Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Молекулалық физика



Молекулалық физика

Молекулалық кинетикалық теориясының негiзгi қағидалары, термодинамикалық параметрлер; кристалл және кристалл емес заттар, қатты денелердің, сұйықтар мен газдардың моделі, молекула-кинетикалық теорияның негізгі теңдеуі.

Идеал газ күйінің теңдеуі; изопроцестер; адиабаталық процесс.

Идеал газдың ішкі энергиясы, термодинамикалық жұмыс, жылу мөлшері, жылусыйымдылық, термодинамиканың бірінші заңы, термодинамиканың бірінші заңын әртүрлі процестерге қолдану, адиабаталық процесс, термодинамиканың екінші заңы, жылу қозғалтқыштары.

Қаныққан және қанықпаған бу, ауаның ылғалдылығы, шық нүктесі, сұйықтың беттік керілуі, жұғу, қылтүтіктік құбылыстар.

 

1) Газдардың молекулалық - кинетикалық теория негіздерін білу.     1) МКТ негізгі қағидалары мен идеал газды сипаттайды; 2) Қатты денелердің, сұйықтың, газдың модельдерін молекулалық- кинетикалық теорияның негізінде сипаттайды; 3) Кристалл және кристалл емес қатты заттардың  құрылысын ажыратады.
2)Термодинамикалық параметрлерді өзара байланыстыратын теңдеуді сипаттау. 1) Берілген масса үшін бір термопараметрдің (Бойль-Мариотт заңы, Гей-Люссак заңы, Шарль заңы) тұрақты мәнінде өтетін процесті түсіндіреді; 2) Газ заңдарын есептерді шығаруда қолданады.
3)Механикалық және ішкі энергиялардың өзара түрленуін, ішкі энергияның бір денеден басқа денеге берілуін түсіндіру.   1) Термодинамиканың бірінші және екінші заңдарының мәнін сипаттайды; 2) Жылу қозғалтқышының жұмыс істеу принципі мен қолданылуын сипаттайды.
4)Сұйық пен газдардың механикалық қасиеттерін, олардың қозғалысы мен сұйық пен газдағы қатты денелердің қозғалысын түсіндіру.   1) Ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтайды; 2)Сұйықтың беттiк керiлу құбылысының табиғатын түсіндіреді және қылтүтік құбылыстардың өмірдегі маңызын түсіндіреді.


  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.