Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тақырыбы: Гинекологиялық аурулар .



1. Науқас Р 23 жаста іштің төменгі сол жақ бөлігінің үнемі ауыратынына , дене температурасының 38° С, жоғарлауына, қалтырауға шағымданады. Етеккірі тоқтағаннан кейін үш күн бойы ауырған. Пальпацияда іші жұмсақ, сол ішітң төменгі сол жақ бөлімі ауырады. Щеткина-Блюмберг симптомы теріс. Айнамен қарағанда: бөліністер-шырышты. PV:Жатыр орналасуы, өлшемі қалыпты, тығыз,қозғалмалы. Сол жақ қосалқысы ұлғайған, оң жақ анықталмайды.Күмбездері бос, терең. Болжам диагноз қойыңыз?

1.Сол жақты түтікті дүктілік.

2.Сол жақты жедел салпингоофарит.

3.Сол жақты аналық без апоплексиясы.

4.Оң жақты аналық без апоплексиясы.

5.Оң жақты аналық без апоплексиясы. Массивті қан кету.Геморагиялық шок ІІ дәрежелі.

 

2. Босанушы 30 жаста. Босанудан кейінгі 8 тәулікте дене температурасының =40ºC көтерілуі, іштің төменгі бөлімінде ауырсынуы, ішек үрленуіне шағымданады.Қынаптық зерттеу кезінде: Жатыр ұлғайған, оң жаққа ауытқыған, іштің сол жақ бөлігінде айқын ауырсыну мен инфильтрат анықталды.Болжам диагноз?

1.Параметрит

2.Пелвиоперитонит.

3.Жедел сальпингоофарит.

4.Эндометрит

5.Миметрит.

 

 

3. Әйел 27 жаста. Дене температурасы=38ºC көтерілуіне, іштің төменгі бөлімінің ауырсынуына байланысты гинекология бөліміне түсті.Қынаптық зерттеуде:Жатыр ұлғаймаған,ауырсынусыз,қозғалмалы. Іштің оң жақ түтікшеде бөлігінде айқын шекарасы жоқ,көлемді,ауырсынатын түзіліс анықталды.Болжам диагноз?

1.Түтікті жүктілік.

2.Түтікті түсік.

3. Жатыр миомасы.

4.Жатыр миомасы.

5. Аналық бездің қатерлі ісігі.

 

4.Әйел 25 жаста. Іштің төменгі бөлімінің қақсап ауыруына, жыныс жолдарынан қанды бөліске шағымданады.УДЗ: Жатыр қуысында децедуальді тін қалдықтары анықталды.Дәрігердін іс әреккеті?

1.Ваккам-аспиратор көмегімен жатыр қуысын тазалау,утеротоникалық препараттарды тағайындау.

2. Ваккам-аспиратор көмегімен жатыр қуысын тазалау,суық антисептикалық ерітіндімен шаю.

3.Спазмолитикалық және утеротоникалық препараттарды еңгізу. 4.Антисептикалық ерітінділермен шайғаннан кейін,емдік майларды қолдану 5.Жалпы наркозбен жатыр қуысын кюреткамен қыру.

 

 

5. Науқас 45 жаста. Іштің сол жақ төменгі бөлігінің қақсап ауырыуна, жалпы әлсіздікке, дене температурасының 37° С көтерілуіне шағымданады.Іші жұмсақ, терең пальпация кезінде сол жақ төменгі бөлігінің ауыруы анықталады. Щеткин-Блюмберг симптомы теріс.Айнада:Бөлініс-шырыш.Қынаптық тексеруде:Жатыр орналасуы дұрыс.қалыпты формада, тығыз, қозғалмалы. Сол жақ қосалқылары үлкейген,оң жақ қосалқылар анықталмайды. Күмбездері бос, терең.Болжам диагноз?

1.Созылмалмалы оң жақты сальпингоофорит, тубовариальді абцесс.

2.Жедел сол жақты сальпингоофорит.

3.Созылмалы сол жақты  сальпингоофорит.

4. Жедел эндометрит.

5.Жедел оң жақты сальпингоофорит.

 

 

6.Науқас 29 жас.Аудандық ауруханаға мынандай шағымдарымен түсті:Дене температурасының жоғарлауы,жалпы әлсіздік, іштің төменгі бөлімінің ауырыуына.Анамнезінде: 1 босану және 2 медициналық аборт. Соңғысы 7 күн бұрын жасалған. Кәзір іші жұмсақ, қасаға үстінде сәл ауырсынада.Қынаптан ірін бөлінеді. Сіздің диагнозыныз?

1. Медициналық аборттан кейін іріңді параметрит.

2. Медициналық аборттан кейін іріңді эндометрит.

3. перитонит

4. пельвиоперитонит

5. пиометра

 

 

7. Науқас 36 жас 2 ай бойы ішінің төменгі жағы сыздап ауыруына, жыныс жолдарынан 2-ай бойы серозды-ірінді бөліністер,етеккір қызметі 6-ай бойы өзгеруіне шағымданады.АҚҚ 110/70 мм.сын. Пульс 78 рет 1мин.Тілі құрғақ, ақ жабындымен жабылған.Іші жұмсақ, төменгі бөлімінде сәл ауырсынумен.Айнамен қарағанда:Бөлініс-серозды-ірінді.Қынаптық зерттеуде:Жатыр мойны цилиндрлі,сыртқы араң жабық. Жатыр сәл ұлғайған,тығыз консистенциялы.Қосалқылары анықталмайды. Күмбездері қалындаған.Диагноз?

