Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тақырыбы: Батыс Еуропадағы шіркеу және оның ұйымдары.



№13-лекция

Тақырыбы: Батыс Еуропадағы шіркеу және оның ұйымдары.

Жоспары:

  1. Христиан догматикасы және бүкіләлемдік соборлар.

  2. Папа доктринасының орнауы.

  3. Инквизиция.

Лекция мәтіні.

1. Орта ғасырлық феодалдық-шіркеулік көзқарастың негізін IV ғғ. және V ғғ. арасында христиан дінінің ірі идиологы - Гиппон епископы Августин салып берді. Никея мен Константинополь шіркеу соборларын 325-381 жылдары негізінен орныққан христиан дінінің догматтық қағидаларына өз ілімін қосты. Аврелий Августин (354-430 жж.) басында пұтқа табынған, кейін христиан дінін қабылдап, өмірінің 35 жыл бойы Гиппонда (Солтүстік Африкада) епископ болды. Ол әртүрлі еретиктер ағымына қарсы мейірімсіз күрес жүргізді, жекменшік құқықты догматты түрде негіздеді, бай және кедей болу “құдайдың қолында” деп жариялады. Август дүние жүзінің тарихына христиандық діннің ұғымын жасап, шіркеуді ашты. Өз міндетіне христиан діннің сенім-нанымдарын тарату, ересьтерді тамырымен жою, “Жын-шайтандардың патшалығын” құртамын деп, христиан еместерді жын-шайтанның құрбаны болып және Август христиан дінін шіркеуге тәубе етуді мәжбүрледі. Шіркеу дін басылары мен дінге сиынғандарды насихатты догматтық түрде негіздеді.

529 жылы шамамен Бенедикт Нурсийский негіздеген Италиядағы Монтекассинодағы монастырь тұңғыш рет монах ордені - бенедиктішілер ордені құрылды. Монахтардың байлығы және шіркеуге қызметкерлердің жер иеліктері болды. Олар төменгі тап сверлерді қанап отырды, әр мемлекетте олар жердің үштен-бір бөлігіне иелік етіп отырды. Монахтар мен шіркеу қызметкерлерінің өздерінің реформаларын жаңғыртып, IX-XVII ғғ. аралығында бертін келе билік басындағы корольде осы шіркеудегі папаға тәуелді болды.

Шіркеу жылдан-жылға күшейді, оларды алғашқы орта ғасырда батыста да шығыста да “приход” священнигі басқарды. Кейін келе олар одақтасуы арқасында Батыста - архиепископ, Шығыста - митрополит деп аталды. Шығыста V ғғ. шіркеу бірлестіктері “патриарлық” пайда болды, батыста патриарлық тең дәрежеде Рим епископы - папаны таныды.

2. Шіркеуді басқаруда епископтар сьездерінде белгілі бірнеше провинциялық епископтар жиналып, “собор” немесе “әлемдік” деп аталатын барлық елдегі епископтар жиналатын соборлар болды. Византия императоры шақыруымен IX ғасырға дейін шіркеулік соборларда догматика, шіркеу ұйымдарының мәселелері шешілді.

IV ғғ. аяғы мен V ғғ. басында ең алғашқы Рим епископтары өздерін “папа” деп атап, өздері шіркеу басшысымын деп өз құқықтары болды. V ғғ. және VI ғғ. Римде тұңғыш папа Петр болған деседі, Христос аңыз бойынша “Сен Петр (грекше - тас), мен сол тас үстінде өз шіркеуімді құрамын деген екен. Папа қоластындағы жерлер “Әулие Петрдің вотчинасы” ретінде, өз жерлерін сеньоры ретінде пайдаланды. VI ғғ. Папа I Григорий (590-604 жж.) тұңғыш рет біз құлдардың-құлымыз, ешқандай әлемдік патриарх титулының құқығы жоқ деп жариялады. Еуропада шіркеу мен мемелекет алғашқы Галлияда Меровингтер кезінде туды, Каролингтер тұсында дамыды. Алғашқы феодал мемлекетте Италияда Пипин Короткий билік еткен тұста Папа мемлекетін құрды. Ұлы Карл тұсында халықтың төлейтін салығын шіркеу арқылы жүзеге асырды. VIII ғғ. мен IX ғғ. аралықта папалардың мемлекеттік құрылуымен оның беделі Каролингтердің қолдауымен күшейе түсті.

