Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ық бастаулары (негіздері)



2.4 Құқық бастаулары (негіздері)

Заң ғылымында «құқық негіздері» дегеніміз – қоғамдық қатынастарды реттейтін ресми түрде бекітілген жалпыға бірдей міндетті мемлекет қамтамасыз ететін қоғамның ерік-жигері.

Әдетте құқық негіздері 4 тұрге бөлінеді:

1. құқықтық әдеттер;

2. сот прецеденті (ұлгілер),

3. құқықтық келісім-шарттар;

4. нормативтык - құқықтық актілер (НҚА).

Құқықтық әдеттер – қоғам өмірінен шыққан адамдардын қарым-

қатынасын реттейтін ресми тұрде беітілген әдет-ғұрыптар («Жеты жарғы», «Қасым ханның қасқа жолы»,).

Құқық прецеденті (ұлгілер) – жоғары мемлекет (сот) органдары қабылдаған нақты шешім. Осы шешім тқменгі мемлекет органдарына ұқсас істерді шешкенде негіз болады (АҚШ, Англия, Үндістан, Австралия).

Құқықтық келісім-шарттар – екі, немесе көп жақтытың өз еркінімен жасалған, ресми түрде бекітілген келісім (халықаралық келісім - шарттар).

Нормативтык-құқықтық актілер (НҚА) – мемлекеттіқ органдар ресми тұрде қабылдаған, жалпы ережелерден тұратын, қоғамдық қатынастарды реттейтын, жалпыға бірдей міндетті құжат, акт. ( ҚР Конституциясы).

Құқықтың қайнар-көзі ретінде құқықтық әдет-ғұрыпты, құқықтық прецедентті, келісім-шартты, заңдар мен заңға сәйкес актілерді танимыз. 

Құқықтық әдет-ғұрып - тұрақты қайталануына байланысты тарихи қалыптасып, мемлекет тарапынан міндетті деп танылған жүріс-тұрыс ережелері.

Құқықтық прецедент - болашақта туындауы мүмкін ұқсас дауларға негіз болып табылуы үшін оған мемлекет тарапынан міндеттілік сипат берілетін нақты бір іс бойынша қабылданған шешім.

Келісім-шарт дегеніміз - мемлекет тарапынан қолдауға ие болатын, екі немесе одан да көп қоғамдық қатынас қатысушыларының нақты мәселеге қатысты өзіндік ерік білдіруін нақтылайтын акт.

Заң - қоғам өмірін реттеуге байланысты мемлекеттің еркін білдіретін, арнайы белгіленген тәртіп негізінде қабылданатын жоғарғы заңдық күшке ие нормативтік құқықтық акт.

Заңға сәйкес акт - заңға сәйкес және заң негізінде сол заңның орындалуы үшін немесе заңның мәнін айқындау, түсіндіру үшін қабылданған құқықтық актілердің бір түрі.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.