Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Реакция жылдамдығына катализатордың әсерін сипаттаңыз



17.Реакция жылдамдығына катализатордың әсерін сипаттаңыз

Реакция жылдамдығы- гомогенді жүйелер үшін реакция жылдамдығы деп уақыт бірлігінде реагенттер мен өнімдер концентрациясының өзгеруін айтады. Уақыттың бас кезінде реагенттер концентрациясы ең үлкен, ал өнімдер концентрациясы нөлге тең. Реакция жүруі кезінде реагенттер концентрациясы азаяды, ал өнімдер концентрациясы өседі.

Катализатордың реакция жылдамдығына әсері

Катализатордың әсері. Катализатор дейтініміз – реакцияның жылдамдығын өзгертіп, бірақ реакция нәтижесінде өздері химиялық өзгермей қалатын заттар.Әрбір реакцияның өзіне лайықты катализаторлары болады, ол катализатор басқа реакцияларға әсер етпеуі мүмкін. Кей жағдайда әр түрлі катализаторлар қолданып, бір заттан бірнеше өнімдер алуға болады. Реакцияға катализатор қатысқандықтан ондағы актив молекулалар саны артады, содан барып реакциялар жылдамдығы артады. Катализаторлар қатты, сұйық және газ күйінде де болады. Қатты катализаторлардың катализаторлық активтігінен айырылып қалуы оның улануы, мұндай заттар катализатордың уы деп аталады

Реакция жылдамдығына реагенттердің табиғатынәң әсері

Мұнда басты рөлді қосылыстардағы химиялық байланыстардың түрлері, олардың молекулаларының құрылысы атқарады. Әрекеттесуші заттардың жанасу беткейі қаншалықты үлкен болса, реакция соншалықты тез жүреді. Қатты заттың бетін ұсақтау немесе еріту арқылы үлкейтуге болады. Ерітіндідегі реакциялар негізінен өте тез өтеді.

Реакция жылдамдығына температураның әсері

Газдар арасындағы он градусқа көтергенде реакция жылдамдығы екі-төрт есе өседі. Ерітіндіде жүретін реакциялар үшін температура көтерілгенде, жиірек газдар реакциясындағыдай жылдамдық та солай күшейеді.

.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.