Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Нәрестенің гипоксиясы және асфиксиясы. Нәрестенің реанимациясы



Нәрестенің гипоксиясы және асфиксиясы. Нәрестенің реанимациясы

 

1. Егер туылғаннан соң баланың тыныс алуы жақсы болса, онда ауыз бен мұрын қуыстарын аспирациялаудың қажеттілігі:

* + Міндетті емес

* Таңдамалы

* Міндетті

* Жасалғаны жөн

* Жаппай

 

2. Қазақстан Республикасында перинаталдық өлімнің себебінде бірінші орынды алады:

* босану жарақаты

* құрсақішілік сепсис

* құрсақішілік пневмония

* мерзімінен асқан жүктілік

* + нәресте гипоксиясы және жаңа туылған бала асфиксиясы

 

3. Шала туылған бала өлімінің жиі себебі:

* сепсис

* патологиялық сарғаю

* геморрагиялық ауру

* туа пайда болған ақаулар

* + респираторлы дистресс-синдромы

 

4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (2010) клиникалық хаттамаларына сәйкес, нәрестенің «гипоксиясы» келесі жағдайдың синонимі болып табылады:

* аса қауіпті

* + қауіпті

* компенсацияланған

* қанағаттанарлық

* декомпенсацияланған     

 

5. Нәресте тіндері мен ағзаларының оттегімен қамтамасыз етілуінің жетіспеушілігі немесе оттегі жеткіліксіз жұмсалса денесінде күрделі өзгерістер тудырады, ол аталады:

*асфиксия

* гипоплазия

*гипотропия

* гипертрофия

+ гипоксия (өміріне қауіпті)

 

6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (2010) клиникалық хаттамаларына сәйкес, босанудың бірінші немесе екінші кезеңінде нәрестеге оттегі жетіспеушілігі әсерінен жаңа туылған баланың өзіндік демалуға қабілетсіздігі немесе демалысының қалыптаспауы аталады:

* апноэ

* атрофия

* арефлексия

+ асфиксия

* гипоксия (өміріне қауіпті)

 

7. Жаңа туылған баланың асфиксиясы – бұл босану немесе толғақ кезінде оксигенацияның бұзылу салдарынан, келесіні бастауға немесе қалыпты жалғастыруға қабілетсіздігі:

* + өздігінен тыныс алуын

* артериалды қан қысымын

* зәр шығаруды

* жүрек соғуын

* пульсін

 

8. Асфиксия – бұл мына кезеңдегі оксигенацияның бұзылу салдарынан пайда болатын жаңа туылған баланың өздігінен тыныс алуды бастауға немесе қалыпты тыныс алуды жалғастыруға қабілетсіздігі:

* жүктілік кезінде

* сәбилік кезінде

* + босану және толғақ кезінде

* неонаталды кезең

* ерте неонаталды кезең

 

9. Босану және толғақ кезіндегі оксигенациясының бұзылуы салдарынан жаңа туылған баланың оздігінен тыныс алып бастауы немесе қалыпты тыныс алуды жалғастыруға қабілетсіздігі аталады:

* Арефлексия

* + Асфиксия

* Гипоксия

* Тахипное

* Апное

 

10. Жаңа туылған баланың асфиксияда туылуын келесі факторлар жоғарылатады :

+ мерзіміне жетпеген жүктілік, қағанақ суына меконийдың араласуы

* мерзіміне жеткен жүктілік, ашық түсті қағанақ суы

* реанимацияға арналған жабдықтардың болуы

* жабдықталған бөлменің болуы

* үйретілген қызметкерлердің болуы

 

11. Жаңа туылған бала асфиксиясы клиникалық диагнозы келесі кезеңде койылады:

* реанимацияға дейінгі

* реанимациядан кейінгі

*туғаннан кейін бірден +

*туғаннан кейін 1 минуттан соң

* туған кейін 3 минуттан соң

 