1. Созылмалы екі жақтық сальпингит

2.Созылмалы зәр тас ауыруы.

3. Созылмалы эндометрит

4.Жедел босанудан кейінгі эндометрит

5. Жедел аппендицит

 

 

8. Науқас 42 жаста келесі симптомдар: Іштің төменгі жағының ауырсынуы,жалпы әлсіздік,дене температурасының жоғарлауы,қалтырау,жыныс жолдарынан іріңді бөлінділер шағымданады. Бес жыл бұрын ЖІЗ еңгізген ,үш күн бұрын ЖІЗ алғаннан кейін осы симптомдар пайда болған. АҚҚ 120/80 мм.сын.бағ.Пульс 90 рет 1 мин.Тілі құрғақ ақ жабындымен жабылған. Іші үрленген, іштің төменгі бөлімің пальпациялағанда ауырсынады.Айнада: ірінді бөлініс.Қынаптық зерттеуде:Жатыр мойны цилиндр тәрізді,сыртқы араң жабық. Жатыр ұлғайған, жұмсақ консистенциялы,ауырсынумен әсіресі жатыр қабырға бойымен.Қосалқылары ерекшеліксіз. Күмбезі қалындаған.Диагноз?

1. Жедел аппендицит.

2. Жедел зәр тас ауруы.

3. Жедел ірінді эндометрит.

4. Жедел босанудан кейінгі эндометрит

5.Жедел екі жақты сальпингит

 

 

9. Симптомокомплекс:Науқас 26 жаста іштің төменгі бөлімінің ауырсынуына,7 жыл бойы жүкті бола алмауына шағымданады. Дәрігерге қаралмаған.Айнада:жатыр мойны таза. Рv: Жатыр лрналасуы қалыпты,қозғалысы шектелген,қалыпты мөлшерде,зерттегенде сезімтал.Жатырдын оң жақ артында мөлшері 10x12 см, тығыз консистенциялы ауырсынатын, аз қозғалмалы . Сол жақ қосалқылары ерекшеліксіз.Диагноз?

1. Жедел эндометрит

2. Жедел сальпингоофорит

3. параметрит

4. пельвиоперитонит

5. пиосальпинкс

 

 

10. Науқас 28 жаста. Етеккір алды мен етеккір кезінде іштің төменгі бөлімінде ауырсыну күшейюіне, 5 жыл бойы бедеулікке шағымданады. Анамнезіде: Жүктіліктің 5-6 аптасында өздігінен түсік.Айнада: жатыр мойны таза. PV : жатыр орналасуы антефлексио, қозғалысы шектелген,қалыпты өлшемде, ауырсынусыз Жатырдын оң жақ артында мөлшері 8x8 см, тығыз консистенциялы ауырсынатын, аз қозғалмалы . Сол жақ қосалқылары ерекшеліксіз.Қандай зерттеу әдісі диагноз қоюда негізгі болып саналады?

1. УЗИ половых органов

2. лапароскопия

3. гистероскопия

4. рентген органов малого таза

5. компьютерная томография

 

 

11.Әйел 32 жаста.Поликлинникаға мына шағымдарымен келді:Дене температурасының жоғарлауы,қалтырау, әлсіздікке,ішінің төменгі жағының тартып ауырсынуына, шағымданады.Жатырдың бүйір қабырғасымен жамбас арасында тығыз, қамыр консистенциялыинфильтрат анықталды. Болжам диагноз?

1.Босанудан кейінгі эндометрит

2. Босанудан кейінгі параметрит

3. Босанудан кейінгі метpотpомбофлебит

4. пельвиопеpитонит         

5. перитонит

 

 

12.Науқас 17 жаста. Етеккір циклі орта кезінде сол жақ мықын аймағының ауырсынуына, ауырсыну сезімі тік ішекке берілетіне айтып шағымданып келді.Жалпы қарау ерекшеліксіз.Іші жұмсақ, сәл сол жақ мықын аймағы ауырсынады.Перитониальды симптомдар жоқ. Оң жақ қосалқылары ерекшеліксіз. Сол жақ қосалқылары палпация кезінде ұлғайғаны, ауырсынатыны анықталды. Күмбездері кең.Сол жақ кмбезі әлсіз ауырсынады. Диагноз?

 1.   Жатыр қосалқыларының қабынуы.

2.    Жатырдан тыс жүктілік.

3.    Аналық без апоплексиясы.

4.    Жедел аппендицит

5.    Аналық без ісік аяқшасының оралуы.

