Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ЛЕКЦИЯ. ХИМИЯЛЫҚ ЖІП ЖГУТЫНАН ТАСПАНЫ ДАЙЫНДАУ. ИІРУДЕ ХИМИЯЛЫҚ ТАЛШЫҚТАРДЫ ҚАЙТА ӨҢДЕУ. ЖГУТТЫ ШТАПЕЛЬДЕУ ТЕОРИЯСЫ.



№9 ЛЕКЦИЯ. ХИМИЯЛЫҚ ЖІП ЖГУТЫНАН ТАСПАНЫ ДАЙЫНДАУ. ИІРУДЕ ХИМИЯЛЫҚ ТАЛШЫҚТАРДЫ ҚАЙТА ӨҢДЕУ. ЖГУТТЫ ШТАПЕЛЬДЕУ ТЕОРИЯСЫ.

  Қоспада табиғи талшықтармен химиялық талшықтарды қолдану - қоспаның иіру қабілетін және жабдықтардың өнімділігін жоғарылатады, аз сызықтық тығыздықтағы иірімжіпті өндіруге мүмкіндік береді, матамен басқа да бұйымдырдың материал сиымдылығын төмендетеді.

Құрамында химиялық талшықтар бар жартылай жүн маталармен трикотаж бұйымдарының шығару көлемі жылдан жылға өсуде, синтетикалық талшықтар, солардың ішінде полиэфирлі талшықтар кенінен қолданылады.

Текстиль өнеркәсібінің жүн саласында қолданылатын химиялық талшықтар өндірісінің техникалық деңгейі жоғарылайды, олардың сапасы жақсарады, ассортименті кеңееді.

Жүн саласының кәсіпорындарына химиялық талшықтар келесі түрде келіп түседі:

- кесілген талшық - жеке ширатылмаған жіңішке талшықтардың қысқа кесінділері;

- талшықты жгут – ұзындығы үлкен, параллельды орналасқан, ширатылмаған элементарлы жіптердің үлкен санынан қалыптасқан жгут;

- кешенді жіптер - ұзындығы үлкен, ширатылған, жалғыз жіңішке талшықтарының үлкен санынан қалыптасқан жіптер;

- ұзындығы үлкен моноталшықтар.

Химиялық талшықтар басқа компоненттермен бірге аппаратты және тарақты иірімжіп өндірісінде қолданылады. Кешенді жіптерді және моноталшықтарды дайын жүн иірімжіппен ширату үшін және армирленген иірімжіпті алу үшін қолданылады.

Жүн иірудің аппаратты жүйесінде кесілген химиялық талшықтар қоспа компоненті ретінде қолданылады.

    Жүн иірудің тарақты жүйесінде қоспа компоненті ретінде химиялық жгутты талшықтар қолданылады.

    Жіңішке тарақты иірудің кәсіпорындарына химиялық талшықтар жгут немесе кесілген түрде келіп түседі. Белгілі ұзындықта кесілген химиялық талшықтар кардты тарау алдында жүн талшықтарымен қоспаны дайындау үшін қолданылады. Қопсытылған химиялық талшықтар кардты тарау машиналарында және одан кейінгі машиналарда қарқынды және ұзақ өндеуге түседі. Бұл талшықтардың зақымдалуына және талшық шығынына, сонымен қатар өндеуді қиындатуға әкеп соқтырады. Жүнді иірудің аппаратты жүйесінде қолданылатын қалдықтарының құрамында химиялық талшықтардың болуынан қалдықтар құнсызданады. Химиялық талшықтарды жгут түрінде пайдалану, олардан тарақты тараусыз штапельдеу арқылы таспа өндіру анағұрлым үнемді болып табылады.   Жгутты талшықтарды кесіп – штапельдеу машиналарда, ал кесілген талшықтарды таралған таспаны өндіретін ағынды сызық құрамындағы жабдықтарда өңдейді. Жүн таспаларды химиялық таспалармен араластыру үшін тарақты тарау машинасының алдында орналасатын арнайы машина - меланжир ( таспа машинасы) қолданылады.

     Жүнді жіңішке тарақты иіру кәсіпорындарына кесілген турде келіп түскен химиялық талшықтар жүнмен бірге немесе бөлек карды тараудан өтеді. Біріккен кардты тарау жұнмен химиялық талшықтардың жақсы араласуын қамтамасыз етеді, бірақ бір қатар кемшіліктер пайда болады.

     Химиялық талшықтарды бөлек тараудың келесі артықшылықтары бар:

     талшықтарды массада араластыру талап етілмейді, осыған байланысты химиялық талшықтар технологиялық өтімдерінің аз санынан өтеді, өңдеу құны азаяды;

     химиялық талшықтарды сызықтық тығыздығы және ұзындығы бойынша тиімді сұрыптау үшін шарттар жасалады;

     жүн және химиялық талшықтарды бөлек кардты тарау процесінің оңтайлы параметрлерін таңдаудың мүмкіндігі себебінен талшықтардың жоғалуы азаяды және таралған таспаның сапасы жақсарады;

     химиялық талшықтарды тарау үшін тұтас металды аралы гарнитурасы бар, өнімділігі жоғары бір барабанды тарау машиналарын қолдану есебінен еңбек және құрал-жабдықтардың өнімділігі біршама жоғарылайды;

    кардты тарауда таза жүнді қалдықтарды алу және оларды шұға өндірісінде тиімді қолдану мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.

    Кесілген түрде келіп түсетін химиялық талшықтарды өңдеу технологиясының кемшілігі тарау машинасында және тарақты тарауда олардың біршама жоғалуы болып табылады.

   Жгут түрінде химиялық талшықтарды қолдануда технологиялық процестін қысқаруына байланысты жұмыс күшінің шығыны, шикізаттың жоғалуы азаяды және талшықтан иірімжіптің шығуы көбееді.

   Химиялық талшықтар үшін тарақты тарау процесін қолдану иірімжіппен матаның сапасын жақсартады, таспаның ақауларын азайтады.

   Жгутты химиялық талшықтарды қолдану тиімділігі химиялық штапельды талшықтар үшін қолданылатын процестерді (қопсыту, араластыру, кардты тарау, бір қатар жағдайларда тарақты тарау және тарақты тараумен байланысты таспа машиналарының бірнеше өтімдерін қолдану) жоюмен анықталады.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.