12. Егер реанимациядан кейінгі кезеңде метаболикалық ацидоз жаңа туылыған баланың кіндік артериясының қанында анықталса, Апгар шкаласымен 5 минуттан соң 0-3 баллмен бағаланса, перинаталды энцефалопатия белгілері анықталса және бір не одан көп жүйе мен ағзалар зақымданса, онда нәрестеге клиникалық диагноз қойылады:

* сау

* гипоксия

* + асфиксия

* арефлексия

* босану жарақаты

 

13. Жаңа туылған бала кіндігінің артериалды қанында дәлелді метаболикалық ацидоз (рН 7,0 және базалық тапшылығы ≥12) және бір және одан да көп жүйелердің не ағзалардың зақымдалу, неврологиялық статусының бұзылу (перинаталды энцефалопатия) белгілері анықталып, Апгар шкаласы бойынша 5-ші минутта – 0-3 баллға бағаланғанда, төмендегі клиникалық диагноз қойылады:

* апноэ

* атония

* асистолия

+ асфиксия

* арефлексия

 

 

14. Асфиксияда туылған нәресте , келесі шұғыл шараны қажет етеді:

* бақылауды

+ реанимацияны

* фототерапияны

* қарқынды терапияны

* «тері теріге» жанасуды

 

15. Асфиксиямен туылған нәресте дереу келесі шараларды жүргізуді қажет етеді:

* + Реанимацияны

* Фототерапияны

* Қарқынды терапияны

* Симптоматикалық терапияны

* Жаңа туылған баланың алғашқы өңделуін

 

16. Жаңа туылған баланың асфиксиясы клиникалық диагнозы келесі кезеңде қойылады:

* босану кезінде

* реанимацияда

* реанимацияға дейін

* туыла салысымен

* + реанимациядан кейін

 

17. «Акушерия мен неонатология бойынша ҚР-ның денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы мен негізгі клиникалық хаттамаларына» (2010) сәйкес, туылған кезде неонаталды асфиксияның келесі түрлерін ажыратады:

* жеңіл, жеңілдеу, ауыр

* + орташа немесе жеңілдеу, ауыр

* ерте, кештетілген, кеш

* жедел, жеделдеу, созылмалы

* компенсацияланған, субкомпенсацияланған, декомпенсацияланған         

 

18. Егер нәресте өздігінен тыныс алмаса немесе тұрақсыз, жүректің соғу жиілігі минутына 100 реттен көп, бұлшықет тонусы салыстырмалы түрде жақсы,  тері жабындылары цианозды болса, осы баладағы белгілер туылған кездегі асфиксияның жіктелуіне сәйкес келеді:

* дені сау балаға

* ауыр асфиксияға

* компенсацияланған асфиксияға

* декомпенсацияланған асфиксияға

* + жеңілдеу және орташа неоталды асфиксияға

 

19. Неонаталдық асфиксияның жіктелуі:

* біріншілік, екіншілік

+ женіл, орташа, ауыр

* жедел, жеделдеу, созылмалы

* шынайы, жалған, күмәнді

* компенсацияланған, декомпенсацияланған

 

20. Жаңа туылған балада өзіндік демалысы ретсіз немесе жоқ, жүректің жиырылу жиілігі минутына 100 реттен көп, бұлшықет тонусы салыстырмалы түрде жақсы, тері қабаты цианозды—бұл неонаталдық асфиксияның келесі түріне тән:

* ауыр

* жедел

* созылмалы

* компенсирленген

+ женіл немесе орташа

 

21. Жаңа туылған балада өзіндік демалысы ретсіз немесе жоқ, жүректің жиырылу жиілігі минутына 100 реттен кем немесе жоқ, бұлшықет тонусы төмен, тері қабаты цианозды немесе бозғылт—бұл неонаталдық асфиксияның келесі түріне тән:

 * жедел

+ ауыр

* созылмалы

* компенсацияланған

*женіл және орташа

 

