Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Оксигенотерапия туралы түсінік. Көрсеткіштері



 Оксигенотерапия туралы түсінік. Көрсеткіштері

Оксигенотерапия (оттегімен емдеу)—емдеу мақсатында оттегін қолдану. Ол организмде оттегі жетіспейтін жағдайда өте тиімді. 40—50% оттегі бар газ қоспасын жұту қан тамырындағы қанды біршама тез толтырып қалыпқа келтіреді. Оттегімен жүргізген емнен кейін сырқаттың көңіл-күйі көтеріліп, көгеруін азайтады, тыныс алуы неғұрлым сирек әрі тереңдей түседі, ентікпесі кетіп, жақсарады. Оттегі ылғалдануы тиіс. Оттегімен емдеу ұзақ та үздіксіз болуы тиіс. Оттегін тиімді және үнемді пайдалану қажет. Оттегін көп беруден қашық болу керек, себебі жоғарғы концентрациядағы (70% жоғары) оттегі жүрек-қан тамыры жүйесіне және дем алуға теріс әсер етеді.

Оттегін мұрын катетрлері арқылы оттегі жастығынан, оттегі палаталарының көмегімен, Боброва аппараты арқылы, тікелей баллоннан немесе орталық оттегі станциясынан беруге болады.

1. Оттегін ингаляциялықәдіспен енгізу. Оттегін қолданудың алдында тыныс жолдарының өткізгіштігіне, онда қақырықтың немесе құсық массасының жиналмағанына көз жеткізу қажет.

Оттегін ингаляциялық жолмен енгізу үшін мынадай аппаратуралар: редуктормен қамтамасыз етілген оттегі бар баллон, оттегі жастығы шүмегі және мундштукті резеңке түтік болуы қажет. Оттегін жастыққа былайша толтырады: мундштугын шығарып, резеңке түтікті оттегі баллонының редукторына қосады, вентильді баяу ашады да жастықты толтырады. Жастықты толтырған кезде редуктордың вентилі мен жастықтың шүмегін жабады, ауызды құрғатпау және оттегін ылғалдау үшін - дымқыл дәкемен ораған мундштук кигізеді. Мундштукты сырқат аузынан 4—5 см қашықтау ұстап, резеңке түтікке жіберетін клапанды біртіндеп ашу керек. Жоғары қысымның салдарынан оттегі шығады да, дем алған кезде тыныс алу жолына түседі. Оттегінің түсу жылдамдығын түтік-тегі шүмекісі, әрі оттегі түгел шыққанша жастықтың бұрыш-бұрышын басу жолымен реттейді. Әдетте сырқаттар минутына 4—5 л берілетін оттегін жақсы қабылдайды. Жастықтағы оттегі 4—7 минутқа жетеді, ал содан соң оны артық сақталған жастықпен ауыстырады немесе қайтадан оттегімен толтырады.

Берілген тәсілмен ендіру кезінде оттегін ылғалдау жеткіліксіз, ол ауыз қуысы мен мұрынның шырышты қабатын кептіреді,сондықтан оттегін мұрын катетрлері арқылы енгізу дұрыс.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.