Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Азамат туралы қысқаша мәлімет



 

Аналитикалық анықтама

Азамат туралы қысқаша мәлімет

     Т.А.Ә.: Тунгатаров Аян

     Туылған күні:06.09.1993

     Мекен-жайы: Қарағанды облысы, Теміртау қаласы

     Білімі: жоғары

     Кездесу өткен орын: Теміртау қалалық мешіті

Кездесу өткен күн: 06.09.20

     Кездесу мақсаты: Объектінің деструктивті діни ағымдарға қатысы бар жоқтығын анықтау, қатысы болған жағдайда оны бейімдеу

     Отбасылық жағдайы: Үйленген

     Психологиялық жағдайы: Сөйлесуге қызығушылық білдірді, салмақты, сөйлесу барысында агрессия байқалмады

Наным-сенім (акида) және фикх сұрақтарына қатысты мәлімет:

Объект, салафия-ваххабия өкілі, намазды 2015 жылы бастаған. Жалпы қазақтың салт-дәстүрін, діни-жоралғыларын мойындайды. Діни жоралғыларды орындамайтын, бірақ өзін мұсылман санайтын қазақтар мен басқа да ұлттардың этникалық мұсылман өкілдерін кәпірге шығармайды. Соғыс әрекеттерін жүргізу үшін Сирия мен Ирак мемлекеттері аумағына шығып кеткен қандастарымызды қолдамайды.  Жалпы Елдос имаммен жақсы қарым-қатынаста. Елдос Имамға келіп некесін де қидыртқан. Бірақ бірден өзі сөз бастап айтқан болатын, өзімнің сенімімді өзгертпеймін деп.

     Сөйлесу барысында теолог объектіге мешіттің құрылысы жайлы айтып берді. Аян әр-дайым көмек көрсетуге дайын екенін көрсетті. Сонымен бірге алдында істегендей демалыс күндері, тағыда мешіт ауласын тазалатуға біраз көмек қолын созды.

Сөйлесу барысында Аян өзінің балалы болғанын яғни ұлды болғанын айтып қуанды. Елдос Имам тілек білдіріп жатқан сәтте. Аян мырза: «Сізден осындай сөздерді есту, мен үшін қуаныш», деп сөзін жеткізді.

Дерлік Аян мырзамен Елдос имамның қарым-қатынасы жақсарып келеді. Сенімін өзгерткісі келмейтін кісілермен, осылай жақынырақ араласып, дос болып, көзқарастарына ықпал етуге тырысу тактикасы таңдалды.

Мемлекет зайырлылығына көз карасы:ҚР сын кәпір мемлекеті деп санамайды, елбасына толық бағынады, намаз оқымайтын этникалық мұсылмандарды кәпір санамайды.

Жағымды жақтары:Объект террористік не экстремистік қауіп төндірмейді және басқарушы режимге қарсы соғыс әрекеттерін жүргізу мақсатында Сирия мен Ирак аумағындағы исламисттерге қосылуға ынта білдіргендерді қолдамайтынын жеткізді. Өзінің жеке кәсібі бар.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.