Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тақырыбы: ІV-XII ғғ. Византия.



№4-лекция

                                      Тақырыбы: ІV-XII ғғ. Византия.

Жоспары:

1. Византия империясының құрылуы.

2. VII ғ. - IX ғ. бірінші жартысындағы Византия.

3. IX-XI ғғ. Византия.

4. XII ғ. Византия.

Лекция мәтіні.

1. 395 жылы Рим империясының Шығыс және Батыс болып бөлініп кетуіне байланысты, Римнің Шығыс бөлігінде Византия мемлекеті пайда болды. Византия империясының негізін қалаушы император Константин 330 жылы Босфор жағалауында қоныстанды. Византия мемлекетінің орталық астанасы өз есіміне лайықталып Константинополь қаласын құрды. Константинопольдің орналасқан ортасы өте қолайлы жерде болды; Еуропадан Азияға, Қара теңізден Эгей теңізіне апаратын аса маңызды сауда жолдары осы араға келіп түйісетін, Шығыс пен Батыс аралығында сауда-саттық жұмыстарында Константинопольдің билік жүргізуіне мүмкіндік туғызды. Византия империясының құрамына мыналар енетін: Балқан түбегі, Кіші Азия, Сирия, Палестина, Египет, Солтүстік Африкадағы Киренаика, Месопотамия мен Арменияның бір бөлігі, Қырымдағы және Кавказдағы бірқатар тірек пункттері, Аравияның кейбір аудандары, V ғ. бастап Иллирия пен Далмация да жататын болды. Византия империясының жерінде әртүрлі тайпалармен халық топтары; гректер, фракиялықтар, иллириктер, дакилықтар, эллиндіктер, кіші азиялықтар, сириялықтар, грузиндер, еврейлер, копталар өмір сүрген.

V ғғ. Римнің ыдырау салдарынан варварлық тайпалардың тоз-тоз болып ыдырауына мәжбүр болды. Осы тұста Византия империясының нығаюына және ыдырап кеткен тайпаларды біріктіру салдарынан билік басына император Юстиниан (527-565 жж.) биледі. VI ғ. тарихшысы Прокопий Кесарийский өз еңбектерінде император Юстинианның мінезін мейрімсіз айлакер және реформатор, діншіл-ғалымдық қасиеттері, асқан ақыл және қайрат иесі, заң ғылымын жете меңгерген, мемлекеттік істерді жан қиярлықпен жүргізе білген. Оның тегі араласпаған ісі болмаған; ол заңдық және әкімшілік реформаторлар жасаған, құрылыс пен дипломатиялық жұмыстарды қатар жүргізе білген, неше түрлі соғыс жоспарларын жасаған және небір қиян-кескі діни айқастарға қатысып отырған. Атақ құмар, әрі айлакер залым, әрі мейрімсіз қатал император Юстиниан тарихшы ғалымның айтуы бойынша, ”жәй әншейін жұмсақ үнмен ғана түк жазығы жоқ ондаған мың адамды қыруға бұйырғанда беті бүлк етпес еді”. Император Юстинианның пұтқа табынушылар мен дінсіздерді аяусыз қудалауы салдарынан ел ішінде 529 жылы Палестинада көтерілісшілердің шығуына әсер етті. 530 жылы тұтқынға түскен көтерілісшілерді топпен құлдыққа сатып жіберді. 532 жылы Византия халықтары арасындағы қозғалыс “Ника” көтерілісі тарихта өз ізін қалдырды. “Ника” сөзі - “Жең!” деген ұғымды білдіреді. 532 жылы 11 қаңтарда үкімет саясатына наразы - оппозициядағы партиясы “жасылдардың” Константинополь орталығында жиналып көше бойы ақсүйектілер үйлерін және үкімет мекемелерін қирата және өртей бастады. Тұс-тұстан көтерілісшілер ұрандатып император және оның жақтастарын Сарайда қоршауға алды, үкіметке қауіп төнді. Император Юстиниан астанадан қашып кетуді ұйғарды, бірақ оның жұбайы патшайым Феодора өжеттілік танытып көтерілісшілерге қарсы шабуылға шығуды бұйырды. Қала орталығында 30 мыңнан астам адам қаза тапты, көше бойы қанға малынды. “Ника” көтерілісін ұйымдастырушылар скамарлар отрядтарынан қашқан құлдар, колондар және кедей шаруалардан жасақталған еді. 528-534 жж. император Юстиниан өзінің 50-ден астам заң жинақтарын жасап шығарды. 534-565 жж. ”Новелла” атты жинағын шығарды.

534 жж. Солтүстік Африкадағы Вандалдар мемлекетін өзіне тізе бүктірді. 545-546 жж. византилық әскерлерінің Стотза басқарған көтерілісі болды. Стотза шайқаста қаза тапты. 541-552 жж. остгот королі Тотила көтерілісі болды. 555 ж. Тотила өлген соң, византиялықтар Италияны түгел жаулап алды.

