Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Желдеткіштің қызметі, түрлері, жұмыс істеу қағидасы



1.1 Желдеткіштің қызметі, түрлері, жұмыс істеу қағидасы

 

Желдеткіштер тұрғын үй және қоғамдық ғимараттар мен өнеркәсіптік бөлмелерге,өндірістік цехтарға ауаны жіберу үшін: түтін жұтқыштар, ауа үрлегіштер немесе электр пештеріне газ жіберуші ретінде, қазандықтарда және басқа да қондырғыларда қолданылады. Бұл барлық саланы биік құбырларды орнатудың қажеттілігінен босатады. Желдеткіштер (0,01 – 0,1) ·105 Па қысым өзгеруін тудырады.

Желдеткіштер құрылысы жағынан: ортадан тепкіш және осьтік болып бөлінеді. Олар шығатын ауаның бағытына және айналу қозғалыс бағытына қарай бірнеше түрлі болып шығарылады (жоғары, төмен, көлденеңді және т.б.).

Ортадан тепкіш желдеткіштің жұмысшы дөңгелегі бір қаптамада екі айналады Ауа қаптаманың сыртқы тесігі арқылы сорылып, шығатын саңылауымен сыртқа айдалады. Осьтік желдеткіштер жұмыс дөңгелегі бірнеше ұқсас түрдегі, ауалы немесе еспелі қалақшалардан тұрады. Дөңгелек қаптаманың ішіне бекітілген электроқозғалтқыш арқылы айналғанда, желдеткіш саңылауы арқылы ауаны үрлеу үрдісі жүреді.

Өнеркәсіп кәсіпорындарында ортадан тепкіш желдеткіштер кеңінен тараған. Олар ортадан тепкіш компрессорларына ұқсас, біліктің статикалық қуаты жылдамдыққа тәуелді сияқты, желдеткіштің де сипаттамасы өзгереді.

Желдеткіш білігінің моменті жылдамдықтың квадратына пропорционал, ал желдеткіш өнімділігі бұрыштық жылдамдықтың бірінші дәрежесіне пропорционал өзгереді.

 

 

1.2  Желдеткіштің электржетегінің ерекшелігі

 

Ортадан тепкіш желдеткіштердің механизмдері үшін ұзақ мерзімді жұмыс тәртібі тән. Олардың электрқозғалтқыштары реверстік емес жиі қосылатын болып келеді. Үздіксіз көлікті механизмдерге қарағанда желдеткіштер де номиналды моменттен 20 – 25 % - ке дейін шамалы статикалық қосу моментіне ие. Қолданысына байланысты бұл механизмдер орнатылған өндірістің сипаттамасы мен қуатына қарай олар шамалы, бірақ тұрақты түрде ауаның (газдың) берілген көрсеткіштерден ауытқуын ескере отырып, өнімділігін реттеуді қажет етеді.

Желдеткіштер мен ауаүрлегіштердің өнімділігін үш түрлі әдіспен өзгертуге болады:

- жетек қозғалтқышының бұрыштық жылдамдығын өзгерту арқылы

 - ысырмамен магистраль кедергісін өзгерту арқылы

 - реттеу үрдісі кезіндегі жұмыс жүйелерін құрылымды өзгерту арқылы.

Көптеген поршендік және цехтық бөлмелердегі желдеткіш қондырғыларының жетек қозғалтқыштарының бұрыштық жылдамдығы реттеуді қажет етпейді. Сондықтан мұнда роторы қысқаша тұйықталған асинхронды қозғалтқыш пен синхронды қозғалтқыштарды пайдаланады. Қуаты 50 – 100 кВт синхронды қозғалтқышы бар жетек, асинхронды қозғалтқышқа қарағанда экономикалық жағынан тиімді болып келеді. Бірақ синхронды қозғалтқыш асинхронды қозғалтқыштарға қарағанда құрылысы жағынан күрделі және қымбат. Оларды кәсіпорынның бір уақытта коэффициент қуаттылығын cos  - ді көтеру үшін қосымша құрылыстар қолдануы қажет болады.

