Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ЛЕКЦИЯ. АРАЛАСТЫРУҒА КОМПОНЕНТТЕРДІ ДАЙЫНДАУ. ҚОСПА КОМПОНЕНТТЕРІН ҚОПСЫТУ ЖӘНЕ ТҮТУ. ТАЛШЫҚТАРДЫ БОЯУ.



№3 ЛЕКЦИЯ. АРАЛАСТЫРУҒА КОМПОНЕНТТЕРДІ ДАЙЫНДАУ. ҚОСПА КОМПОНЕНТТЕРІН ҚОПСЫТУ ЖӘНЕ ТҮТУ. ТАЛШЫҚТАРДЫ БОЯУ.

 

Иірімжіпті дайындаудың технологиялық процестерінің жақсы өтуі өндірістің бастапқы кезеңінде шикізатты мұқият дайындалуына тәуелді. Компоненттерді араластыруға дайындау келесі операциялардан тұрады: талшықтардың жуандығы, ұзындығы, түсі бойынша компоненттерді таңдау; қоспадағы компоненттердің өзара жақсы араласуын қамтамасыз ету үшін әрбір компонентті жақсы қопсыту; талшықты материалды қоспалардан тазалау, бұл қоспаның иіру қабілеттілігін жоғарлатып, иірудегі үзілгіштікті төмендетеді және иірім жіптің сапасын жақсартады; технологиялы талаптарға сәйкес қоспадағы әрбір компонентті өңдеу (карбонизациялау, бояу және басқа) талшықтардың ұзындығын сақтап, түйіндердің пайда болуын жібермеу үшін, барлық операцияларда талшыұтардың зақымдалуы минималды болуы тиіс.

Тарақты иіруде біртекті, аз ластанған шикізат қолданылады, сондықтан компоненттерді араластыруға дайындау оларды қопсыту, тұту және шаңсыздандырумен шектеледі. Табиғи жүн күйіне тәуелсіз, түту, қопсыту, араластыру және бөлек кардтытарау процесстерінен өтеді.

Тарақты өндірістің қалдықтары (таспа және созба ұштары, иіру машинасынан алынған мычка) тарақты қоспаларда қолданылады.

Тарақты иіруде жүн дайындау бөлімінде араластырудың алдында ошағансыздандырылмайды. Ошағанды жүнді тарау және тарақты тарау машиналарында тазалайды. Қоспадлардың бір қатары тарау машиналарында орнатылған арнайы ошағансыздандыру құрылғыларымен алынады, қалған қоспалар тарақты тарау машиналарында тарақты тарау процесінде келтіріледі.

Тарақты иіруде жүн талшығын таспа күйінде тарақты тараудың алдында немесе тарақты тараудан кейін бояйды. Араластырудың алдында талшықты массада бояуды жүргізбейді.

Қоспада қолданылатын химиялық талшықтар үлесі 10-15% көп болмаса, оларды тарақты өндірісінің дайындау бөлімі машиналарының біреуінде қопсытады. Кипаға қапталған химиялық талшығын қопсыту үшін кипті қоректендіргіш, қопсыту немесе түту машиналарын қолдануға болады.

Егер химиялық талшықтарды араластырудың алдында бояйтын болса, онда олар келесі операциялардан өтеді: бояу, сығу, қопсыту, кептіру және түту машинасында қайта қопсыту.

Қазіргі кезде камвольді кәсіпорындарға химиялық талшықтар жгуть түрінде келіп түседі. Жгуттан таспа дайындап, оны жүн таспамен араластырады. Жүн және химиялық талшықтары араластыру жиі қолданылады.

Аппаратты иіру жүйесінде шикізатты араластыруға дайындау, тарақты жүйемен салыстырғанда күрделі. Аппаратты иіруде табиғи жүнмен қатар, аппаратты иіруде алынған барлық қалдықтар тоқу және өңдеу өндірістерінің қалдықтары, қайта өңделген жүн және химиялық талшықтар қолданылады. Шикізаттың көп түрлері оларды дайындау үшін күрделі процестерді талап етеді. Соның ішінде карбонизациялау, бояу, жуу және т.б.

