Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Класс тармақтары. Негізгі қағанақтылар отряды. Түр саны – 370



Класс тармақтары

 

Сүтқоректілер класы жіктеледі - 2-ге,  ілкі (жұмыртқалаушы)  және қазіргі

Ілкі аңдарға жатады - жұмыртқалаушы сүтқоректілер (үйректұмсық, түрпі, түрпітек-праехидна)

Ілкі аңдарда –емшегі жоқ, сүт тамшылары шұқырақтан шығады

Қазіргі аңдар - 2-ге бөлінеді  қалталылар (төменгі сатыдағы аңдар) және қағанақтылар (жоғарғы сатыдағы аңдар)

Қалталылар- басым көпшілігі Австралияда, аздаған түрлері Оңтүстік Америкада, ұрпақтары өте кіші, әлжуаз. (кенгуру, қалталы қасқыр, коала)

Қалталы сүтқоректілер пайда болған - 140 млн жыл бұрын

Жорғалаушылар мен сүтқоректілер арасындағы өтпелі форма - бұдан 230-180 млн жыл бұрын өмір сүрген аңтісті кесіртке (иностравенция)

 

Негізгі қағанақтылар отряды

1.Бунақденеқоректілер- миы нашар дамыған, дене температурасы тұрақты емес, тістерінің құрылысы біркелкі, көздері нашар көреді, иіс сезуі жақсы дамыған (кірпі, жұпартышқан, жертесер, көртышқан)

Түр саны – 370

Өкілдері –жұпартышқан, жертесер, көртышқан

Тұмсығы- алдыға қарай шығыңқы, тістері біркелкі

Қазақстанда кездеседі - кәдімгі, құлақты, қара кірпі

2.Кемірушілер -күрек тістері жақсы жетілген, ит тістері мүлде болмайды

Қазақстанда ғана таралған кеміруші - қалқанқұлақ (1938ж Селевин  Бетпақдала шөлінен тапқан)

Түр саны – 178

Өкілдері- суыр, жайра, кәмшат, құндыз, тиін, судоңыз, көксуыр, қосаяқ, егеуқұйрық

Қоректенуі- өсімдіктің қатты бөлігі, ағаш сүрегі

Ішегі- соқырішегімен бірге жақсы дамыған

3. Қолқанаттылар отряды- Қазақстанда 27 түрі, жалпы -1000 түрі бар. Қызыл кітапқа 3 түрі тіркелінген

Өкілдері - салпаңқұлақ, қатпарерінді, ақбауыр жарқанат, қансорғыш

Сүйектері- жұқа, жеңіл, төсі қырлы

Алдыңғы аяқтары –қанатқа айналған

4. Жұптұяқтылар- 3-4 саусағы жақсы жетілген, күйіс қайтаратын және қайтармайтындар болып бөлінеді

Түр саны – 150

Өкілдері -шошқа, бегемот, доңыз, бұғы, арқар, киік, қой, ешкі, сиыр, жираф т.б

Күйіс қайтармау себебі- ит тістері ұзын, азу тістері бұдырлы, қорегін толық шайнап жұтады және кенеулі азықпен қоректенеді

Саусағы –екеу немесе төртеу, тұяқтар саны жұп болады

Доңыз мүшелдік жыл санауға кірген жыл- 12-ші, аталығы - қабан, аналығы - мегежін, төлі - торай

Мүйізінен қымбат бағалы дәрі алынады- бұғы, аталығы - бұғы, аналығы - марал, төлі - қодыға

Елік- аталығы - күлміз, аналығы - сөге, төлі - еңлік

Қуысмүйізділер- қарақұйрық, ақбөкен, таутеке, арқар, қой

Арқар- аталығы құлжа, төлі қозықа

Қойдың арғы тегі- арқар, муфлон

Ешкінің арғы тегі- таутеке

5. Жыртқыштар- түр саны - 235, Қазақстанда 31, сойдақ және азу тістері жақсы жетілген

Өкілдері –қасқыр, ит, шиебөрі,түлкі, аю, мысық, ілбіс, арыстан, жолбарыс

Тістері– өткір сойдақ, жыртқыш тіс деп аталады

Бұғанасы– жоқ

Ішектері– қысқа, жануартекті қорекпен қоректенеді

Қазақстанда кездеседі- қоңыр аю (аталығы - матай, аналығы - кірекей, төлі - қонжық)

Қасқыр тұқымдастар- шибөрі, қасқыр, қарсақ, түлкі

Қасқыр- көсемі - абадан, аталығы - арлан, көкжал, сырттан, біршек; аналығы - шулан, құртқа; төлі-бөлтірік

