Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Психиатрлық көмекті ұйымдастырудың сызба нұсқасы.



 

 

№1 Дәріс

1. Тақырыбы: «Психиатрия пәні, тапсырмалары. Психиатриялық көмекті ұйымдастыру. Заманауи психиатрияның актуальді мәселелері.»

2. Мақсаты: Психиатрия пәні мен тапсырмаларымен таныстыру. Психикалық денсаулық критерилерімен таныстыру және психикалық бұзылыстарды тіркеу, психикалық науқастарға көмекті ұйымдастыру.

3. Дәріс тезистері.

Психиатриямедициналық дисциплина, психологиялық аурудың таралуын, этиологиясын, патогенезін, диагностикасын, емдеуін оқытады және де тұрғындарға психиатрлық көмекті ұйымдастырады. Психиатрия (грекше psyhe – жан, iatreia - емдеу) – жанды емдеу.

Психиатрияның тапсырмалары:

Психикалақ аурулардың таралуын даму жағыдайларын, назологиялық құрылымын және кленикалық ерекшелігін оқып үйрену.

Психикалық аурулардың этиолгиясы мен патогенезін оқып үйрену.

Психикалық аурулардың емі мен алдын алуын оқып үйрену.

Науқасты әлеуметтік-еңбектік реабилитациялау.

Еңбектік, сорттық және әскери-дәрігерлік экспиртиза.

Санитарлық-жарықтандыру психогигиеналық жиын өткізу.

Психиатрия – медицинаның ажырамас бөлігі, барлық бөліктерімен тығыз байланысты.

Психикалық бұзылыстар биосоциальді сутьпен байланысында дамиды, ауырлық дәрежесіне қарай бөледі (психикалық бұзылудың ауырлық дәрежесін психикалық денсаулық критериі бойынша бөледі).

Психикалық денсаулық критерилері (ВОЗ бойынша):

Сана мен зезімталдылдықтың үздіксіздігін, фиикалық және психикалық «мен» -нің өзіндік иденттілігі және тұрақтылығы;

Тұрақтылық сезімталдылығы мен идентициялық толқу (переживания) бір типті ситуацияда;

Өзіне және өзінің психикалық продукциясына және оның нәтижесіне критикасы (жан айқайы);

Күшіне жиілігіне айналадығы ортаның әсеріне, әлеуметтік жағыдайы мен ситуациясына психикалық реакциясы (адекватты);

Әлеуметтік қалыпқа, ережеге, заңға сәйкес өзін басқару қабілеті;

Өзінің өмір ағымын шынайылыққа ауыстырып, жоспарлауға қабілеті;

Өмір ситуациясымен жағыдайына тәуелді тәртібін өзгерту қабілетінің мүмкіншілігі.

Барлық психикалық бұзылыстарды үш топқа бөлеміз: дәрежесіне және бұзылыстың тереңдігіне байланысты.

Психотикалықжағыдай келесі белгілердің кемінде біреуіне тән:

Сананың бұлыңғырлануы, сандырақ ойлар, галлюцинация, психоматорлық және аффективті бұзылыстар. Бұл кезде науқас критикасы болмайды, өзінің аурулық жағыдайын бағалай алмайды, аурудың бұзылу характерін сипаттай алмайды.

Психотикалық емес(шектелген) психологиялық бұзылыстар эмоциямен қозғалысты ерік сферасының бұзылуымен сипатталады. Науқас өзінің аурулық жағыдайын критикалық бағалай алады, өзінің ауру екенін түсінеді. Осы деңгейде невротикалық және психопатиялық бұзылыстармен жүреді.

Дефектті органикалықбұзылыстар интеллектуальді функцияның бұзылуымен жүреді (ес және ойлау).

