Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





И, 105- бетке, оқулықтан, 286-288 беттерден



И, 105- бетке, оқулықтан, 286-288 беттерден

Қазіргі уақытта педагогиканың әдіснамасы, сондай-ақ, білім беру әдіснамасы туралы да көп айтылып жүр. Бұндай болжамның негізіне білім беру саласының теоретиктері де, практиктері де оның негіздеріне, құндылықтарына, мәндеріне, әдіснамалық мәселелеріне, қазіргі білім берудегі инновациялық өзгерістерге терең талдау жасауда.

Осы тұрғыда педагогика ғылыми-зерттеу және білім беру практикасында өз орнын нығайта түсуде. Осындай тұжырымдарға сүйене отырып, педагогтің зерттеу мәдениетінің моделін тұжырымдамалық деңгейде ұсынамыз. Бұл ретте педагогикадағы модельдеу саласындағы жетістіктер басшылыққа алынды. Модельдеу табиғи немесе жасанды жүйелер арқылы жанама таным жүргізу әдісіне айналып отыр.

 

 (15-сурет. Педагогтің зерттеушілік мәдениетінің ғылыми негіздері).

Сонымен, педагогтің зерттеушілік мәдениетінің инварианттық құрамдас бөліктері: тұтас педагагогикалық үдерістің теориясы мен технологиясын жүзеге асыруға даярлық; ғылыми-зерттеу жұмысына даярлық; педагогикалық рефлексия мен өзін-өзі рефлексиялауға даярлық.

Педагогтің зерттеушілік мәдениетінің вариативті бөліктеріне: білім беру ұйымдарындағы ғылыми-әдістемелік жұмысқа даярлық; озат педагогикалық тәжірибені зерделеуге, жинақтауға және пайдалануға даярлық; білім беру практикасына педагогика ғылыми жетістіктерін ендіруге даярлық; педагогика ғылымы мен білім беру практикасының өзара әрекеттесуіне даярлық; инновациялық-дидактикалық әрекетке даярлық; ғылыми-зерттеу әрекетіне даярлық. Аталмыш даярлықтың түрлері 1950-2010 жылдары жан-жақты зерттеліп, соның нәтижесінде ұтымды тәжірибе, жаңашыл тәжірибе, инновациялық және ғылыми тәжірибе жинақталды. Педагогтің зерттеушілік мәдениетінің ең жоғары деңгейі кәсіби-зерттеушілік әрекетті меңгеру. Бұл модельдегі әрбір құрамдас бөліктерінің өзіне тән рөлі бар.

 


 

15-сурет. Педагогтің зерттеушілік мәдениетінің ғылыми негіздері
Философиялық білім
Әдіснамалық білім
Педагогтің зерттеушілік мәдениетінің логикасы  
• ғылым философиясы • педагогиканың философиясы • гносеология • ғылыми таным теориясы
• ғылым әдіснамасы • педагогика әдіснамасы • әдіснамалық тұғырлар • инновацияны жасаудың әдіснамасы және теориясы  
• тұтас педагогикалық үдеріс теориясы және технологися • ҒЗЖ теориясы •инновациялық әрекетке даярлау теориясы • педагогикалық рефлексия теориясы • ғылыми-әдістемелік жұмыс теориясы • дидактикалық инновациялар • педагогикалық білім беру практикасы мен теориясы
Дидактикалық білім
Философиялық негіздері  
Әдіснамалық негіздері  
Теориялық негіздері  
Педагогтің зерттеушілік мәдениеті
Мәннен  
Шынайы болмысқа  
Философиялық білімдері – білім беру теорияларын пайымдау құралы
  Әдіснамалық білімдер
Білім беру теориясы мен практикасы

 


      

 

 

      

 

 

      

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.