Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Б) Ұстамдылық



Б) Ұстамдылық

 Ұстамдылық дегенміз адамның оқыс қимыл-қозғалыстан, орынсыз сөйлеуден, басқа күйіп-пісуден бойын тежей алу қабілеті. Ұстамды адам әр кез терең ойланып, icтеп тетігін анғара отыра әрекет етеді. Ол ағат icтергe бара бермейді, көрсе қызар, яғни нәпсінің құлы емес. Мұндай адам өзінің бар күшжігерін тек алдындағы мақсатын орындауға ғана арнап отырады. «...нағыз зор epiк дегеніміз бірдемеге тек тілек етіп, соған қол жеткізу) емес,— дейді. А. С. Макаренко,— сонымен 6ipсe керек болған жағдайда қажетсіз нәрседен өзін бас тарта 6iреуге мәжбүр eтyi керек. Жiгep дегеніміз — құр тілекпен Қанағаттану емес, бұл 6ip мезгілдегіТілек те, тоқталыста, тілектен бас тарту да... Тормозсыз машина болмайды және тормозсыз ешбір жігердің де болуы мүмкін емес»

Осындай қасиеттер адамнын түрлі қиыншылыктарды жеңе білуге машықтануы, ауыртпалыққа шыдай, төзе 6еруi үстінде қалыптасуы болып табылады. Орынсыз ұшқалактық, жеңілтектік, дегбірсіздік адамның катты жігерленіп, icкe белсенді кірісуіне кедергі келтіреді. Ал ерекше күшін жұмсауды керек етпейтін жерде пәлендей ұстамдылық бар деп айтуға да болмайды. Қорқақтыққа, жалқаулық иен тартыншактыққа, орынсыз ұшкалақтыққа жол бермеу — адамның өз бойын тежеп ұстай алуының, ұстамдылығының белгілі өзін-өзі меңгере білу қандай болмасын шешімді кайткен күнде де орындауға адамнын өзін жеге алуы. Eріктің бұл сапасынсыз карапайым жұмысты да нәтижелі орындау мүмкін емес.

Жастар шыдамдылық пен ұстамдылықтың, өзін-өзі меңгере алудың тарихта теңдесі жоқ үлгілерін әр уақытта да көрсетін келеді. Осындай тамаша қасиеттің 6ip көрінісін А. Фадеев өзінің «Жас гвардия» романында фашистердің қолына түскен Краснодон батыры Сергей Тюлениннің мінез-құлқы арқылы өте жақсы көрсеткен. «Сережка өзін ұрғанда да үндеген жоқ. Фенбонг жаралы қолын қайырып, басын жерге тигізгенше сытырлатқанда да үндеген жоқ. Тек Фенбонг Сережканың жарасына iтіктi сұғып-сұғып алғанда, Сережка тісін шықырлатты... Келесі күні таңертең Сережка мен Витька Лукьянченконы беттестірді... Сережка — үндеген жоқ. Содан кейін Витька Лукьянченконы алып кетті де 6ip- қатар уақыттан соң камераға қасында Соликовский бар. Сережканың шешесі келіп кірдi. Олар он 6ip баланың анасы болған кәpi әйелдің киімін қоймай шешіп жалаңаштады да, қанды топчанға жығып салып, ұлының көзінше сым темірмен соға бастады. Сережкаміз бақпастан шешесін ұрғандарға қарап, үнсіз тұрып алып еді. Мұнан кейін, оны шешесінің көзінше қаншама азаптап соқты. Б1рақ Сережка тіл қатқан жоқ. Тіптi Фенбогтің де eci шығып кеткендей темip cүймeндi ала салып, Се­режканың сау қолын шынтағынан соғып сындырып жi6epдi. Сережка боп-боз болып керрi, маңдайы тершіп қоя 6epдi. Ол:— Болғаны осы...— деген жалғыз ғана сөз айтты»

Күштi epiк адамның осындай ауыртпалықты жеңіл отыруы, өзін меңгере алу үстінде де мықтап шындала түседі онан сайын қатайып, беки береді, яғни М. Горь­кий айтқандай, «тіпті аз ғана өзінді жену адамды зор куат нeci етеді. Ұстамдылық, өзін-өз меңгере алу — адамның төзімділік, шыдамдылық, батылдық сияқты epiк сапаларымен тығыз байланысып жатады. Адам осындай қасиеттердің арқасында ғана өзін нағыз ерлерше ұстай білуге үйренеді, өзін қорқу ceзімінеe билетпей, көңілге алғаи iciн қажетінше icтеп шығады. Адамда осындай қасиеттерді тәрбиелеу үшін адамгершілік принциптерін саналылықпен ұғынып орындап отыруға бой ұсындыру, коллектив мүддесіне нұқсан келтіретін түрлі Tepic қылықтардан бас тарта білуге жаттықтыру, дүниетанымы мен сезімін, талғамын қалыптастыру, лайықсыз сезімдерді (босқа, лепіру даурығу, ұшқалақтық т. б.) тежей білуге үйретіп отыру қажет.

В) Тәртіптілік пен жинақылық

Тәртіптілік дегеніміз адамның өз қимыл-қозғалысын, ойы мен тілегін әр уақытта коллективтің ырқына бағындыра алу қабілет. Адам неғұрлым өз қылығының қо­ғамдық мәнін жақсы ұғынса, соғұрлым зор сезіммен, белсенділікпен әрекет eтіп, өзінің Отан алдындағы жауапкершілігі жақсы түсінеді Жекешіл, ұжымнан оқшауланып жүретін адамда тәртіптілігі жағы аз бола­ды. Кісінің тәртіптілігі оның жинақылығымен, ic-әрекетің жоспарлығымен тығыз байланысты. Адам әр уа­қытта 6ip icкe керісінше оны мұқият жоспарлап алады. Адамның тәртіптілігі мен жинақылығы оның коғамдық әрекепмен қатар жеке өмірінде де ерекше маңыз ала­ды.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.