Нозологиялық бағыттың негізін салушы неміс психиатры Э. Крепелин. Нозологиялық бағыттың негізгі әдісі – клиниккалық көрінісін және психикалық бұзылыстың ағымын ретімен сипаттау. Басқа бағыттағы төрағалар осы бағытты сипаттаушы психиатр Э. Крепелин деп атады. Психиатрия жалпы және жеке психиатрияға бөлінеді. Жалпы психиатрия (жалпы психопатология) көптеген психикалық аурулардың пайда болуы мен дамуының заңдылығын, этиологиясы мен патогенезінің жалпы сұрақтарын, психопатологиялық процестердің табиғатын, олардың себебін, жіктелу принциптерін, қалпына келтіру мәселелерін зерттеу әдістерін оқытады.

Жеке психиатрия жеке психикалық ауруларға сәйкес сұрақтарды оқытады.

Психиатриялық көмекті ұйымдастырудыңнегізінде кез келген елде азаматтардың құқығы бар, осы көмекті көрсете алады. Бұл көмек психикалық науқастың рұқсатынсыз жүзеге аспайды. Жиырмасыншы тарауда «психикалық бұзылыстармен зардап шегетін науқастарға медико-социальді көмек көрсету». ҚР кодекісінде «халықтың денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі» (2009) квалифицирленген психиатрлық көмек ғылыми жетістіктер мен тәжиірбиеге сәйкес тегін көмек көрсетіледі. Заң психикалық аурудың және дәрігердің, психиатрлық қызмекерлердің жағыдайларына қатысты құралады. Психикалық науқастың қызығушылығын максималді қорғау, сонымен бірге психикалық науқастардың қоғамға кауіпті іс әрекеттерінен шектеу. Психиатрлық көмек көрсетуде науқас дәрежесі (достоинство) зардап шекпеуі қажет. Бұл көмек сұрауы бойынша немесе келісімі бойынша жүргізіледі, ал жасөспірімдерге ата-анасының, болмаса заң төрағасының сұрауы бойынша немесе келісімі бойынша көрсетіледі.

Тұрғындарға психиатрлық көмек стационарлық, амбулаторлық жағыдайда көмек көрсете алады.

Психиатрлық көмекті ұйымдастырудың сызба нұсқасы.

Амбулаторлы (ауруханадан тыс) көмек:

Поликлиникада балалар немесе жалпы психиатрлық кабинет, психиатрлық кабинет ЦРБ;

Қаладағы, облстағы, республикадағы психиатрлық ауруханадағы психоневрологиялық диспансер немесе психоневрологиялық бөлімше;

Наркологиялық диспасер.

Стационарлық психиатрлық көмек:

Денсаулық сақтау жүесінде қалалық және облстық психиатрлық аурухана,

ІІД (МВД) жүйесіндегі мамандандырылған психиатрлық аурухана (ерекше қауіпті психикалық ауруларды емдеуге арналған, яғни заңға қарсы іс әрекет жасғанда);

Наркологиялық аурухан;

Ірі соматикалық аурухана мен әскери ауруханада психоневрологиялық бөлімше, диспансер;

Күндізгі және түнгі стоцианар (психиатрлық ауруханада немесе диспансерлеу орталығында);

Психоневрологиялық санатория (ересектерге және балаларға арналған);

Мүгедек – психохрониктерге үйде көмек көрсету (ересектерге және балаларға арналған);

Социальді – реабилитациялық мекемелер:

Емдік-еңбек шеберлері кабинеті (ЛТМ) психиатрлық ауруханада және диспансерлік орталықтарда болады;

Психиатрлық ауруханаларда, реабилитациялық орталықтарда тұрмыстық бөлмелер;

 Санаторлық мектептер (астеникалық жағдайлары бар балаларға арналған);

Сөздік және басқа да бұзылыстары бар балаларға арналған мектептер мен топтар;

Ақыл ойы артта қалған балаларға арналған интернаттар мен мектептер.

Психиатрлық бақылауды, емдеуді қажет ететін ересектер мен балаларды ерте анықтауда отбасылық дәрігерлер, аймақтық терапевтер, педиатрлар маңызды рол атқарады, себебі амбулаторлық, профилактикалық және басқа да

тексерулер кезінде әр түрлі психикалық ауытқулары бар науқастармен алғаш рет кездеседі.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.