 

13. Науқас 36 жаста гинекология бөліміне жедел жәрдем көлігімен жеткізілді.Іштін қатты ауырсынуына, қалтырауға, бас ауыруына шағымданады.Анамнезінде:1 босану, 3 мед аборт. Сонғы аборт бір жұма бұрын жасалған.Ішінің ауырсынуына байланысты қайта қыру жасалған.Қарау кезінде:Іші ұлғайған әсіресе төменгі бөлімдерінде,Щеткин-Блюмберг симптомы теріс.Қынаптық зерттеуде:Жатырдың сол жақ артқы жағында айқын ауырсынатын, қозғалмалы, жұмсақ, мөлшері 4x9 см болатын түзіліс анықталады.Дәрігер іс әрекеті?

1.Кіші жамбас ағзаларының УДЗ.

2.Жатыр қуысын диагностикалық қыру..

3. гистероскопия

4. лапаротомия, жатыр қосалқыларымен экстирпациясы.

5. лапаратомия, жатырдың қынап үстілік ампутациясы.

 

 

14. Науқас 28 жаста.Медициналық аборттан кейін 7 күн өткенде дене температурасының 400Сі дейін көтерілуіне, ішінің төменгі бөлігінің ауырсынуына, жыныс жолдарынан қоныр-қызыл түсті, ірің исі бар бөлініске шағымданып келді.Етеккірі 14 жасынан 30 күннен кейін, мөлшерлі. Анамнезінде:2 босану,3 медициналық аборт, фолликулярлы псевдоэрозия.Обьктивті:Жатыр қалыптыдан үлкен, оң жаққа ауытқыған, жатырдың сол жақ бөлігінде инфильтрат 8*9см тығыз анықталды. Жатыр мойны бір саусақ өткізеді.Диагноз?

1.Жедел эндометрит

2. Жедел параметрит

3. Жедел сальпингоофарит

4. Созылмалы іріңді эндометрит

5. Созылмалы эндометриоз

 

15. Науқаста крименальді аборттан кейін 11-14 күні мына симптомакомплекс түзілді:Іштің төменгі бөлігі ауырсынуы,әлсіздік, дене температурасының 390С жоғарлауы, ентігу, жыныс жолдарынан қанды бөліністер, олигоурия мен жөтел мазалайды. Болдам диагнозы?

1. Асқынбаған инфицирленген түсік

2. Асқынбаған инфицирленбеген түсік

3. Асқынған инфицирленген түсік

4. септикалық шок

5. сепсис

 

 

16.  Босанған әйелде, босанғаннан кейін 4 күні: жалпы әлсіздік пен қалтырау, дене қызуының 38,9ºC жоғарлауы анықталды. Қынаптық тексеру кезінде жатыр ұлғайған, жатыр қабырғасы бойымен ауырсынады. Бөліністері қанды – іріңді, жағымсыз иіспен. Диагнозы?

1. босанғаннан кейінгі эндометрит

2. босанғаннан кейінгі параметрит

3. босанғаннан кейінгі миометрит

4. жедел оофорит

5. жедел сальпингит

 

 

17. Босанған әйелде, босанғаннан кейінгі 6 тәулікте, t =38ºC, пульсі 100 рет/мин, бөліністері – қанды, іріңді, жағымсыз иісімен. Жатыр пальпацияда ауырсынады. Терісі құрғақ, гиперемияланған. Болжам диагнозы? 

1. жедел миометрит.

2. жедел сальпингит.

3. жедел параметрит .

4. жедел оофарит .

5. жедел эндометрит.

 

 

18. Науқас Н., 22 жаста, шағымдары: жыныс жолдарынан қанды бөліністер, ішінің төменгі жағының ауырсынуы, дене қызуының  38° С  жоғарлауы. Бұл шағымдар жүктіліктің 12-13 аптасында түсік жасату үшін, жатырға катетр қойғаннан кейін пайда болған. Айнамен қарағанда: жатыр мойны таза, бөліністері қанды, аздаған, цервикалды канал 2 саусақты өткізеді, жатыр жүктіліктің 10-11 аптасындағыдай ұлғайған, жұмсақ, пальпацияда сезімтал. Жатыр қосымшалары екі жақта да анықталмайды. Диагнозы?

1. басталған асқынбаған инфицирленген түсік

2. басталған асқынған инфицирленген түсік

3. толық емес асқынбаған инфицирленген түсік

4. толық емес асқынған түсік

5. асқынбаған инфицирленген жолдағы түсік

 

 

19. 15 жасар қыз бала, етеккірі жоқ, бойы аласа, доға тәрізді тандай, мойны қысқа қанат тәрізді қатпарлармен, бөшке тәрізді дене қуысы, интеллект төмендеген, кариотипі 45Х О. Жыныс ағзалары гиперпласттикалық. Диагнозы?  

1. Дисгенезия гонад типті формасы

2. Дисгенезия гонад таза формасы

3. Дисгенезия гонад жасырын формасы

4. Дисгенезия гонад аралас формасы

5. тестикулярлы феминизация

 

20. Симптомокомплекс: дене қызуының 38° С жоғарлауы, қалтырау, қанды – іріңді бөліністер, жатыр ауырсынулы, жатыр маңының клечаткасының инфильтрациясы жоқ, ұрықтық жұмыртқа элементтері іріңді іруге бейім. Диагнозы?