22. Егер нәресте өздігінен тыныс алмаса немесе тұрақсыз, жүректің соғу жиілігі минутына 100 реттен аз немесе мүлдем жоқ, бұлшықет тонусы төмен, тері жабындылары цианозды немесе ақшыл болса, осы баладағы белгілер туылған кездегі асфиксияның жіктелуіне сәйкес келеді:

* дені сау балаға

* компенсацияланған асфиксияға

* декомпенсацияланған асфиксияға

* + ауыр неонаталды асфиксияға

* жеңілдеу және орташа неоталды асфиксияға

 

23. «Акушерия мен неонатология бойынша ҚР-ның Денсаулық Сақтау Министрлігінің бұйрығы мен негізгі клиникалық хаттамаларына» (2010) сәйкес, нәрестенің өздігінен тыныс ала алмауын не тынысының дұрыс болмауын келесі топқа жатқызуға болады:

* + Реанимация шараларын шұғыл жасау

* Дені сау нәресте күтімі

* Ірі нәрестеге арнайы күтім жасау

* Салмағы аз нәрестеге арнайы күтім жасау

* Даму ақауы не босану жарақаты бар нәрестеге күтім жасау

 

24. Жаңа туылған баланың реанимациясының мақсаты- келесі көрсеткіштердің өзіндік қалпына келуі:

* тері жабындылары мен шырышты қабаттарының қызғылт түсі

* шартты рефлекстері мен бұлшықет тонусы

* шартсыз рефлекстері мен фотореакциялары

+ тыныс алу мен жүрек соғысы

* дефекациясы мен зәр шыгаруы

 

25. Жаңа туылған баланың реанимациясы келесі қағида бойынша жүргізіледі:

* бағалау - іс-әрекет- шешім қабылдау

* шешім қабылдау-бағалау-іс-әрекет

+ бағалау- шешім қабылдау- іс-әрекет

* шешім қабылдау - іс-әрекет -бағалау

* іс-әрекет –шешім қабылдау – бағалау

 

26. Жаңа туылған баланың реанимациясының нәтижелілігінің негізгі көрсеткіштері болып табылады, қалпына келсе:

* бұлшықет тонусы

* жарыққа көз қарашығының реакциясы

* диурез бен дефекация әрекеті

* рефлекторлы қозу

* + тыныс алуы мен қанайналымы

 

27. Жаңа туылған бала реанимациясының нәтижелілігінің көрсеткіші қалпына келтіру болып табылады:

* тері жабындылары мен шырышты қабатының қызғылт түсін

* шартты рефлекстер мен бұлшықет тонусын

* шартсыз рефлекстер мен фотореакциясын

+ тыныс алуын және қан айналымын

* физиологиялық актілерін

 

28. Жаңа туылған бала реанимациясының әр қадамы созылады:

* 3 секундқа

+ 30 секундқа

* 3 минутқа

* 30 минутқа

* 3 сағатқа

 

29. Жаңа туылған бала реанимациясының алгоритмі келесі қадамдар санын кұрайды:

* 1

* 2

* 3

*+ 4

* 5

 

30. Жаңа туылған бала реанимациясының алгоритміндегі қадамдар реттілігі келесі түрде белгіленеді:

* 1, 2, 3, 4

* A, Б, В, Г

* + A, B, C, D

* I, II, III, IY

* бірінші, екінші, үшінші, төртінші

 

31. Адреналин, физиологиялық ерітінді, натрий бикарбонаты, налоксон-негізгі дәрі-дәрмектер тізімі қолданылады:

* эклампсияны емдеуде

* преэклампсияны емдеуде

+ жаңа туған нәрестелердің реанимациясында

* босанғаннан кейінгі қарқынды терапияда

* жаңа туған нәрестелердің қарқынды терапиясында

 

 

