Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ЛЕКЦИЯ. ТАРАҚТЫ ТАРАУ ТАСПАСЫН ДАЙЫНДАУ. ИІРУДІҢ ТАРАҚТЫ ЖҮЙЕСІНЕ АРНАЛҒАН ТАРАУ МАШИНАЛАРЫ.



№8 ЛЕКЦИЯ. ТАРАҚТЫ ТАРАУ ТАСПАСЫН ДАЙЫНДАУ. ИІРУДІҢ ТАРАҚТЫ ЖҮЙЕСІНЕ АРНАЛҒАН ТАРАУ МАШИНАЛАРЫ.

Тарақты тарауда: талшықтар түзуленуі, қысқа талшықтар және қоқым-соқымдардан тазартылады. Тарақты тарау иірімжіптің қасиеттеріне жоғары талап қойылатын барлық жағдайда қолданылады, яғни иірімжіп жіңішке, тегіс, біркелкі, төзімді және жылтыр болуы керек.

Кардты тарау процесінен алынған таспаның құрылымы мақта тәріздес бос болып келеді. Таспадағы талшықтар дұрыс түзуленбеген. Мұндай таспаны тарақты тарауға болмайды, себебі талшықты инлермен қарқынды өңдеу, олардың үзілуіне әкеп соқтырады. Шикізаттың көп мөлшері тарақты тарамға түседі. Сондықтан таралған таспаны бірінші екі өрісті таспалы машиналарда өңдейді, осыдан кейін ғана тарақты тарауға жібереді. Тарақты тарауға таспаны мұқият дайындаудан кейін, осы процестің үнемдлілігі және өндірілетін өнімнің (тарақты таспаның) сапасы байланысты болып келеді.

Сапасы жоғары тарақты тарам алу үшін, талшық шығынын болдыртпас үшін, тарақты тарауға түсетін таспа тығыз және біркелкі болулары керек, ал олардың сызықтық тығыздығы тарақты тарау машинасының түріне сәйкес келулері керек: мерзімді жұмыс істейтін машиналарда 7,5-12 ктекс; үзіліссіз жұмыс істейтін машиналарда 25-35 ктекс-тен кем болмау керек.

Тарақты тарауғ таспаны дауындаудың мақсаты- талшықтарды параллельдеу және түзулеу, сонымен қатар қажетті сызықтық тығыздықтағы тегіс таспаны алу.

Сызықтық тығыздығы бойынша таспаның тегістілігі, тарақты тарау машинасына салынатын жайғақты қалыңдығы бойынша тегіс алу үшін қажет.

Тарақты тарауға таспаны дайындау таспалы машинаның бірнеше ауысымдарында жүзеге асырылады. Жүнді жіңішке тарақты иіру жүйесінде таспалы екі өрісті машинаның 3 ауысымын; дөрекі тарақты иіруде екі һрісті таспалы машинаның 2 ауысымын қолданады. Әр ауысым – бір машинадан кейін таспаның бір дүркінді өтуі.

Таспалы машиналарда келесі процестер жүзеге асырылады: қабаттау, созу, шүйкеге таспаны орау. Таспаларды қабаттау кезінде, кесінді салмағы бойынша таспаның тегіссіздігі төмендейді. Қабатталған таспаларды созу тарақты өрістері бар созу аспабында жүзеге асырылады, себебі тарамдалған таспадағы жүн талшығы түзуленбеген және ұзындығы және басқа да қасиеттері бойынша үлкен тегіссіздігімен ерекшеленеді. Қарапайым созу аспаптарында мұндай талшықты өнімнің жұқаруында, шығатын таспаның тегіссіздігі пайда болады.

Тарақты тарау – иірудің тарақты технологиясында негізгі және маңызды процестердің бірі болып табылады.

Тарақты иірімжіпті сипаттайтын барлық негізгі қасиеттері (қалыңдығы, тегістілігі, тазалығы, тегістілігі, төзімділігінің жоғарғы көрсеткіштері, ұзаруы және т.б.), тарақты тарауға байланысты пайд болады.

Тарақты тараудың мақсаты – таспалы машиналардың дайындығынан өткен таралған таспадан сапасы жоғары тарақты таспа алу.

Тарақты тараудың мәні – ұзындығы бойынша талшықтарды сұрыптау (қысқа талшықтарды кетіру), қоқым-соқым және басқа қоспалардан тазарту, түзулеу және параллельдеу.

Талшықты материалдардың негізгі қасиеттерінің бірі – талшықтың ұзындығы. Тарақты тараусыз жіңішке жүннен 31 текс-ке дейін ғана иірімжіп алуға болады. Тарақты тарауды қолдану, қысқа талшықтарды алып тастау есебінен иірімжіптің сызықтық тығыздығын 2 есеге төмендетуге болады.

Тарақты тарау иірімжіптің жақсы тазалануымен қамтамасыз етеді. Тарақты тараусыз жуылған жүнді өңдеген кезде иірімжіпте 20% дейін қоқым-соқымдар, түйдектер қалып қояды. Тарақты араудан кейін қоқым-соқым қоспалары 1 г. тарақты таспа және созбада 2-4 бірлігінен аспайды.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.