1. толық емес асқынбаған инфицирленген түсік

2. толық емес өздігінен түсік

3. толық емес асқынбаған инфицирленген түсік

4. толық емес асқынған инфицирленген түсік

5.толық түсік

 

 

21. Б., 24 жас. Жыныс жолдарынан канды бөліністерге, қалтырауға, әлсіздікке шағымданады.Анамнезінен: 5күн бұрын жүктілікті үзу мақсатында жатырға темір катетер еңгізген.Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, дене температурасы 37,9 °С көтерілген.Іші қатайған, әсіресе сол жақ мықын аймағында,Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Айнамен қарағанда жатыр мойнының алдынғы бөлігінде ине іздері бар,цервикальді өзектен канды бөлініс анықталды, иісі жағымсыз. .PV: Жатыр мойны коникалық формада, сыртқы араң саусақ ұшын өткізеді.Жатырды жеке пальпациялау қиы, кіші жамбаста айқын емес қозғалысы шектелген,пальпацияда ауырсынатын түзіліс анықталды.Қосалқылар анықталмайды.Дәрігер іс әрекеті?

 1.Шұғыл түрде жатыр экстирпациясы.

2.Шұғыл түрде жатырдың қынап үстілік ампутациясы.

3.Антибактериальді,дезинтоксикационды терапия.2-4 сағатта жатыр экстирпациясы.

4. Антибактериальді,дезинтоксикационды терапия.2-4 сағатта жатырдын қынап үстілік ампутациясы.

5. Антибактериальді,дезинтоксикационды терапия.2-4 сағатта жатыр қуысын диагностикалық қыру.

 

 

22. Қарау бөлмесінің акушеркасына 22жастағы әйел келген. Анамнезде: етеккірі 14 жастан, 30-35 күн сайын, 5-7 күннен, көп мөлшерде, ауырсынумен. 2 өздігінен түсік тастау, жүктіліктің 5-6 аптасында. Дәрігерге қаралып үлгермеген, іштің төменгі жағымен қанды бөліністер болғандықтан, жедел жәрдем шақырған, жатыр қуысын қыру жүргізілген. Алдын ала диагноз?

1.    жолдағы түсік

2.    толық емес түсік

3.    толық түсік

4.    әдетті түсік

5.    түсік түсу қаупі

 

 

23. Б., 24 жаста мынадай шағымдармен түсті: қалтырау, әлсіздік, жыныс жолдарынан қанды бөліністер.Анамнезінен: 5 күн бұрын жүктілікті үзу үшін жатыр қуысына темір катетер енгізген. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, дене қызуы 37,9 °С. Іші қатайған, пальпация кезінде кіндік және сол жақ мықын аймағында ауырсынады. Щеткина-Блюмберг симптомы оң. Айнада:жатыр мойнының алдыңғы ерінінде уколдың іздері көрінеді. Цервикальді өзектен жағымсыз иіспен қанды бөліністер аз мөлшерде. PV : жатыр мойыны конус тәрізді, аран саусақ ұшын өткізеді.Жатырды бөлек пальпациялау мүмкін емес. Кіші жамбаста контурлары белгісіз, аз қозғалатын,пальпацияда ауырсынатын түзіліс анықталады. Қосалқылары аныөталмайды. Дәрігер тактикасы?

1. шұғыл түрде жатыр экстирпациясы

2. шұғыл түрде жатырдың қынапүстілік ампутациясы

3. антибактериальді, дезинтоксикациялық терапия 2-4 сағат ішінде, жатыр экстирпациясы

4. антибактериальді, дезинтоксикациялық терапия 2-4 сағат ішінде, жатыдың қынапүстілік ампутациясы

5. антибактериальді,дезинтоксикациялық терапия 2-4 сағат ішінде, жатыр қуысын қыру

 

 

24. Симптомокомплекс: дене қызуының 39С дейін жоғарылауы,қалтырау,жыныс жолдарынан іріңді бөліністер, ұрық жұмыртқасының элементтері, балтыр көктамырларының тромбофлебиті. Болжам диагноз?

1 толық емес жүргізілген аборт

2 толық емес инфицирленген аборт

3 толық емес асқынған инфицирленген аборт

4 плацентарлы полип

5 толық аборт

 

 

25. 42 жастағы әйел мынадай шағымдармен түсті: жыныс жолдарынан іріңді бөліністер, іштің төменгі бөлігіндегі ауырсыну, дене қызуының 38°С дейін жоғарылауы, қалтырау,жалпы әлсіздік,ентігу,тыныс алудың қиындауы, жөтел, тұншығу, дизурия. Анамнез жинау барысында 14 күн бұрын криминалды араласу болғаны анықталды. Жалпы жағдайы ауыр, есі бұлыңғыр.Тері жабындылары бозғылт, сарғаю байқалады. Пульс 98с/мин. Гинекологиялық тексеру: эндоцервициттің көрінісі байқалады, ірің тәрізді бөліністер, аздаған, жатыр сәл ұлғайған, жұмсақ, сезімтал, қосалқылары өзгеріссіз.Сіздің диагноз?