32. Жоғары нәресте өліміне және терең мүгедектікке келтіретін ауыр неврологиялық бұзылыстар, өмір сүру белгілерінсіз (тынысы және жүрек соғысы жоқ) туылған балаларды реанимациялау ұзақтығының келесі уақыттан ұзақ болуы әкеледі (минут):

* 1

+ 10

* 20

* 30

* 40

 

33. Жаңа туылған баланың өмір сүру белгілерінің болмауында, келесі уақыт аралығында (минут) адекватты және үздіксіз реанимацияны жүргізгеннен кейін, реанимациялық шараларды тоқтату аяқталады:

* 1

+ 10

* 20

* 30

* 40

 

34. Жаңа туылған бала реанимациясының бастапқы қадамдарының (А блогының) негізгі мақсаты - бұл қамтамасыз ету:

* метаболикалық бұзылыстарды түзетуді

+ тыныс алу жолдарының өткізгіштігін, тактильді ынталандыруды

 *оң қысыммен өкпені жасанды желдетуді

* әсерлі өкпені жасанды желдету мен тікелей емес жүрек массажын жасауды

* гемодинамикалық және метаболикалық бұзылыстарды дәрі-дәрмекпен түзетуді

 

35. Жаңа туылған бала реанимациясының «В» блогының негізгі мақсаты – бұл қамтамасыз ету:

* метаболикалық бұзылыстарды түзетуді

* тыныс алу жолдарының өткізгіштігін, тактильді ынталандыруды

+ оң қысыммен өкпені жасанды желдетуді

* әсерлі өкпені жасанды желдету мен тікелей емес жүрек массажын жасауды

* гемодинамикалық және метаболикалық бұзылыстарды дәрі-дәрмекпен түзетуді

 

36. Жаңа туылған бала реанимациясының «С» блогының негізгі мақсаты – бұл қамтамасыз ету:

* метаболикалық бұзылыстарды түзетуді

* тыныс алу жолдарының өткізгіштігін, тактильді ынталандыруды

* оң қысыммен өкпені жасанды желдетуді

+ әсерлі өкпені жасанды желдету мен тікелей емес жүрек массажын жасауды

* гемодинамикалық және метаболикалық бұзылыстарды дәрі-дәрмекпен түзетуді

 

37. Жаңа туылған бала реанимациясының «D» блогының негізгі мақсаты – бұл қамтамасыз ету:

* метаболикалық бұзылыстарды түзетуді

* тыныс алу жолдарының өткізгіштігін, тактильді ынталандыруды

* оң қысыммен өкпені жасанды желдетуді

* әсерлі өкпені жасанды желдету мен тікелей емес жүрек массажын жасауды

+ гемодинамикалық және метаболикалық бұзылыстарды дәрі-дәрмекпен түзетуді

 

38. 1:10000 ертінсіндегі 0,01% адреналин ертіндісі (көк тамырға, эндотрахеальді), физиологиялық ертінді (10мл/к* және натрий бикорбанаты (4,2%-4мл/кг кіндік көктамырына) - бұл жаңа туылған баланы реанимациясының келесі блогында қолданылатын гемодинамиқалық және метоболиқалық бұзылыстарды түзетуге арналған негізгі дәрі-дәрмектік заттар:

*B

* + Д

* кез келген

 

39. Кеңірдекке интубация жасау жаңа туылған бала реанимациясының келесі кезеңінде жүргізіледі:

* А

* B

* С

* Д

* +кез келген

 

40. Жаңа туылған балада ренаимацияға қажеттілік келесі белгілердің жеткіліксіздігімен анықталады:

+ бұлшық ет тонусынның және тынысының

* тері қабатының қызғылт түсінің

* физиологиялық актілердің

* шартты рефлекстердің

* қатты жылауының

 

41. Өте төмен салмақпен шала туылған балада, кеңірдектен меконийді аспирациялау немесе өкпе желдендіруі мен тура емес жүрек массажын үйлестіру, маскамен немесе қапшықпен ұзақ желдетуде нәтиженін болмауы, диафрагмалдық жарыққа күдік-бұл келесіге көрсеткіш:

