Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Нивелирлік рейкалары. орытынды. Мемлекеттік геодезиялық тораптар



Нивелирлік рейкалары

Нивелирлеу үшін тұтас немесе бүктемелі ағаш рейкалар (24 сурет) қолданылады, олар ұзындығы 3–4 метр, ені 10 см және қалыңдығы 2–3 см бітеу тұтас тақтай ағаш болып табылады. Тақтайлар ақмайлы бояумен боялады және оларға сантиметрлік торкөз бөліктер түсіріледі. Онда әрбір дециметр жазылады, ал сантиметрлік бөліктер есептеулерді жеңілдету үшін 5 см сайын топтарға біріктіріледі. Рейканың ең кішкене бөлігінің сандық шамасы рейка бөлігінің бағасы деп аталады. Тұтас рейканың ең үлкен ұзындығы 3 м-ге тең.

Рейканың төменгі жағына рейканы тез тозудан қорғайтын болат пластинкадан тақа қағылып қойылады.Рейкалар бір жақты немесе екі жақты болуы мүмкін, екіншісінде оның бір жағында қара бөліктер, екінші жағында қызыл бөліктер болады. Осыған орай рейканың жақтары қызыл және қара болып бөлінеді. Рейканың қара жағындағы нөлге тең есептеу, оның тақасымен дәл келеді, ал қызыл жағындағы тақаға сәйкес келетін есептеу нөлге тең болмайды.

Жұмыс басталмай тұрып рейкаларды тексеріп алған жөн. Ол үшін рейканы горизонталь күйінде жатқызып, оған тексеру метрін қойып, оның әрбір метрі мен дециметрін өлшейді. Оның дециметрлік бөліктерінің кездейсоқ қателіктері 1 мм-ден, ал рейканың барлық ұзындығындағы қателік 2 мм-ден аспауы тиіс.

Қорытынды

Мемлекеттік геодезиялық тораптар

Мемлекеттік геодезиялық тораптар жиілету және түсіріс торларын одан әрі дамытудың, сонымен қатар ізденіс, құрылыс, жер қойнауын пайдалану, жерге орналастыру, т.б., көптеген инженерліқ есептерді шешудің негізі болып табылады. Сондықтан, геодезиялык тораптарды құрудың дәлдігің қамтамасыз ету үшін оның бұрыштық және ұзындық өлшеулері тиісті аспаптар мен тәсілдер арқылы жүргізілуге тиісті Мемлекеттік геодезиялык тораптарга мыналар жатады: а) 1,2,3,4 кластың пландық жүйелер, олар өзара бұрыштық және ұзындық өлшеулер дәлдігімен, жүйе қабырғаларының ұзындықтарымен ерекшеленеді. Пландық жүйелер триангуляция, триатерация, полигонометрия әдістерімен кұрылады. ө) I, II, III және IV класты биіктік нивелирлік тораптар. Олар геометриялық нивелирлеу әдісімен кұрылады. Геодезиялык жүйелер жалпыдан жекеге қарай көшу принципімен: жоғары жүйеден, яғни 1-кластан төменге карай неғұрлым дәл құрылғаннан, соғұрлым ұсақтау және дәлдігі кемдеу класқа карай кұрылады. 1-класты жүйе мейлінше жоғары дәлдікке ие болады және ол төменгі кластарға геодезиялык жүйелердің дамуы мен орлардың пункттерінің координаталарын біртұтас жүйеде есептеу үшін, негіз кызметін атқарады.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.