Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Реакция жылдамдығына концентрацияның әсерін сипаттаңыз



15.Реакция жылдамдығына концентрацияның әсерін сипаттаңыз

Химиялық реакция жылдамдығына әсер ететін факторлар

Концентрация                                Әрекеттесуші заттар табиғаты                                                                              Өршіткі                                                             Температура

Реакцияның жылдамдығына әрекеттесуші заттар табиғатының әсері.Қатты және сұйық заттардың арасындағы реакциялар қатты заттың бетінде жүретіндіктен реакция жылдамдығы баяу жүреді . Сондықтан реакция жылдамдығын арттыру үшін қатты заттарды ұсатып ұнтақ түрінде қолданылады. Екі сұйық заттардың арасындағы реакциялардың жылдамдығы жоғары болады. Оларға иондық реакциялар жатады.Газдардың арасындағы реакциялар жылдамдығы баяу жүреді

Реакцияның жылдамдығына концентрацияның әсері

Реакция жылдамдығы әрекеттесуші А, В, заттарының концентрациясына тәуелді mА+ n В = А В              ᴜ=kСА СВ

кинетикалық теңдеуі. k- жылдамдық константасы.ᴜ=kХимиялық кинетиканың негізгі заңы әсер етуші массалар заңы деп аталады..

Әрекеттесуші және түзілетін заттардың агрегаттық күйіне байланысты химиялық реакциялар екіге бөлінедs

1.Әрекеттесуші және түзілетін заттар бірдей агрегаттық күйде болатын химиялық реакцияларды гомогендік деп атайды

 Мысалы:NO (г)+О2(г) = NО2(г)

2.Әрекеттесуші және түзілетін заттар әртүрлі агрегаттық күйде болатын химиялық реакцияларды гетерогендік деп атайды

Мысалы:С(қ)+О2(г) = СО2(г)Концентрацияның әсері. Химиялық реакция тездеу үшін, реакцияласушы заттардың молекулалары жиі түйісуі қажет екендігі анықталды. Түйісуді жиілендіру үшін алдымен реакцияласушы молекулалардың санын, демек, концентрациясын өсіру керек.

 

16.Вант-Гофф ережесін қолданып ,реакция жылдамдығының темпаратураға тәуелділігін түсіндіріңіз

Реакцияның жылдамдығына температураның әсерін жуық мөлшермен Вант-Гофф ережесі анықтайды.

Вант-Гофф ережесі.

Вант-гофф ережесіне сай көптеген химиялық реакция жылдамдығы температураны әрбір10°С көтергенде гомогенді жүйеде 2-4 есе артады.Бұл санды температуралық Y - коэфициент деп атайды.

VT1/VT2= Y T2-T1/10

Гомогеногенді реакцияның жылдамдығын сипаттайтын шама   

ᴜ=k СА СВ    VT1/VT2= Y T2-T1/10   Әрекеттесуші заттар табиғаты     Өршіткі

Гомогенді реакцияның жылдамдығы деп жүйенің белгілі бір көлемінде уақыт бірлігі ішінде реакцияға қатысқан немесе реакция кезінде түзілген заттың мөлшерін айтады.

Гетерогенді реакцияның жылдамдығын сипаттайтын шама

Әрекеттесуші заттар табиғаты     ᴜ T1/ ᴜ T2= Y T2-T1/10 Өршіткі

Гетерогенді реакцияның жылдамдығы деп фаза бетінің ауданы бірлігінде белгілі бір уақыт ішінде реакцияға қатысатын немесе реакция кезінде түзілетін заттың мөлшерін айтады.

Химиялық термодинамиканың негізгі теңдеулерінің бірін - тепе-теңдік тұрақтысының температура және жылу эффектісіне тәуелділігін көрсететін изохор теңдеуін, сонымен бірге химиялық ынтықтылықтың тұрақты температурада реакцияның тепе-теңдік тұрақтылығына тәуелділігін көрсететін изотерма теңдеуін шығарған. 1884 жылы "Химиялық динамика очерктері" атты жұмысы жарық көрді. онда химиялық кинетиканың негізгі постулаттары тұжырымдалған.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.