Жұмыс кезінде мойынтірек білікте периодты өзгеретін кедергі моментін тудырады, бұл синхронды қозғалтқыштың роторының тербелісіне әкеледі. Мұндай тербелістерді азайту үшін қозғалтқышты синхронизмнен түсуін болдырмау керек, мойынтіректі жетектер үшін арнайы асқын жүктемесі көп, ротордың момент инерциясы артық және кіріс моментінің шамасы үлкен жай жүрісті синхронды қозғалтқыштарды қолданады.

Қоректенетін жүйе қуаты жеткілікті болса, асинхронды және синхронды қозғалтқыштарды тікелей қосуға болады.

Жүйеге тікелей қосуға мүмкіншілік жоқ болса, онда қосу тоғын азайту үшін бірнеше әдіс қолданылады, мысалы қозғалтқышты автотрансформатор немесе реактор арқылы қосу.

Егер білігінде жүктемесі желдеткіш сияқты сипаттамасы бар механизмдердің жылдамдығын реттеу керек болса, мысалы қазандықтардағы желдеткіштер мен түтін сорғыштар, онда роторы фазалы асинхронды қозғалтқышты, сонымен қатар статорында дросселі бар немесе қозғалтқыш пен механизм арасына орнатылған электромагнитті сырғанау муфтасы бар, роторы қысқаша тұйықталған асинхронды қозғалтқышты пайдаланады.

Желдеткіштер айналу бағытына қарай оң және сол болып жасалады. В-ЦП1-40-8А желдеткіштерінің қаңқасы, сонымен қатар бөлшектері мен жиналмалы бөліктері алюминий қорытпаларынан жасалып, ашық көріністі жұмыс дөңгелегі алдыға қарай иілген алты қалақшадан тұрады.

Желдеткіштерді улы газды ортадағы температурасы 800 С – тен аспайтын, зиянды химиялық қоспалармен ластанған ауаны ауыстыру үшін қолданады. Екі жақты соратын желдеткіштер екі параллель радиалды жұмыс істейтін бір желдеткіштен тұрады. Мұндай желдеткіштердің номиналды өнімділігі мен қоректенетін қуаты бір жақты соратын желдеткіштерге қарағанда (дөңгелектін айналу жиілігі бірдей болғанда) екі есе артық болуы мүмкін.

Әр түрлі металл қорытпалы радиалды желдеткіштер құрамында шаңы 18 мг/м3 аспайтын, температурасы 2000 С – қа жететін, жарылуға қауіпті қоспасы бар ауалыгазды ортаны тасымалдауға арналған.

ВЦ-12-49-8 жоғарғы қысымды желдеткіштерді мұздатқыш цемент пештеріне ауа жіберу үшін қолданады.

Үрлегіш желдеткіштері пештерде қолданып, ауаны бір жақты және екі жақты соратын, айналу бағыты оң және сол болып жасалады.

Түтін сорғыштар қазандық қондырғылардың температурасы 120 – 2000 С түтін мен газдарды шығару шығыру үшін қолданып, ауаны бір жақты және екі жақты соратын, айналу бағыты оң мен сол болып жасалынады. Түтін сорғыштар жай желдеткіштерден қаңқасының ішкі жағының қорғанысы мен жұмыс дөңгелегінің қалың болуымен ерекшеленеді.

Номері 6 -дан 12,5 – ке дейін түтін сорғыштарды жұмысшы бөлігінсіз, яғни жұмысшы дөңгелегінің электрқозғалтқыштың білігіне саптауынсыз жасайды. Қаңқасы пісіріліп қосылған және алынатын номері 15 – тен 22 – ге дейінгі түтін сорғыштарды алынатын әр түрлі бөлшектерден жасайды. Оларды бағыттаушы аппараттармен бірге шығарады.

Электрқозғалтқыштың білігі мен алдыңғы мойынтіректері жұмысшы дөңгелектің шлицтік пазасы арқылы, ал тіректік мойынтіректері сумен суытылады.

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.