Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Жапырақ



Жапырақ

 

Жапырақ-өсімдіктің өсу мүшесі

Жапырақтың қызметі-фотосинтез, артық суды буландыру (транспирация), газ алмастыру, қор жинау, көбею

Жапырақтың сыртқы құрылысы-тақта(алақан) және сағақ

Жапырақтың кеңейген бөлігі-тақтасы

Сабаққа бекінетін жіңішке бөлігі-сағағы

Қынап дегеніміз-жапырақ тақтасының негізі ұзарып өсіп, сағақтың орнына түтік тәрізді қусырылуы

Қынапты жапырақта-бидай, жүгері, қамыс, балдырған, күріш

Ине тәрізді жапырақты өсімдіктер-қарағай, шырша

Таспа тәрізді жапырақты өсімдіктер-бидай, қарабидай, жүгері, арпа

Жүрек тәрізді жапырақты өсімдіктер-жөке, гүлшетен

Бүйрек тәрізді жапырақты өсімдіктер-Құсшөп

Жебе тәрізді жапырақты өсімдіктер-шырмауық

Жай жапырақ-бір ғана жапырақ тақтасы бар жапырақ

Жай жапырақты өсімдіктер-терек, қарағаш, қайың, жөкежәне т. б.

Күрделі жапырақ-бір сағақта екі,одан да көп майда жапырақшалары бар

Үш құлақты күрделі жапырақты өсімдіктер-беде, соя

Жұп қауырсын күрделі жапырақты өсімдіктер-асбұршақ, сары қараған, чина, қоянбұршақ

Тақ қауырсын күрделі жапырақты өсімдіктер-қызыл мия, ақ мия, итмұрын, ақ қараған, шаған, шетен, грек жаңғағы

Жүйкелену дегеніміз-өткізгіш шоқтардың жапырақ тақтасына орналасуы

Жүйке тұрады- өткізгіш және тірек ұлпаларынан

Қауырсын тәрізді торлы жүйкеленген өсімдіктер-тал, терек, алма, алмұрт

Саусақ салалы жүйкеленген өсімдіктер-үйеңкі, үпілмәлік, бегония

Параллель (қатарласа) жүйкеленген өсімдіктер-бидай, жүгері

Доғалы жүйкеленген өсімдіктер-інжугүл, жолжелкен

Жапыраққа жүйке арқылы өтеді-су, минералдар

Жапырақтың ішкі құрылысы-мөлдір, түссіз үстіңгі және астыңғы өңі мен қалың, жұмсақ ортаңғы қабаты

Жанаспалы жасушалар-жарты ай немесе бүйрек пішінді бір-бірімен жанасқан екі жасуша, Жанасқан жерінде саңылауы бар. Саңылау арқылы газ алмасады

Күндіз саңылау ашылады-хлорофилл дәндерінде күн сәулесінен қант түзіліп, қысым артып

Саңылау жабылады-түнде қант мөлшері азайып және егер күндіз өте ыстық, желді болса ылғалды сақтау үшін

Жапырақтың ортаңғы жұмсақ бөліміндегі жасушалар пішініне қарай

-бағаналы және борпылдақболып екіге бөлінеді

Бағаналы жасушалар-жарық мол түсетін өңнің астына жанаса жатады

Борпылдақ жасушалар-жасушалары тығыз орналаспай арасында кеңістіктері болады, жапырақ жүйкелері осы қабатта

Күн сәулесі мол түсетін жерлерде өсетін өсімдіктердің жапырақтарында

-бағаналы жасушалар 2-3 қатар болып орналасқан, жанаспалы жасушалар саны да көп

Көлеңкеде өсетін өсімдіктердің жапырақтарында-бағаналы жасушалар 1-2 қатар немесе тіпті болмайды. Хлоропластары ірі, хлорофилдері көп

Ылғалы аз жердегі жапырақтар-кішкене, бозғылт сұр түсті, түкті, тікенекке, қабыршаққа айналған

Ылғалы мол жерде өсетін өсімдіктердің жапырақтары-тақтасы ірі, айқын жасыл түсті, жанаспалы жасушалары да көп

Фотосинтездің ашылу тарихы басталады-1630 жылы, Ван Гельмонт өсімдіктер органикалық заттарды топырақтан алмай, өздері түзетінін дәлелдеген

Фотосинтездегі хлорофилдің рөлін алғаш сипаттаған-атақты орыс ғалымы   К. А. Тимирязев

Су булануының маңызы-ыстық күндері жапырақты күн сәулесінен қызып кетуден сақтайды

Жапырақ жүйкелерінің ұшы, тақтасының жиегі тікенекті болады-түйетікен, шағыртікен

Жапырақ тақтасы түгелдей тікенге айналған-сарыағаш, кактус, кәріқыз, қарлыған

Жапырақ түктері тікенге айналған-итмұрын

Тікенекті жапырақтың өсімдік тіршілігіндегі маңызы-малға жем болудан қорғану, суды аз буландыру

Мұртшаға айналған жапырақтар-асбұршақ, үрмебұршақ

Қабыршаққа айналған жапырақтардың маңызы-бүршіктің, пиязшықтың ішкі бөліктерін зақымданудан, улы газдардың зиянды әсерінен қорғайды

Шырынды жапырақтар-пияз, қырыққабат өсімдіктерінің жапырақтары қоректі заттарды қорға жинайды

Бунақденелілерді аулау құралына айналған жапырақтар-сазда, батпақта, тоқтау суларда, көлдерде азот пен минералды тұздар жетіспейтін жерде өсетін өсімдіктерде болады. Мысалы шыбынжұт, шықшылдық

Сазда, батпақта азот жетіспейтін жерлерде өсетін өсімдіктердің жапырақтары айналған- ұстағыш құралға

Жетілмеген жапырақтар-ылғалы жетіспейтін шөлді, шөлейтті, құмды жерлерде өсетін өсімдіктер мен паразитті тіршілік ететін өсімдіктердің жапырақтары жетілмейді немесе мүлде болмайды. Мысалы: сексеуіл, жүзгін, қылша, арамсояу, сұңғыла

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.