Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ПЕДАГОГИКА оқулығыАбай атындағы



ПЕДАГОГИКА оқулығыАбай атындағы

Қазақ Ұлттық педагогикалықуниверситетінің

90 жылдық мерейтойына арналады.

Осы университеттің шәкірттері ретінде

мерейтойға қосқан үлесіміз деп қабылдаңыздар.

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы егеменді ел болып, тәуелсіздіктің тұтқасын берік ұстанғаннан бері қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени өзгерістер де жаңа сапалық деңгейде көріне бастады. Ал қоғамдағы өзгерістердің барлығы білім беру саласына, өскелең жас ұрпақтың санасына тікелей әсерін тигізетіні анық. Сол себептен білім беру мазмұнында да жаңа көзқарастар, жаңа парадигмалар пайда болып, оларды іске асыру жолдары іздестірілуде.

XXI ғасырдың ұстаздары да сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыздан мирас болып қалған асыл әлеуметтік тәжірибені, өнегелі өсиеттер мен мәдени мұраны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, қоғамының интеллектуалдық әлеуетін нығайтуға ұмтылысы-болашағымыздың іргетасының берік қалануының кепілі.

Оқулықтың «Педагогикалық мамандыққа кіріспе»атты бірінші бөліміндезаманауи білім берудің, оның рөлі мен ерекшеліктерін, білімнің әлеуметтік мәнін, парадигмасы: нәтижеге және жеке тұлғаға бағдарлануын аша отырып, білім беру құндылық, жүйе,үдеріс және нәтиже ретінде, адамның тұлғалық және кәсіптік дамуының факторы ретінде нақтыланады.

ХХІ ғасырдағы стратегиялық басымдылық тұрғысынан дүниежүзлік білім беру жүйесінің негізгі даму бағыттары, үздіксіз, ашық бі-лім беруге ауысу-қазіргі білім берудің дамуындағы жетекші дүниежүзілік тенденциялардың бірі екені, білім беру жүйесінің заңнамалық негіздері, білім алушылар тұлғасының зияткерлік әлеуеті, функционалдық сауаттылығын дамытудың негізі, педагогтың жеке тұлғаның қалыптасуындағы және оның орта білім міндеттерін шешудегі рөлі, педагог  әрекетінің мамандыққа сай  сипаттамалары қарастырылады.  

Педагогикалық кәсіп пен іс-әрекеттің жалпы, білім беру деңгейлері бойынша, педагогтың білімі, білігі, іскерлігі және тұлғалық қасиеттеріне қойылатын талаптар жүйесі ретінде, педагогтың тұлғасы және оның кәсіби құзыреттілігіне, педагогтың үздіксіз кәсіби өсуі факторларына жан-жақты тоқталған.

«Педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздері»аттыекінші бөлімдепедагогика ғылымының қалыптасуы мен дамуы, педагогика ғылымдарының қоғамның замануикезеңіндегі міндеттері, негізгі категориялары, ғылымның әдіснамасы мен педагогтың әдіснамалық мәдениеті, ғылыми-педагогикалық зерттеудің мәні мен мазмұны, әдістері, әдістемесі қарастырылады.

Жеке тұлға тәрбиенің объектісі, субъектісі ретінде және оның дамуы мен қалыптасуының факторы,тәрбиелеу факторларының философиялық ережелері мен әдіснамалық негізі ашылып беріледі.Тұлғаны дамытудың және қалыптастырудың қозғаушы күштері мен негізгі заңдылықтары, өзін-өзі тәрбиелеу, отбасы тәрбиесі және білім берудегі инклюзивті әдіс-тәсіл және оны Қазақстанда іске асыру айқындалған. 

«Тұтас педагогикалық үдерістің теориясы мен практикасы» атты үшінші бөлімде тұтас педагогикалық үдерістің (ТПҮ) мәні және құрылымы, қызметтері, қозғалыс тетіктері жан-жақты ашылып беріледі. Педагогикалық ойлар тарихындағы тәрбие мақсаты, мазмұны, тәрбиенің түрлері, тәрбиелік үдеріс, ұлттық тәрбиелік идеал, әлеуметтендіру, әлеметтенудің түрлері, өзін-өзі дамыту,жалпыадамзаттық құндылықтар, мәдениеттілік, жеке тұлғаны жан-жақты үйлесімді дамыту идеясы, ұлттық құндылық бағдар, дүниетаным, тәрбие үдерісін ізгілендіру және демократияландыру, құзыреттілік тұрғысы негізіндегі тұтас педагогикалық үдеріс жүйетүзуші факторы тұрғысынан анықталған. Тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі-оқытудың негізгі категорияларына, оқытудың әдіснамалық негізі, құрылымы, мақсаты мен міндеттері, заңдылықтары және қағидалары, формалары, әдіс-тәсілдері, құралдары, 12-жылдық мектептегі оқытудың өзіндік ерекшеліктері мен мұғалімнің кәсіби іс-әрекетіндегі педагогикалық технологиялар, мұғалімнің технологиялық құзыреттілігінің құрылымы мен мазмұны  берілген.

Әрбір тақырыпшада берілген негізгі теориялар, тұжырымдамалар, заңдылықтар, ұстанымдар, ұғымдық апарат, әдістерді, жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды болашақ педагогтың кәсіби-тұлғалық сапаларын дамытуға бағытталған. Оқулықтағы сұрақтар мен тапсырмалар студенттердің емтиханға даярлануын жеңілдету мақсатын көздейді. Тесттік тапсырмалар студенттердің білімін сырттай бақылау тесттерінің құрылымын ескеріп берілді.

 «Педагогика» оқулығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен мемлекеттік стандартқа сай, 5В010000 «Білім» тобындағы бакалавриат мамандықтарындаоқитын студенттерге жәнемагистранттарға, докторанттарға, мектеп мұғалімдеріне, оқу-тәрбие мәселелерімен айналысатын оқырмандарға арналған.

Кітап бірінші рет басылымға ұсынылып отырғандықтан, авторлар оқырмандардың ұсыныстарын, пікірлерін, тілектерін, кеңестерін оқулықты одан әрі жетілдіру мақсатында үлкен алғыспен қабылдайды.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.