Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Кардиология_­қаз



Кардиология_­қаз

 

Тәж артериясының үш тармағы зақымдалған ЖИА ауруы бар науқасқа тиімді ем://

Аблация//

Стенттеу//

ЭКС енгізу//

+Аортокоронарлық шунттау//

Транслюминальдық ангиопластика

***

Лаун – Генонг – Ливайн синдромы кезінде импульстер қай шоғыр арқылы таралады?//

Торел шоғыры//

Кент шоғыры//

+Джеймс шоғыры//

Махайма шоғыры//

Бахман шоғыры

***

А. атты 53 жастағы науқас, жүрек тұсының қысып ауыруы, ентігу, жүрек соғуы, шаршау және бас ауыруына шағымданады. Ауыру эмоциялық жүктемеден кейін күшейеді, тыныштықта басылмайды, нитроглицерин қабылдау көмектеспейді. Жатыр миомасымен операция жасатқан. Объективті: беті қызарған, ашушаң, эмоциональды лабильді, ТЖ - 20 рет мин., ЖЖЖ –100 рет мин., АҚ - 155/75 мм с.б.б. Жүрек шегі қалыпты. ЭКГ- тахикардия, V1-V4 әкетулерінде Т-тісшесі теріс. Гормондарды тексергенде эстрогендер деңгейінің төмендеген анықталған. Төмендегі диагноздардың қайсысы мүмкін?//

артериальды гипертензия//

нейроциркуляторлық дистония//

алғаш рет пайда болған стенокардия//

ұсақ ошақты миокард инфарктісі//

+эндокринді генезді кардиомиопатия

***

Ер адам 38 жаста. Шағымдары: аздаған физикалық күш түскен кезде пайда болатын, өздігінен қайтатын ұзақтығы 4-5 минутқа с озылатын, иррадиациясыз прекардиальды аймақтағы қысып ауырсынуына.   Ауырсынулар бір ай бойы мазалайды, дәрігерлерге қаралмаған. Әкесі 50жасында кенеттен қайтыс болған. Қарағанда: жүректің шекаралары қалыптының шегінде, ырғағы дұрыс, Боткин нүктесінде систолалық шуыл. ЖСЖ78 р мин., АҚҚ 115/70 мм.с.б. ЭКГ: патологиялық  Q тісшесі III, AVF, V4-V6. ЭХОКС: жүректің қуыстары өзгермеген, қарыншааралық перденің қалыңдығы 2 см ,сол жақ қарыншаның артқы қабырғасының 1,4. Аластау фракциясы 72%.Кардиалгияның мүмкін болатын себебі?//

ЖИА, STсегментінің жоғарлауымен жедел миокард инфарктісі//

ЖИА, тұрақсыз стенокардия жоғары қауіп//

ЖИА, ST сегментінің жоғарылауынсыз жедел коронарлы синдром//

+Гипертрофиялық обструкциялық кардиомиопатия//

Рестриктивная кардиомиопатия

***

Науқас 22 жаста, спортсмен, дене қызуының 39 ға жоғарлауына, тоңуға, аздаған физикалық жүктеме түскен кездегі ентігуге, тәбетінің төмендеуне шағымдарымен түсті. 1 айдай ауырады. Қарағанда: тері жабындылары сарғыш,боз, аяқтарында петехиальді бөртпелер. Өкпесінде бірең-сараң ылғалды сырылдар естіледі. Жүрек тондары тұйықталған, Боткин- Эрб нүктесінде систолалық шу ТАЖ -106 рет мин , АҚҚ -120/40 мм.с.б. Бауыры қабырға доғасынан 5 см алға шыққан, пальпацияда ауырсынады. Балтырларында аздап ісіну бар. Қай ауру жайлы ойлауға болады?//

Миокардит//

+пневмония//

инфекционды эндокардит//

бауыр циррозы//

ревмокардит

***

47 жастағы әйелге велоэргометриялық сынама жасау барысында күштеменің екінші сатысында (50 вт) ангинозды ауырсынулар және V3-V4 тіркемелерінде ST интервалының 1 мм дейін депрессиясы байқалды. ВЭМ қорытындысы бойынша ишемияның қай дәрежесіне сәйкес келеді//

Шамалы (жеңіл)//

Орташа//

+Айқын//

Алысқа ұзаған (далеко зашедшая)//

Ишемия анықталған жоқ

***

Науқас 40 жаста, митральды қақпақшаның ревматизмдік стенозы мен жеткіліксіздігі бар. Жүрек соғуы ырғағының бұзылысы сезіміне шағымданады. ЭКГ – Р тісшісі жоқ, f толқындары, RR арақашықтығы әр түрлі. ЖЖЖ – минутына 100. Болжамды ырғақ бұзылысы?//

Синусты аритмия//

+жыбыр аритмиясы//

Экстрасистолия//

тыныстық аритмия//

пароксизмальды қарыншалық тахикардия

***

68 жастағы жедел миокард инфаркты басынан өткерген К атты науқаста кеуде қуысында ауырсыну сезімі, қызба, перикард үйкеліс шуы, ЭТЖ жоғарлауы, ЭКГ динамикада өзгеріссіз. Сіздің қорытындыңыз?//

