширату арқылы жеке талшықтардан иірімжіп қалыптасады.

Екіширатымды иірімжіп екі рет қабаттауға және екі рет ширатуға түсіріледі. Мұндай иірімжіптердің өңдеу құны жоғары болғанымен, бірширатымды бұйымдармен салыстырғанда оның сапа көрсеткіштері жоғары болады.

Иірімжіпті ширату текстиль жіптерінің физика-механикалық және басқа да қасиеттерін жақсартуға мүмкіндік береді:

- бір жіпті иірімжіппен салыстырғанда ширатылған иірімжіптің үзілу салмағы екі есе жоғарылайды;

 - ширатудың бағытына және қатынасына байланысты, ширатуға жіптің қаттылығы және майысқақтығы төмендеу жағына қарай, сонымен қатар жоғарылау жағына қарай өзгереді;

 - сызықтық тығыздығы, үзілу салмағы және ұзаруы бойынша тегіссіздігі төмендейді;

- жіптің тығыздығы, тозуға төзімділігі жоғарылайды;

 - әртүрлі сыртқы тиімді әсерлерді алуға мүмкіндік туады, сонымен қатар фасонды иірімжіптің қалыптасыуна мүмкіндік береді.

Ширатылған иірімжіптің елеулі артықшылығының нәтижесінде жоғары сапалы текстиль материалдары (мақта және жүнді тарақты иірімжіп, табиғи жібек) ширатылған иірімжіпке толығымен өңделеді, осыдан кейін матаға және трикотаж жаймаларына өңделеді.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.