2. 602 жылы Дунай маңында тұрған армияның ішінен көтеріліс бұрқ ете түсті. Қатардағы жүзбасы Фока өзін императормын деп жариялады. Көтерісшілер бұқарасының көмегімен Константиопольді басып алды. Император Маврикий тақтан құлатылды және өлтірілді. Византия тағына Фока отырды (602-610 жылдар). Елде Киликияны, Сирияны, Палестинаны, Кіші Азияны, Египетті қамтыған аштықтан-ашық азамат соғысы басталды. 610 жылы Фока тақтан түсіріп өлтірілді, оның орнына ақсүйек өкілі Икарлий (610-641 жж.) император тағына отырды. VII ғ. 30-жылдарының орта шенінде Византияға шығысынан жаңа да қатерлі жаумен - арабтармен соқтығысуға тура келді. 636-642 жылдар аралығында арабтар Византиядан оның ең бай және құнарлы шығыс провинцияларын жаулап алды. Экономикалық және мәдени жағынан ең жақсы өркендеген шығыс провинцияларынан айырылу - Византия мемлекеті үшін ауыр соққы еді. 693-698 жж. арабтар Византиядан оның Солтүстік Африкадағы жерлерін де тартып алды.

Мемлекеттік басқару жүйесі барған сайын феодалдануға айналды. Византия мемлекетінің әкімшілік құрылысы түбегейлі өзгерді. Ескі диоцездер мен провинциялар жаңа әскери-әкімшілік округтар-фемдермен ауыстырылды. Византия жерінде бытырай жайылған славяндар, армяндар, сириялықтар және басқа да тайпалардың колондар бұқаралықтары фемдердағы әскери отырықшылардың негізгі тегін құрады. VII ғ. олардан және ерікті Византиялық шаруалардан айрықша әскери сословие - стратиоттар пайда бола бастады. Әскери қызмет атқарғаны үшін стратиоттар өкіметен ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып қалатын жер үлесін алды. 

Фемдердің басында фемдік әскерлердің командирлері - стратиоттар тұрды, бұлар азаматтық билікті түгелдей өз уысында ұстады. VIII ғ. - IХ ғ. алғашқы жартысында әскери фемдіктер мен аристократтар және шіркеулік-монастырьлық жер иеленушілер арасында жер үшін талас қатты шиеленісті. Кіші Азиядағы фемдік төрелер Исавралық әулеттің негізін (717-867 жж.) қалаушы болған өз итаршылар ІІІ Лев Исавраны (717-741 жж.) таққа отырғыза алды. Ерікті шаруалардан жасақталған фем әскерлеріне арқа сүйеген ІІІ Лев Византияның ең қауіпті сыртқы жауы - арабтармен күресте үлкен бетбұрыс жасады. Ол жыл бойы Константинопольді қоршап жатқан араб халифатының орасан көп армиясының шабуылына табысты тойтарыс бере білді. 740 жылы ІІІ Лев арабтарды күл-талқан етіп жеңді. ІІІ Левтің ұлы V Константиннің тұсында (741-775 жж.) Византияның өзі Араб халифатына қарсы шабуыл бастады да, 746 жылы византиялықтар Сирияға басып кірді, содан кейін Евфрат жағалаулары мен Армения жеріне дейін жетті. Византия әскерлері өзінің терістіктегі көршісі - тұңғыш Болгар патшалығына қарсы да шабуылдарын жемісті жүргізе білді.

3. X-XІ ғғ. Македониялықтар әулетін құрушы І Василик (867-886 жж.) империяның сыртқы саяси жағдайын уақытша нығайтуға мүмкіндік жасады. Оның тұсында арабтар шабуылына тойтарыс берілді. Алайда ол өлгеннен кейін арабтар және болгарлар Византияға тағы да соққы үстіне соққы берді. ІХ ғ. аяғында – Х ғ. басында арабтар бүкіл Сицилияны түгел дерлік жаулап алды. Оңтүстік Италиядағы Византия иеліктеріне де қауіп төнді. Арабтар сонымен қатар Кипрді де басып алды. Крит - аралдар мен жағалауды ойрандаған араб қарақшыларының ұясына айналды. 904 жылы арабтар Фессалониканы тонап кетті. Византия бұл кезде күшейіп алған Болгариямен шайқаста осыдан кем жеңіліске ұшыраған жоқ. Болгарлармен соғыс 30 жылдай дерлік созылды.

Византияның одан әрі нығаюы Х ғасырдың жартысында Болгар патшалығына қарсы шабуыл бастауына мүмкіндік берді. Византиялық император, батыл да, қайырымсыз қатал “Болгарлар қырғыны” ІІ Василик (976-1025 жж.) шығыс шекараларындағы бірқыдыру тыныштықты пайдаланып, Еуропада нөпір күш жинақтады. Сол сияқты болгар феодалдарының сатқындығын пайдаланып, ІІ Василик болгар жеріне ұдайы шабуыл жасады да, 1018 жылы Византия Болгарияны жаулап алды. Дунайға дейінгі бүкіл Балкан түбегі Византия империясының құрамына енді. ІІ Василик өлгеннен соң көп ұзамай-ақ ішкі дау-дамайдан империя қорғанысқа көшуге мәжбүр болды. Оның шекаралары тарыла бастады. Шығыстағы жерлері жаңа жаулардың түрік-сельджуктердің шапқыншылығына ұшыраса, еуропалық провинцияларына Қара теңіз маңындағы далалардан печенегтер қаптап келе бастады және олардың шапқыншылығы барған сайын қауіпті бола берді.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.