Миокард аймағының таралымды зақымдануы//

Идиопатикалық перикардит//

+Дресслер синдромы//

Миокардтың жыртылуы//

Жүректік хордалардың жыртылуы

***

Науқас А, 50 жас , жұмыста стрестік жағдайға байланысты ауырған. Ауырғанына бір күн болған кеуде артында батып ауыратын интенсивті ауру пайда болды. Кешке науқас жедел жәрдемді шақырды . ЭКГ да V1-V3 тармақтарында R тісшесінің болмауы ,ST сегментінің 6 мм ге жоғарлауы . Сіздің диагноз?//

ЖИА. Алғаш анықталған стенокардия, СЖЖI//

ЖИА. Тұрақсыз стенокардия, СЖЖ II//

ЖИА.  Вазоспастикалық стенокардия, СЖЖ I//

ЖИА. ST сегментінің жоғарлауынсыз, сол жақ қарыншаның артқы-диафрагмальды қабырғасының жедел миокард инфаркты. Killip I//

+ЖИА ST сегментінің жоғарлауымен сол жақ қарыншаның алдынғы– қабырғааралық қабырғасының жедел миокард инфаркты. Killip I

***

55-жастағы науқас аздаған жүктеме кезіндегі ентігуге, ортопноэ, аяқтарының ісінуіне шағымданады. Симптомдар соңғы айларда баяу күшейе түскен. Объективті: білеуленген мойын веналары. Пульс 100рет минутына, ырғақты, АҚҚ 100/60 мм с. б. Жайылған жүрек ұшы соққысы алтыншы қабырға аралықта. Жүрек негізінде мойынға иррадияцияланатын дөрекі систолалаық шуыл естіледі. Бауыры 7 см шығыңқы. Балтырлары ісінген. Сіздің диагнозыңыз?//

ЖИА. Алғаш анықталған стенокардия СЖЖ I//

ЖИА. Вазоспастикалық стенокардия СЖЖ II//

Ревматикалық емес миокардит СЖЖ//

ЖИА. Тұрақсыз стенокардия. Постинфарктты кардиосклероз. СЖЖ II//

+ЖИА. Тұрақсыз стенокардия.II В жоғары қауіп. СЖЖ II Б

***

66 жастағы науқас, қарқынды терапия палатасына айқын ентігумен, кеуде клеткасындағы қатты ауырсынуға шағымданып жеткізілді. Анамнезінде: сирақ веналарының тромбофлебиті. Қарау кезінде - диффузды цианоз, өкпе артериясында II тонның акценті, тона на легочной артерии, сол жақ III-IV қабырға аралықта пульсация, мойын веналарының білеуленуі. ЭКГ - S1 және Q-3 басым, Р-пульмонале. Науқаста қандай асқыну дамыды?//

Артқы қабырғадағы миокард инфарктісі//

Жарықшақтанған аорта аневризмасы//

+өкпе артериясының тромбоэмболиясы//

Спонтанды пневмоторакс//

Күш түсу стенокардиясы

***

Бірнеше жыл бұрын анықталаған гипертрофиялық кардиомиопатиямен науқаста, естен тану пайда болды. Алты ай бұрын түсірілген ЭКГ мен салыстырғанда ЭКГ да динамика байқалмайды. Науқасқа міндетті түрде тағайындау керек?//

+ритм бұзылысын анықтау үшін ЭКГ тәуліктік мониторинг жүргізу//

АҚҚ анықтау үшін АҚҚ тәуліктік мониторинг жүргізу//

Қан тамырларының тарылуын анықтау үшін коронарография, жасау//

ЭКГ динамикада//

Қақпақшаларда өзгерістерді анықтау үшін ЭХОКГ

***

А. атты 52 жастағы науқас, бір жыл бойы ентігу және оң жақ қабырғасының астында ауырлық сезімін байқаған. Осыдан кейін түнгі уақытта тұншығу ұстамалары пайда болып, балтырлары ісінген. Соңғы айларда қан түкірген. Объективті: өкпесінің төменгі бөлімінде – ұсақ көпіршікті айқын естілмейтін сырылдар. Жүрек шекаралары солға қарай ығысқан, жүрек үндері бәсең. ЖЖЖ – 110 рет мин. Жүрек ұшында систолалық шуыл. ЭКГ- жыпылық аритмиясының тахисистолалық түрі. ЭхоКГ-да: Айдау фракциясы - 22%. Диффузды гипокинезия. Сіздің диагнозыныз?//

Ревматикалық емес миокардит, жыпылық аритмия, СЖЖ І (ФК І)//

Алкогольді кардиомиопатия, жыпылық аритмия, СЖЖ ІІА (ФК ІІІ)//

+Дилатациялық кардиомиопатия, жыпылық аритмия, СЖЖ ІІБ (ФК ІІІ)//

Ишемиялық кардиомиопатия, жыпылық аритмия, СЖЖ І (ФК І)//

Рестриктивті кардиомиопатия, жыпылық аритмия, СЖЖ ІІБ (ФК ІІІ)

***

15 жастағы науқасты қараған кезде: жүрек ұшы соққысы солға ығысқан, жүрек шекаралары солға және жоғары ығысқан, жүрек белі тегістелген. Аускультацияда: жүрек ұшында І тон әлсіреген, систолалық шу естіледі, өкпе артериясында ІІ тон акценті. Рентгенографияда: жүректің сол жақ бөліктері кеңейген. Сіздің диагнозыңыз?//

Сол жақ атриовентрикулярлы тесіктің стенозы//

+Митральды қақпақшаның жетіспеушілігі//

Үш жармалы қақпақшаның жетіспеушілігі//

Қолқа қақпақшасының жетіспеушілігі//

Қолқа стенозы

***

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.