Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





азіргі психологияның міндеттері



1. Қазіргі психологияның міндеттері

  Психология адамның жан дүниесінің қыры мен сырын зерттейтін пән болғандықтан, ол жан құбылыстарын ғылыми тұрғыдан жете түсінуге мүмкіндік береді. Мұндай түсінік адамның іс-әрекеттері мен іскерліктерін өрістетіп отыруға жетелейді. Психология ғылымының рольі өсіп келе жатқан ұрпаққа тәлім-тәрбие беру ісінде айқын көрінеді. Психологиялық таным процестері; түйсік, қабылдау, ойлау және сөйлеудің даму заңдылықтары оқыту теориясындағы дидактиканы құруға, тәлім - тәрбие істерінің мазмұны мен ауқымын анықтауды оқыту әдістерін ғылыми негізде ұйымдастыруға, оқу құралдарын жасауға қажет болатын ғылыми тірек. Адамның жеке басына тән психологиялық қасиеттердің бәрі, оқу - тәрбие процесі арқылы, тіршілік ортасы мен қоғамдық жағдайға байланысты дамып, қалыптасып отыратыны айқын ақиқат. Осы орайда, адамның жан дүниесінің қыр - сырын жандандыру, оның жеке басының қасиеттері мен сипаттарын жетілдіру, ұстаздар мен тәрбиешілердің, таным үрдістері мен психологиялық заңдылықтарды жете білуі шәкірттерге тәлім - тәрбие беру жұмысын қалыптастырып, дамытуда.  

  Адам өз психологиясының даму процесінде, ақыл-ойын, сана-сезімін жетілдіреді. Дене еңбегін жеңілдетіп, оның нәтижелі болуы үшін қажетті құрал - саймандар жасап шығарып, тиісті амал тәсілдерді ойлап табуды мақсат етуде. Ондай мақсат қазіргі кезде автоматика, телемеханика, радиотехника, эелектроника, бионика, ғарышкерлік және басқа да ғылыми жетістіктердің салалары арқылы жүзеге асып отыр. Негiзгi ата кәсiбiмiз мал шаруашылығынан туындайтын түрлi мамандықтың қыры мен сырын, ауыл тұрғындарының тұрмыс салты мен әдет - ғұрпын, сондай-ақ ұлттық ерекшелiктерге қатысты этнопсихологиялық аспектiлерiн, адамның жасы мен жынысынан түрлiше көрiнетiн ерекшелiктерiн, әртүрлi әлеуметтiк топтардың қажеттері мен мұраттары, көңiл - күйі мен талғамы, қызығулары мен сенiмін, танымын, жарасымды мiнез - құлықтың қалыптасу жолдарын комплекстi тұрғыдан зерттеу қазiргi психологияның ең басты мәселелерiне айналуда. Соған орай, психологияның негізгі міндеті, адамның психикалық іс-әрекетінің заңдылықтарын зерттеу бүгінгі уақыттың еншісіне айналуда.

Психологияның заңдылықтары көрсеткендей, адам миында обьективтік дүниені қалай бейнелеуге және қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды қаншалықты танып білуіне болатындығын зерттеу арқылы анықтау. Психологиялық заңдылықтар, психикалық іс-әрекеттер қалай дамиды және жеке тұлғаның психикалық қасиеттерінің қаншалықты қалыптасып, дамитынын анықтап зерттеуге тура келеді.

  Психологияны практикалық тұрғыда қолдану арқылы, адамның басқа мүмкіндіктерін ашып дамытуға және олардың бұл бағытта әртүрлі деңгейдегі қажеттіліктері мен алға қойған міндеттерді шешуде психологияның атқарар жүгі орасан.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.