Мысық тұқымдастар- қабылан, сабаншы, қарақұлақ, сілеусін, ілбіс (қар барысы)

Барыс мүшелдік жыл санауда- 3-ші жыл

Барыс- аналығы - таутан; төлі - алан

Сусар тұқымдастар- сусар, бұлғын, күзен, аққалақ, ақкіс, борсық, ит аю

6.Ескек аяқтылар-дене пішіні ұршық тәрізді, аяқтары ескекке айналған, көп уақытын суда өткізеді, құрлыққа көбею, тынығу күшіктеу кезінде ғана шығады

Түр саны – 80

Өкілдері -  көгілдір кит, сұр кит, дельфин, кашалот, тіссіз кит

Денесі–сүйір, қос қалақты құйрығы бар, тері астында қалың майы жылу сақтайды

Теріде– бездері, жүн, артқы аяқтары болмайды

Тісті киттерде – тісі ірі

Мұртты киттерде- тісі жоқ, орнына мүйізді тақташалар болады, оны кит мұрты дейді

7.Маймылдар (приматтар)  –қан тобы адамға ұқсас, тістің барлық түрі бар, емшегі бірден үш жұпқа дейін, аяғы табанымен жүруге бейімделген

Түр саны-200

Өкілдері- мартышка, павиандар, горилла, шимпанзе, орангутанг

Бұғана сүйегі–бар

Алдыңғы қолы –кәрі жілікті құратын шынтақ сүйек пен шыбық сүйек бірінен –бірі толық ажырасып орналасқандықтан жақсы қимылдайды

Бас бармағы –басқа саусақтарға қарама-қарсы орналасқан

Алдыңғы ми сыңарында –иірімдер мен жүлгелер бар

8.Қоянтәрізділер –алдыңғы аяғы қысқа, артқы аяғы ұзын, құлағы үлкен, құйрығы қысқа немесе жоқ болады

Тісі- жоғары күрек тістерінің артында ұсақ жұп тісі болады

Түр саны-65

Өкілдері– орқоян, аққоян, үй қояны

9. Тақтұяқтылар – тұяқпен қапталған аяқтарында бір немесе үш саусақ болады.

Түр саны – 16

Өкілдері – жылқы, есек, зебра, мүйіз мұрын (носорог)

Қарны – күрделі емес, бір бөлікті

Қоректі –тікелей жұтып, қарындағы бактериялардың көмегімен қорытады

10.Еттұмсықтылар – Пілде ерекше мүше еттұмсық болады, өсімдік қоректі

Түр саны – 2

Өкілі– индиялық және африкалық піл

Еттұмсық– үстіңгі ерін мен мұрынның созылуынан пайда болған

Еттұмсық – сипап сезіп иісті ажыратады, заттарды қармайды

Жабайы жануарлар қолға үйретіле бастаған уақыт - 10-15 мың жыл бұрын

Ең алғаш қолға үйретілген жануар - ит

Иттің жабайы арғы тегі - жабайы қасқыр

Вавилов - үй хайуанаттарының 6 мәдени орталығын анықтады

Жылқы тұқымдасына жатады - зебра, құлан, тарпаң, түзат

Жылқының жабайы арғы тегі - түзат (тарпаң)

Құлан үйірлерінде бүкіл үйірді басқарады -айғыр

Бүкіл үйірдің орын алмастырып, қозғалуын бағыттап отырады - бие

Тарпаң жойылған - ХІХ ғасырдың басында

Көнтабандылар отрядына жатады - түйе, түйетек, гуанака

Айыр өркешті түйе- жабайы түрі - қаптағай, ғылыми аталуы - бактриан; аталығы - бура, аналығы - інген

Сыңар өркешті түйе- жалпы аталуы нар, ғылыми аталуы дромадер; аталығы -үлек; аналығы - мая, аруана

Еділбай қойы- халықтық сұрыптау әдісімен шығарылған, етті-майлы бағытта өсіріледі

Әдемі және қымбат бағалы елтірісі арқылыбүкіл дүние жүзіне белгілі қой тұқымы

-қаракөл

Қаракөл қойы шығарылған-бұдан 3-3,5 мың жыл бұрын Орта Азия жерінде халықтық сұрыптау тәсілімен

Мүшелдік жыл санауда қой -8-ші жыл

Еңбек ері атағын 2 рет алған шопан - Жазылбек Қуанышбаев

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.