IX ғғ. папа I Николай (858-867 жж.) тұсында батыс және шығыс шіркеу арасында қақтығыстар болды. Осы соборларда да Болгарияда папа орнына таласып, папаның біреу емес бірнеше болуы және Константинополь патриархаты Фотидің айтуынша батыста бес саусағымен шоқыну болса, шығыста үш саусағымен шоқыну арақатынасы, батыста шоқыну латын тілінде болса, шығыста славян тілінде болды. Батыс Еуропада Византияда некені бұзуға болмайды дегенді мойындаса, шығысында оны тіпті мойындамайды. Бұлар шіркеудегі үздіксіз қақтығыстар догманы, діни ғұрыптарды жою емес, шіркеудегі папа әр елде болсын деген байлықты көре алмаушылықтан болатын. Папа өз қарамағындағылардың жанжалын тоқтату мақсатында өзіне қарсы шыққан шіркеу қызметкерлеріне жалған құжаттар мен жалған хаттар арқылы істеріңді жүзеге асыруда деп канондық құқықтармен (шіркеу соты) жазалады. 966 жылы Польша, Чехия мен Моравия да христиан дінін қабылдады. 960 жылы Киевкеде папа миссиясы келді. 988 жылы Киев княздығы Владимир Святославич христиан дінін қабылдады. 1054 жылы жазда шіркеу бөлінуі Константинополь папаның рұқсатынсыз Византия патриархаты Михаил Керулларий өз саясатын асыруда шіркеу қызметкерлерін шақырып шіркеу соборларында папаның легаттарын өз қарамағына шығуды насихаттады, сол себепті папа IX Лев оны қарғыс атсын деп елден азғырды.

X-XI ғғ. әртүрлі ірі феодалдар көптеген жер байлықтарына таласуы, папаның Италиядағы феодалдарды бағындыруға күші жетпеуінен, I Оттон тұсында Рим империясының ыдырауы, франк империясының ыдырауы салдарынан шіркеу іс жүзінде саяси дербестігін жойды.

XI ғғ. аяғы мен XII ғғ. басында папаның құлдырауынан соң, шіркеуді нығайту мақсатында Клюни монастыры Француз Бургундия бастаған шіркеудің жаңа реформасын шығарды, оған Италия, Франция, Англия, Испания, Германия екі мыңға жуық монастырьлар қатысып, олар некесіздік жөнінде және жергілікті халық шіркеу алдында ант беруін, шіркеу қызметкерлері бір-бірі туралы сатур, шіркеу рухына толы кітапхана мен мектептерді ашылуы туралы қатаң талапқа сай орындалуы керек деген бір бағытты ұстады. Бұл Клюни қозғалысын ұйымдастырған папа VII Григорий (1073-1085 жж.) бастап, оны 1059 жылы Латеран соборында (Римде) германдық шіркеу лауазымдағылар папаның сайлауларында өздерінің тәртіптерін қойып, өзгертулер енгізе отырды, сол себепті герман императорларын папаның сайлауларына мүлде қатыстырмады.

XII ғғ. аяғы мен XIII ғғ. басында католик шіркеуі мен папаның ықпалы нығайды. Клюни реформасының арқасында папа беделі артты, осы тұста папаның және шіркеу монастырьлары мен епископтарының өз жерлерін игеруі, папаға мемлекет басшысы корольде бағынышты болды. Папасыз ел ешқандай саяси жағдайды өзгерте алмайды, Испания мен Германия және басқа да елдер арабтарға қарсы жорықтар осы шіркеудегі папаның қолдауымен басқарылып отырды.

Папа III Иннокентий тұсындағы Еуропа елдері. Папа VIII Бонифаций (1294-1303 жж.) тұсындағы шіркеу беделі. Италия, Германия, Франциядағы шіркеудегі ерьестер қозғалысы мен күресі.

3. Шіркеу өзінің ересьтер күрестерінде, елді кезіп бүлікшілер өз монахтары емес деп, ересьтерді іздеп тауып, оларды тергеу үшін жүйе - инквизиция құрды (инквизиция - латынша тіркеу ұғымынан шыққан). 1231-1231 жылдары инквизицияны тікелей папа басқарды. Бұл істі бақылай отырып, олардың өсек тасығандар мен олардың жалған уағыздауларын құпия жүзінде ұстады. Инквизиторлар мен тыңшылар жалдап, оларға сотталғандардың жері мен мүлкін тәркілеу кезінде сол мүліктің бір бөлігін беріп отырды. Инквизиция құрбандарын халық арасында отқа өртеп отырды. Инквизиторлар мен тыңшыларды Испания, Германия, Францияда халық арасында таяққа жығып өлгендерде бар, бірақ шіркеудегілер оның орнына жаңадан адамдар қойып отырды. Инквизиция құрбандары көбінесе - ғалымдар, философтар мен шіркеуге қарсы шыққандар болатын.

XIV ғғ. аяғы XV ғғ. басында шіркеу құлдырауда болды, феодалдық Еуропаның тарихының дамуында орта ғасырлық папалық әлсіреу үстінде болды.   



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.