1. сепсис

2. асқынбаған инфицирленбеген аборт

3. асқынбаған инфицирленген аборт

4. асқынған инфицирленген аборт

5. асқынған инфицирленбеген аборт

 

 

26. Науқас 28жаста ішінің төменгі бөліміндегі ауырсынуға, күнгірт-қызыл түсті ірің араласқан, иісті бөліністерге шағымданады.Дене қызуы 400С дейін жоғарылауы, аборттан кейін 7күннен кейін пайда болған.Етеккірі 14 жастан, 7 күннен, 30күн сайын, көп мөлшерде,соңғы жылы үшінші аборттан кейін ауырсынумен болады.Анамнезінде 2 босану, фолликулярлы псевдоэрозия. Объективті: жатыры қалыптыдан ұлғайған,оң жаққа ығысқан, жатырдың сол жақ бүйір беткейімен және жамбас қабырғасы аралығында көлемі 8*9см болатын инфильтрат анықталады,тығыз консистенциялы.Сіздің диагноз?

1.эндометрит

2. параметрит

3. сальпингоофарит

4. іріңді эндометрит

5.эндометриоз

 

27. Науқас 36 жаста мынадай шағымдармен түсті: ішінің төменгі бөлігіндегі қатты ауырсынуға,қалтырау,басының ауыруы.Анамнезінде босану -1, аборт -3, соңғы жүктілік мед абортпен жатыр қуысын қайталап қырумен аяқталған. Қарау кезінде іші желденбеген, төменгі бөлігінде ауырсынумен, тітіркену симтомы жоқ. PV: сол жақта жатырдың артында түзіліс пальпацияланады, қозғалысы шектелген, кенеттен ауырсынады, жұмсару ошақтарымен, көлемі 4x9 см, жамбас қабырғаларына дейін жетеді.болжам диагноз?

1. мед. аборттан кейінгі іріңді эндометрит.

2. перитонит.

3. мед. аборттан кейінгі іріңді эндометрит.

4. параметрит іріңдеумен.

5. пиометра.

 

28.Науқас П., 45жаста көп жылдан бері ішінің төменгі бөлігіндегі тұрақты түрде сыздап ауырсынуына, жалпы әлсіздік,дене қызуының 37° С дейін жоғарылауына шағымданады.Іші жұмсақ, төменгі бөлігінде терең пальпациялауда ауырсынады, көбінесе сол жақта.Айнада: бөліністері –шырышты. PV: жатыр орналасуы дұрыс, қалыпты өлшемде, тығыз, қозғалмалы.Қосалқылары сол жақта ұлғайған, пальпацияда ауырсынады, оң жақта аныөталмайды. Күмбездері бос, терең.Сіздің диагноз?

1.созылмалы сальпингоофорит оң жақтан

2.жедел сальпингоофарит оң жақтан,жартылай синтетикалық пенициллиндер немесе цефалоспориндер дезинтоксикациялық терапиямен бірге

3.созылмалы сальпингоофарит сол жақтан, физиотерапия, санаторлы-курортты ем

4.эндометрит, антибиотиктер тетрациклин тобындағы, азалидтер иммуномодулирлеуші терапиямен бірге

5.созылмалы сальпингоофаритсол жақтан,стероидты емес қабынуға қарсы препараттар иммунодепрессанттармен бірге

 

 

29. Медициналық аборт жасау кезінде жатырдан көп қан кету пайда болды.Мойындық жүктілік диагностикаланды. Дәрігер тактикасы

1.    оперативті – кюреткамен ұрық жұмыртқасын алуды тездету

2.    оперативті – ұрық жұмыртқасын саусақпен алып көру

3.    оперативті - лапаротомия, жатыр экстирпациясы  

4.    оперативті –ұрық жұмыртқасын вакуум-экскохлеатор жолымен алу

5.    консервативті – өздігінен түсік болады

 

 

30. Пациент К, 25 жаста гинекологқа етеккірінің болмауына, әлсіздікке шағымданып келді.Бір жыл бұрын босануда массивті қан кету болған, гемотрансфузия жасалған. Босанудан кейін сүт аз болған, кейіннен лактация мүлдем тоқтаған. Обьективті: әйелдің тамақтануы төмендеген, сүт бездері салбыраған, қолтық асты мен қасағаның шаштануы сирек. Сыртқы жыныс ағзалары аторфияланған,депигментирленген. PV: қынабы сыйымды,жатыр мойыны қысқарған, жатыр денесі кішкентай, қосалқылары анықталмайды. Сіздің диагноз:

1.  Шерешевский-Тернер синдромы

2.  Бабинский-Фрелих синдромы

3.  Шихан синдромы

4.  Моррис синдромы (тестикулярлы феминизация)

5.  Лоренс- Муна-Бидль синдромы

 

31.Әйел,20 жаста, әйелдер кеңесіне есепке тұру үшін қаралды, өзін жүктімін деп санайды (етеккір болмағанына  10 күн).Қарау кезінде: жағдайы қанағаттанарлық, іші жұмсақ, ауырсынусыз,АҚҚ 120/80 мм.рт.ст, пульс 72 рет.бір мин. Гинекологиялық қарау кезінде: айнада –жатыр мойыны таза, бөліністері шырышты.Жатыры ұлғаймаған, оң жақта жатыр түтікшесінің ұлғаюы анықталады, қынаптың шырышы көгерген.Сіздің диагноз?

