Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Фестивальді өткізу шарттары



2. Фестивальді өткізу шарттары

2.1. Фестивальге Қазақстанның барлық 17 өңірінен міндетті түрде жасына, жынысына, тұратын жеріне, кәсібі мен әуестігіне қарамастан кемінде 51 жас отбасылық жұптың (29 жасқа дейін) қатысуымен Қазақстан Республикасының барлық азаматтары қатыса алады.

2.2. Фестивальде танымдық іс - шаралар-шеберлік сыныптары, гендерологтардың, отбасылық психологтардың, балалар психологтарының, педиатрлардың, андрологтардың және т.б. кеңестері (танымдық контент) өткізіледі.

2.3. Фестивальді өткізу шеңберінде Қазақстан Республикасының барлық 17 аймағы (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және ҚР 14 облысы) қатысады, олар жалпы өңірден кемінде 3 жас отбасылық жұпты қамтиды.

2.4 Фестиваль байқауларының атаулары:

1. Өңірдегі ең жетістікті отбасы.

2.5. Фестивальге қатысу үшін ақы алынбайды.

2.6. Фестивальға қатысу автордың «Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік институты» ҚҚ, «Бопе» отбасы және неке институтын жаңғырту» ҚҚ, Фестивальді ұйымдастырушыларының, өкілдік өнімдердің (буклеттер, альбомдар, презентацияларды және т. б.), «Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік институты» ҚҚ және «Бопе» отбасы және неке институтын жаңғырту» ҚҚ жобалары шеңберінде өткізілетін көрмелердің, фестивальдердің ресурстарында оның жұмыстарын интернетте пайдалануға келісімін білдіреді.

3. Фестивальді Ұйымдастыру Комитеті

3.1. Фестивальді дайындау мен өткізуді ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады.

Ұйымдастыру комитетінің құрамы:

1. ҚР АҚДМ өкілі;

2. ҚР Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның өкілі;

3. АБҚО КЕАҚ өкілі;

4. Ускембаева Маргарита – «Қазақстанның тең құқықтар және тең мүмкіндіктер институты» ҚҚ президенті;

5. Рамазан Айнур – «Бопе» отбасы және неке институтын жаңғырту ҚҚ директоры;

6. Резвушкина Татьяна – жоба үйлестірушісі;

7. Коэмец Елена – жобаның SMM- маманы;

8. Сатыбаева Анар – жоба ассистенті.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.