Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Физика» пәнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары



 

 

«Физика» пәнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары

 

1. Герцшпрунг-Рассел диаграммасының басты тізбегінде жұлдыздардың қай типі көрсетілген?

A. өмірінің соңындағы жұлдыздар

B. негізінен көміртегін жағатын жұлдыздар C. негізінен сутегін жағатын жұлдыздар

D. массасы ең үлкен жұлдыздар

[1]

 

2. Біздің Күн G класының жұлдызы болып табылады. Бетінің температурасы ең жоғары болатын жұлдыздар қандай спектрлік класқа жатады?

A. F класына B. K класына C. M класына D. O класына

[1]

 

3. Суретте Герцшпрунг-Расселл диаграммасының кескіні көрсетілген. «Ақ ергежейлілер» диаграмманың қай бөлігінде көрсетілген? Күннің орналасқан орнын анықтаңыз және Күн деп жазып қойыңыз

 

 

[2]

 

4. А. Жұлдыздар эволюциясын сипаттауда ақ ергежейлілер деген нені білдіреді

[1]

 

В. Парсек терминіне анықтама беріңіз.

[2]

 

С. Антарес – қызыл алып және ол түнгі аспандағы ең жарық жұлдыздардың бірі. Оның параллаксты 0,0059 бұрыштық секундқа тең.

 

Антарестің бізден қашықтығын жарық жылымен анықтаңыз. 1 пк = 3,26 жж

[3]

 

 


5. Күн орналасқан галактикада жүз миллиардтан астам басқа жұлдыздар бар. Әлемнің көрінетін бөлігінде кем дегенде екі жүз миллиард басқа галактикалар бар.

A. Күн орналасқан галактиканың атауын жазыңыз.

[1]

 

B. Түнгі аспанды зерттеу үшін телескоп пайдаланғанда, жұлдыздар да, тұмандықтар да көрінеді.

(і) Тұмандықтардың сырт көрінісі жұлдыздардан қалай ерекшеленетінін көрсетіңіз. [2]

 

(іі) Жиырмасыншы ғасырдың басында екі астроном Кёртис және Шепли арасында тұмандықтардың табиғаты туралы пікірталас болды. Осы екі астрономның көзқарастары қалай ерекшеленетінін сипаттаңыз.

[3]

 

C. Хаббл бақылаулары Кёртиспен Шеплидің пікірталасын қалай шешкенін түсіндіріңіз.

 


 

D. Үлкен жарылыс теориясының бір дәлелін атаңыз

 

 

6. А. Алыс жатқан галактиканың алыстау жылдамдығы галактиканың тәуелді екендігін көрсететін графикті координат осьтерінде көрсетіңіз.


[2]

 

[1]

 

арақашықтығына


 

[2]

 

В. Алыс жатқан галактиканың алыстау жылдамдығы галактиканың арақашықтығына тәуелді графигінен Хаббл тұрақтысының мәнін қалай анықтауға болатынын көрсетіңіз.

[1]

 

С. Астроном Жерден 6,8 ∙ 1023 м қашықтықта орналасқан галактиканың алыстау жылдамдығын есептейді. Ол жылдамдық 1,5 ∙ 106 м/с.

Осы мәндерді пайдаланып Хаббл тұрақтысын анықтаңыз.

Хаббл тұрақтысы = ______________ с–1 [2]

D. Хаббл тұрақтысын қолданып, Әлемнің жасын есептеңіз

Әлемнің жасы = ______________ с [2]

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.