1. Прогрессирлеуші жатырдан тыс жүктілік

2. Прогрессирлеуші түтікшелі жүктілік

3. Прогрессирлеуші ішперделік жүктілік

4. Жатырлық жүктілік 5 апта

5. Жатырлық жүктілік 7 апта

 

 

32 Әйел, 29 жаста ішінің төменгі бөлігінің толғақ тәрізді ауырсынуы,  30 мин бері жыныс жолдарынан аздаған көлемде қан кетуі, бас айналуы, әлсіздік шағымдарымен жеткізілді.Анамнезінен: гинекологта үш жыл көлемінде созылмалы сальпингоофоритпен есепте тұрады, соңғы өршуі  2 ай бұрын болған, соңғы етеккірі  1,5 ай бұрын. Объективті: жағдайы ауыр, АҚҚ 100/60 мм.рт.ст., пульс 108 рет бір минутта,әлсіз толымды, дене қызуы 37,20 С. Гинекологиялық қарау: жатыр денесі сәл ұлғайған, ауырсынусыз, жұмсарған, мойнынан қозғалтқанда ауырсынады, қосалқылар аймағы ауырсынады, күмбездері тегістелген, жыныс жолдарынан аздаған қанды бөліністер бар. Жалпы қан жоғалту 150 мл. Сіздің диагноз?

1.  менструальды  циклдың бұзылысы.

2. Бұзылған жатырдан тыс жүктілік

3. Бұзылмаған жатырлық жүкктілік

4. Жатырдың қабыну процесстерінің өршуі

5. Жатыр қосалқыларының қабыну процесстерінің өршуі

 

 

33 Әйел,20 жаста, әйелдер кеңесіне есепке тұру үшін қаралды, өзін жүктімін деп санайды (етеккір болмағанына  10 күн).Қарау кезінде: жағдайы қанағаттанарлық, іші жұмсақ, ауырсынусыз,АҚҚ 120/80 мм.рт.ст, пульс 72 рет.бір мин. Гинекологиялық қарау кезінде: айнада –жатыр мойыны таза, бөліністері шырышты.Жатыры ұлғаймаған, оң жақта жатыр түтікшесінің ұлғаюы анықталады, қынаптың шырышы көгерген.Кіші жамбас астауының УДЗ де прогрессирлеуші жатырдан тыс жүктілік байқалды.Әйелдер кеңесі дәрігерінің тактикасы?

1. Науқасты қан құрамындағы  ХГ титрін анықтауға бағыттау

2. Әйелдер кеңесіне қайтадан келуді тағайындау

3. Келесі келуді тағайындап есепке алу + бақылау

4. Шұғыл түрдде кульдоцентез жасау

5. Науқасты шұғыл госпитализациялау

 

 

34. Учаскелік дәрігерге  30 жастағы науқас мазасының болмауына,ішінің төменгі бөлігінің ауыруына, субфебрильді температураға шағымданып келді,екі апта бұрын  мини-аборт жасалған.Қынаптық зерттеуде: жатыр қалыптыдан сәл үлкен, жатырдың бүйірінде ауырсынатын түзіліс анықталады. Жатырды көтергенде ауырсынады. Күмбездері бос. Артқы күмбез пальпацияда сезімтал.Бөліністері аздаған,қанды.Сіздің диагноз:

1. жедел сальпингоофарит

2. жедел эндометрит

3. аналық без ісігі

4. жатырдан тыс массивті қан кету

5. жатырдан тыс жүктілік

 

35. Науқас, 22 жаста, ішінің төменгі бөлігінің толғақ тәрізді ауырсынуына және екі күн бойы жыныс жолдарынан қанды бөліністердің болуына шағымданып келді.Соңғы етеккірі 6 апта бұрын. Жүктілікке тест оң. Анамнезінде: жатыр қосалқыларының созылмалы қабыну процессі, медициналық аборт 2009ж. Қарау кезінде цервикалды өзектен аздаған қанды бөліністер анықталды,жатыр мойыны жабық.Пальпацияда жатыры біраз жұмсарған, қалыптыдан сәл үлкен.Оң жақ қосалқылар маңында қамыр тәрізді,тексергенде біраз ауырсынатын түзіліс анықталады.Сіздің диагноз:

1. жедел сальпингоофарит

2. жедел эндометрит

3. аналық без ісігі

4. жатырдан тыс массивті қан кету

5. жатырдан тыс жүктілік

 

 

36. Науқас К, 29 жаста,ішінің төменгі бөлігіндегі толғақ тәрізді ауырсынуға, тік ішекке иррадияцияланатын,жыныс жолдарынан аздаған қанды бөліністерге шағымданып түсті.Мини-аборттан кейін екінші күні ауырып қалды. Жағдайы қанағаттанарлық, пульс 78 соққы./ мин., АҚҚ 115/70 мм рт ст. айнада: жатыр мойыны мен қынап шырышының цианозы,қанды бөліністер,аздаған. PV: жатыры қалыптыдан сәл үлкен, қозғалмалы,ауырсынусыз.Оң жақта қосалқылар аймағында контурлары анық емес, жұмсақ консистенциялы, ауырсынатын түзіліс пальпацияланады.Артқы күмбез қалыңдаған,ауырсынады.Сіздің диагноз.