Аппаратты иіру жүйесінде шикізатты араластыруға дайындау.

Талшықтық материалдар қасиеттері әр түрлі партияда ғана емес, сонымен бірге жүннің бір партия көлемінде, киптерде бірдей болмайды, талшықтар қасиетін түзету үшін, біртекті иірімжіп алу және оның сапасының тұрақтылығын алу, фабрикаға түсетін шикізаттан қоспа құрау міндетті түрде қажет.

Қажетті сапалы біртекті иірімжіп алу үшін, қоспа рецептін дұрыс құрау өте маңызды және сонымен бірге оның барлық компоненттерін мұқият араластыру керек. Қоспа рецепті–қоспадағы олардың әр қайсысының пайыздық құрамымен көрсетілген компоненттердің тізімі. 

Араластыру шарты – талшықтар компоненттерін мұқият араластыру және қоспа құрамы бойынша бірдей бөлу керек. Бұл бөлу былай болуы керек: әр қоспалардың аз ғана үлгісінде компоненттер арасындағы қатынастары берілген қоспаның рецептіне жақын болар еді.

Араластыру мақсаты – иірімжіпті құрамы бойынша бірдей етіп алуға негізделген. Қоспаның рецептін құру кезінде келесі негізгі қағидаларға сүйену керек.

Қоспаның әрбір компоненті ұзындығы, қалыңдығы бойынша бірдей болуы, талшықтар үзілісінің созылуына және өңдеп шығарылатын иіру сапасына сәйкес болуы керек.

Таза жүнді иірімжіп үшін араластырылатын компоненттердің қасиеттерінде аз ғана айырмашылық жіберіледі.

Әртүрлі компоненттерден алынған жоғарғы сапалы қоспаларда міндетті түрде араластырылатын компоненттер талшықтары қасиеттері арасында сәйкестікті қамтамасыз ету және қоспаның барлық бөліктерінде компоненттер арасындағы сандық сәйкестікті тұрақтандыру.

Иірімжіптің керекті сапасын толық қамтамасыз етумен бірге қоспаның бағасы аз болуы керек.

Иіру өндірісінің турлі кезеңдерінде араластыру негізгі келесі әдістермен жүзеге асады: қабаттармен, таспалармен, машина камерасында.

Қабатымен араластыру талшықтардың барлық түрін иіруде қолданылады. Бұл әдістің маңыздылығы – қоспаның жеке компоненттері қабаттарыменараластырады, біреуінен екіншісіне және барлық қабаттардан бірдей уақытта материал порциясы перпендикулярлық қабаттар бағытында алынады

Жүнді таспалы, таспалы – араластырғыш, созба және иіру машиналарында екі немесе бірнеше өтімдерде араластыру қолданылады.

Араластырудың камералық әдісі, рецептке сәйкес келетін порциядағы барлық компоненттер қоспасынан алынған талшықтық материал, машина камерасында қозғалғыш бөлшектер көмегімен араластырылады.

Шикізатты араластыруға дайындау процестері, оның түрлі компоненттерін кардотарау – бұл біртекті жүнді иірімжіпті өндіру процесінде бастапқы кезең болып саналады. Мұндай еңбек сиымдылық операциялары, яғни талшықты материалдарды майлау, араластыру, тасымалдау операциялары механикаландырылған. Өндірістің анықталған бөліктерінде өндірісті автоматтандыру мен кешендік механикаландыру жүзеге асыратын машиналар мен агрегаттар автоматтандырылған ағынды сызықтарында біріктірілген.

Ағынды сызықтар ауыр қол еңбегін толығымен механикаландыру және компоненттерді араластыру, эмульсиялау, қоспаларды кардты тарауға дайындау процестерінің ағынын біріктіруге мүмкіндік жасайды.

Текстиль саласының кәсіпорындарында, тарақты таспа және аппараттық созба дайындау үшін автоматтандырылған ағынды сызықтар кенінен қолданылады.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.