+ кеңірдек интубациясына

* ларингоскопияға

* фарингоскапияға

* бронхоскопияға

* риноскопияға

 

42. Шала туылған нәрестені реанимациялау кезінде өкпені жасанды желдетуде (тыныс алу/тыныс шығару қатынасы) келесі параметрлерді таңдау керек:

* 1:1

* +1:2

* 1:3

* 1:4

* 1:5

 

43. Жаңа туылған балаға реанимацияны жүргізу кезінде дәрілік заттарды енгізеді:

* тері асты қабатына

* тіл жүгеніне

* жүрекішіне

* бұлшық ет қабатына

* + кіндік көктамырына

 

44. Жаңа туылған бала реанимациясынада жүрек кызметін ынталандыру ушін колданылады:

 * нифедипин

* эуфиллин

* налорфин

+ адреналин

* преднизолон

 

45. Жаңа туылған бала жүрегіне тура емес массаж жасау кезінде, кеуденін келесі аймағына қысым жасалынады:

* «семсер» тәрізді өсіндіге

*төстің жоғарғы үштен бір бөлігіне

*төстің ортаңғы үштен бір бөлігіне

+төстің төменгі үштен бір бөлігіне

* «семсер» тәрізді өсіндіден төмен

 

46. Жатыр-плацентарлық және ұрық-плацентарлық қан айналымының жағдайын анықтауға көмектесетін зертеу әдісі:

* амниоцентез

+ доплерометрия

* кардиотохография

* ултрадыбыстық фетометрия

* ултрадыбыстық плацентография

 

47. Нәрестенің  созылмалы гипоксиясының  клиникалық көрінісі:

* макросомия

* көпнәрестелік

* иммундықсыз шемен

+ нәресте өсуінің кідіруі

* нәрестенін гемолитикалық ауруы                          

 

48. Ультрадыбыстық фетометрия нәтижесі бойынша, нәресте өсуінің кідіруінің келесі түрлері кездеседі

* жедел, жеделдеу, созылмалы

* шынайы, жалған, күмәнді

* физиологиялық, патологиялық

* компенсацияланған, декомпенсацияланған

+ симметриялық, асимметриялық, аралас

 

 

49. Жаңа туылған бала асфексиясының патогенезінде жетекші болып табылады, дамуы:

 +гипоксияның

* гиперкапнияның

* гипогликемияның

* гипергликемияның

* гипопротеинемияның

 

50. Жаңа туылған бала реанимациясы үшін 0,01% адреналин ертіндісі (көк тамырға, эндотрахеальді) келесі қатынаста қолданылады:

 * 1:10

* 1: 100

* 1: 1000

+ 1: 10000

* 1: 100000

 

51. Туылу кезінеде балада асфиксияның бар немесе жоқ екенін бағалайтын шкала:

+Апгар

*Доунс

*Фролов

*Сильверман

*Дементьева

 

52. Антропометриялық көрсеткіштер немесе нәрестенің болжам салмағы белгілі гестациялық жасқа жетпейтін, нәрестенін патологиялық жағдайы аталады:

+ құрсақшілік дамуының кідіруі

*неонаталдық женіл асфиксия

*созылмалы гипоксия

*құрсақшілік гипотрофия

*неонаталдық ауыр асфиксия

 

53. Нәрестенің құрсақішілік дамуының кідіруі, пайда болу уақыты бойынша жіктеледі:

+ кеш, ерте

*асимметриялық, симметриялық

*біріншілік, екіншілік

*жедел, созылмалы

* компенсацияланған, декомпенсацияланған

 

54. Нәрестенің құрсақішілік дамуының кідіруі, даму түрі бойынша жіктеледі:

* кеш, ерте

+асимметриялық, симметриялық

*біріншілік, екіншілік

*жедел, созылмалы

* компенсацияланған, декомпенсацияланған

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.