Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ЛЕКЦИЯ. ТАРАҚТЫ СОЗБАНЫ ДАЙЫНДАУ. ТАРАҚТЫ СОЗБАНЫ ДАЙЫНДАУ КЕЗІНДЕГІ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕР: ОЛАРДЫҢ МАҚСАТЫ ЖӘНЕ МӘНІ.



№11 ЛЕКЦИЯ. ТАРАҚТЫ СОЗБАНЫ ДАЙЫНДАУ. ТАРАҚТЫ СОЗБАНЫ ДАЙЫНДАУ КЕЗІНДЕГІ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕР: ОЛАРДЫҢ МАҚСАТЫ ЖӘНЕ МӘНІ.

Иірімжіпті пневмомеханикалық иіру машиналарында өндірген жағдайда көректендіруші өнім ретінде таспалы машиналарының екінші өтімінен алынған таспа қолданылады. Иірімжіпті жоғары созу қабілетті созу аспаптары бар сақиналы иіру машиналарында өндірген кезде, иірімжіпті таспадан алуға болады. Бірақ, бұл жағдайда созу аспабының конструкциясы күрделенеді, машинаның габаритты өлшемдері улкиеді, сызықтық тығыздығы бойынша тегіс иірімжіпті шығару киындық тудырады. Сондықтан да, иірімжіпті қалыптастырудың сақиналы тәсілінде ең алдымен созба машинасында таспадан жіңішке өнім - созба алынады, ал созбадан сақиналы иіру машинасында қажетті сызықтық тығыздықтағы иірімжіп өндіріледі.

Созба машинасында таспадан жіңішке, ширатылған өнім-созба қалыптасады және ол тікиіршікке оралады. Созба машинасында созу, ширату, орау және қабаттау процестері іске асырылады.

Жүн иіру өнеркәсібіндегі созба бөлімінде бірінші кезеңде және ЛМШ-220 таспалы машиналарда сызықтық тығыздығы бойынша қосымша араластырылып тегістеледі. Созба машиналары таспаны ары қарай жіңішкерту үшін арналған. Таза жүн иірімжіп өндірісінде жіңішке тарақты жүйесінде есу жеңдерімен созу машиналары қолданылады, онда зат есумен тығыздалады.

Текстильді өнеркәсіптерде «Шлюмберже» фирмасының FM-3 машиналары, «Сант-Андреа-Навара» фирмасының SSK/11 және т.б. созу машиналары жұмыс істейді. 1 суретте «Шлюмберже» фирмасының FM-3 машиналары созба машиналарының технологиялық сызбасы келтірілген.

1-сурет. Есу жеңдері бар созба машиналарының технологиялық сызбасы.

Таздардан таспалар тығыздағыш воронка 1 келіп түседі, созу аспабының екібелдікті қоректендіруші жұп 2 алдында орналасқан. Бір зоналы созу аспабында жалпы созу 10-30 тең. Негізгі созу шығарушы жұп 6 және белдікшелер 5 арасында орындалады. Белдікшелер қосымша үйкелу күшін орындалады. Белдікшелер қосымша үйкелу күшін құрайды және созу аймвғында талшықтардың қозғалысын жақсылап бақылауын қамтамасыз етеді. Қоректендіруші жұп 2 мен белдікшелер 5 арасында тығыздағыш 3 орнатылған. Тісті доңғалақтар берілісімен айналу арқылы алынатын жоғары және төменгі белдікшелер негізгі цилиндрлер 4 пен 14 кигізіледі. Алдыңғы біліктер 13 және 12 белдіктер арқылы айналады. Жоғары белдікшесінің торында талшықтардың қозғалысын жақсылап бақылау үшін үш қысылған біліктер орналасқан. Созылған мычка есілген жеңдер 11 кірудің алдында тығыздағыш 7 компакты түріне ие болады.

Қоректендіруші 2 және шығарушы 6 жұп арасындағы арақашықтардың өзгеруі созу аспабында қарастырылмаған. Созылған таспалар есілген жеңдеріне түседі, олардың бір-бірінің арақашықтығы жақын орналасқан. Жеңдерді екі қозғалысты болады: заттың жүруі бойынша созбаны тасымалдау үшін және көлденең қайтымды-түсетін созбаны есу үшін қолданады.

Шарғылар қиыстырылып оралады. Бобинадағы созба бобина 9 оралады төмен түсірілген біліктер 10 қозғалатын кареткада орнатылған, қайтымды-түсетін қозғалысты орындайтын қозғалыссыз тығыздағыш 8 қатынасты орналасқан. Бір минутта каретка 110 жүріске дейін жасайды. Созбаның шығару жылдамдығы 120м/мин құрайды. Машина 12 немесе 16 рет өнім шығарады, бобинаға бір немесе екі созба оралады.

Талшықтарды орауды ескерту үшін машинадағы созу аспабындағы шығарушы жұптар пневможүйе 15 қамтамасыз етілген.

Өздігінен ширатылған созбаны қалыптастыру әдісінде созба машиналарының конструкциясы жеңілдетіледі және созбаны шығару жылдамдығы жоғарлайды.

Созбаны қалыптастыру мақсаты келесіде, екі иірім 1 мен 2 (сурет 2), созу аспабынан шығатын, белгі ауысымды ширатпамен кезектесуін хабарлап тұратын, содан соң иірімдер қосылады. Осы кезде әрбір иірім тарқатылады және бір уақытта ширатылады, ауысымды бағыттағы ширатпасы бар тең салмақты ширатпа зат 3 пайда болады.

 

2-сурет. Өздігінен ширатылған иірімжіп

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.