1. жедел сальпингоофарит

2. жедел эндометрит

3. аналық без ісігі

4. жатырдан тыс массивті қан кету

5. жатырдан тыс жүктілік

 

37. Науқаста  лапароскопия кезінде аналық безі  апоплексисына байланысты аналық безінен аздаған қан кету анықталды.Сіздің тактикаңыз          

1. лапаротомия және аналық безін тігу

2. лапаротомия және аналық без  резекциясы

3. лапароскопия және аналық безі диатермокоагуляциясы   

4. лапаротомия және зақымдалған аймақта қосалқыларды алып тастау

5. лапаротомия, жатырдың қосалқыларымен қынапүстілік  ампутациясы

                     

38. Науқас  У., 18 жаста. Симптомдар: ішінің төменгі бөлігінің қатты ауырсынуы, тік ішекке берілетін, жыныс жолдарынан аздаған қанды бөліністер. Ауырсыну етеккір циклінің 18 күні, коитустан кейін басталды. АҚҚ 100/70 мм рт ст. Пульс 80 рет минутына.Дене температурасы 36,9ºС. Іші жұмсақ, төменгі бөлімінде ауырсынады, көбінесе оң жақ мықын аймғында.Құрсақтың тітіркену симптомы жоқ.Айнада –цервикалды өзектен қанды, аздаған бөліністер.Қынаптық зерттеуде –сыртқы аран жабық.Жатыры қалыпты өлшемдерде, в anteversio, аnteflexio қалпында, қозғалмалы, ауырсынусыз, қалыпты консистенциялы.сол жақ қосалқылары пальпацияланбайды. Оң жақтан контурлары анық емес, ауырсынатын түзіліс анықталады.артқы күмбез сезімтал.Сіздің диагноз?                                                                                                                                                                                                                                                                                             

1. Аналық безі апоплексиясы

2. Жедел  аппендицит

3. Жедел  сальпингоофарит

4. Жедел эндометрит

5. Аналық безі ісігі

 

39.Науқас 15 жаста,сол жақ мықын аймағындағы ауырсынуға, тік ішекке берілетін шағымдарымен жеткізілді.Ауырсыну кенеттен басталған, басында сол жақ мықын аймағында кейіннен қасаға үстінде болған.Соңғы қалыпты етеккірі - 2 апта бұрын. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық, терісі мен шырышты қабаты қалыпты түсте, АҚҚ 110/70 мм.рт.ст.Іші жұмсақ, сол жақ мықын аймағында аздап ауырсынады. Перитонеальді симптомдар жоқ.екі қолды ректалды зерттеуде жатыры ұлғаймаған,тығыз,ауырсынусыз. Сол жақ қосалқылар анық емес контурлы,пальпацияда ауырсынады.Лапароскопия жасалды,аналық безден аздаған қан кету анықталды. Тактика:

1.    лапаротомия және аналық безді тігу

2.    лапароскопия және аналық безі диатермокоагуляциясы    

3.    лапаротомия және жатыр экстирпациясы

4.    лапаротомия және аналықбезі резекциясы

5.    лапаротомия және зақымдалған аумақта жатыр қосалқыларын алып тастау

 

 

40. Науқас 37 жаста.Гинекологиялық стационарға мынадай диагнозбен түсті: Жүктіліктің 5-6аптасындағы өздігінен болмай қалған түсік. ААА. Қосымша дайындықтан кейін жатыр қуысын қыру басталды. Жатыр қуысын қырудан кейін 30 минут өткен соң жатыр қуысынан қан кету басталды, алқызыл түсті, ұйымайтын қан. Қан ұю уақыты  10 минут.Дәрігер тактикасы:

1. комплексті –қан кетумен күрес,АҚК толтыру, СЗП құю, эффективтілік болмаса – шұғыл операция

2. комплексті - шұғыл операция, АҚК толтыру, интенсивті шокка қарсы ем

3. ӨЖЖ, жүрек қызметін қолдау, АҚК толтыру,адекватты диурез, антибактериальді терапия

4. ӨЖЖ, жүрек қызметін қолдау, АҚК толтыру, шұғыл операция

5. ӨЖЖ интенсивті шокка қарсы терапия,протеаза ингибиторларын енгізу, антибактериальді терапия

 

 

41.       Науқас З., 44 жаста,ішінің төменгі бөлігінің толғақ тәрізді ауырсынуына, көп мөлшердегі қанды бөліністерге шағымданып келді.Соңғы 4 жылда етеккірінің көп мөлшерде ұйындылармен болуын айтады.Соңғы 3 жылда анемиямен ауырады.Тері жабындылары мен көзге көрінетін шырышты қабаттары бозғылт түстеү. Пульс 100 рет минутына. АҚҚ 120/80 мм.рт.ст. Айнада: жатыр мойыны өзегінен диаметрі 6см болатын жіңішке аяғында тұрған сыртқа қарай шығып тұрған түзіліс анықталады, қанды бөліністер,көп мөлшерде. PV: жатыр қалыптыдан сәл үлкен, қозғалмалы,ауырсынусыз.Қосалқылары анықталмайды.Сіздің диагноз?

