Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ЛАБОРАТОРЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР. Мейірбике рөлі



ЛАБОРАТОРЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР


Лабораторлық зерттеулер:
- аздаған эозинофилия, қанда тромбоцитопения;

- лейкопения болуы мүмкін;
- қақырық цитологиясы – аллергиялық қабынба: эозинофил, лейкоциттер, сілемей, флора деңгейінің артуы;
Бронх демікпесі туындауында бактериалды сенсибилизация мүмкіндігін ескеріп, бірқатар науқастарда антибиотиктерге сезімталдықты ескеріп, себептік маңызды агенттерді анықтау қажет – қақырықтың бак. себіндісі – бактериалды флора; қан сарысуындағы жалпы Ig Е деңгейінің жоғарылауы.

Мейірбике рөлі

Тыныс алу қызметі бұзылуының көріністері:демікпе, тұншығу, жөтел (құрғақ, қақырық бөлінуімен), кеуде сарайының ауруы, қан қақыру, өкпеден қан кету жағдайлары туралы түсінік. Науқас жағдайын бақылауды қамтамасыз ету;

1) Кеуде торының ауруы -

Кеудедегі ауырсыну пайда болғанда:

·Дәрігерге айту

·Науқасты тыныштандырып, ыңғайлы қалыпқа жатуға көмектесу

·Науқасқа үстірт демалуды тағайындаңыз

·Дәрігердің нұсқауы бойынша жөтелуге қарсы және ауырсынуды басатын дәрі-дәрмектерді беру

·Жөтелуді басу үшін кодеин 0,015 г, дионин 0,02 беру керек

·Ауырсынуды басу үшін диклофенак, пипольфен, баралгин егу керек.

2) Ентігудеп дем алу жиілігінің, ырғағының, тереңдігінің бұзылуын атаймыз.

Ентігудің 3 түрі бар:

- инспирациялық ентігу кезінде - дем алу, Бұл ауа жолында бөгде зат болғанда, дифтерия немесе көмей тұсында ісік болғанда кездеседі.

- экспирациялық ентігу кезінде - дем шығару, (демікпе, эмфизема, созылмалы бронхиттер).

- аралас ентігу кезінде - дем алу да, дем шығару да қиындайды. пневмония, пневмоторакс).

·Көмек: Науқасты төсекке отырғызып жатқызыңыз

·Қысып тұрған киімдерді босатыңыз

·Палатада тыныштық орнатыңыз

·Науқасты тыныштандырыңыз

·Оттегін беріңіз: мұрын каттері мен аппарат Боброва арқылы

3) Демігу - бұл өте күшті ентігудің ең биік шыңы, бірден басталады. Ұстама түрінде жүретін ентігуді астма деп атайды.

Астманың бірнеше түрі бар:

А) өкпе ауруына байланысты дамитын демігу (бронхты демікпе)



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.