1.  Вульваның қатерлі ісігі

2. Жатыр мойнының рагы

3. Туылған субмукозды миоматозды түйін

4. Жатыр мойнының миомасы

5. Жатыр миомасы

 

42. Науқас  30 жаста бөлімге ішінің төменгі бөлігінің кенеттен ауырсынуына, құсуға, жүрек айнуына байланысты жеткізілді. Объективті: бозғылт, АҚҚ 90/60 мм.рт.ст. Пульс 90рет мин.Іші кенеттен ауырсынады, Щеткина-Блюмберг симптомы оң. Айнада:жатыр мойыны таза. PV: жатыры кішкентай, жатырдың оң жағында қосалқылар аумағында көлемі 10х10 мм болатын, ауырсынатын, қозғалыссыз түзіліс анықталды.Сіздің диагноз:

1. жедел аппендицит

2. жедел эндометрит

3. жатырдан тыс жүктілік

4. киста аяқшасының айналуы

5. субсерозды түйіннің айналуы

 

43. Түскен кездегі шағымдары іштің төменгі бөлігінің толғақ тәрізді ауырсынуы, жыныс жолдарынан қанды бөліністердің болуы.(етеккірі 3апта бұрын біткен).Жедел ауырды.Айнада қынаптың шырышы таза, жатыр мойыны көгерген,қысқарған, сыртқы аран ашық, өзекте күңгірт-қызыл түсті қан ұйындыларымен жабылған түзіліс көрінеді. PV: мойын бөлімінде тығыз, домалақ, жатыр қуысына жылжитын түзіліс анықталады,жатыры жүктіліктің  8 аптасына дейін ұлғайған,тығыз,бұдырлы емес.Қосалқылары екі жақтан ерекшеліксіз.Дәрігер тактикасы?

1. оперативті –жатыр экстирпациясы қосалқыларымен

2. оперативті – туылып тұрған түйінді бұрап алу

3. оперативті – шұғыл түрде жатырды алып тастау

4. оперативті – аналық безі кистасының айналуы. Лапаротомия, кистаны алып тастау.

5. консервативті – ЖІС алу, қабынуға қарсы терапия оральді контрацептивтер фонында

 

 

44. 27 жастағы әйел гинекологияға іштің төменгі жағы ауыруына, t =38ºC шағымданып келген. PV: жатыр қалыпты, қозғалмалы, ауырсынусыз. жатырдың оң жағында қосалқылар аумағында көлемді, ауырсынатын, қозғалыссыз түзіліс анықталды. Бұл жағдайда жасалады?

1. Зақымдалған түтікшені алып тастау

2. Жатыр қосалқыларсыз ампутациясы

3. Жатыр қосалқыларымен экстирпациясы

4. Жатыр қосалқылармен ампутациясы

5. Екі жақ аналық безді алып тастау

 

 

45. 20 әйел жедел жамбас қуысы мүшелерінің (іштің төменгі жағы ауыруы, іріңді бөлініс, лихорадка, тахикардия, СОЭ, лейкоциттер  жоғарлауы) қабынуымен ем қабылдауда. Ем басталғала 24 сағаттан кейін жалпы жағдайы жақсармаған. Аурсыну сезімі, лихорадка, лейкоциттер жоғарлаған, іш қабырғасы тітіркену белгілері оң, әсіресе сол жақтан. PV: сол жақ қосалқы маңында ісік анықталған. УДЗ нәтижесі: сол жақ қосалқы маңы ісігі, абсцесс белгілерімен. Диагноз?

1. Сол жақ тубоовариальды абсцесс

2. Сол жақ түтікшелі жүктілік

3. Сол жақ созылмалы   аднексит

4. Созылмалы  пиовар

5. Аналық без апоплексиясы

 

 

46. 32 жастағы науқас  гинекологияға келесі шағымдармен келегн: іштің төменгі жағы ауыруы, қалтырау, құсу, жүрек айну, дене қызуы жоғары. Тұрмыста жоқ, екі апта бұрын кездейсоқ жыныстық қатынас болған. Іш қабырғасы тітіркену белгілері оң, іш қуысында сұйықтық жоқ. Жатыр мен қосалқылар қарау мүмкін емес, іш қабырғасы ауырсынуынан. Диагноз?

1. Жедел іріңді эндометрит

2. Жедел жайылған перитонит

3. Жедел  сальпингоофарит

4. пельвиоперитонит

5. параметрит

 

 

47.36 жастағы әйел жедел жәрдеммен келіп түскен. Шағымдары: іштің төменгі жағы ауыруы, қалтырау, бас ауыруы. Анамнезде: босану, 3 абортақырғы аборттан соң, қайта қыру жүргізілген. Іштің төменгі жағы ауыруы, іш қабырғасы тітіркену белгілері жоқ. PV: жатырдың сол жағында қосалқылар аумағында көлемі 4x9 см, ауырсынатын, қозғалыссыз түзіліс анықталды. Дәрігер тактикасы?

1. Оперативті ем – жатыр ампутациясы, кіші жамбас дренажы

2. Операт



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.