Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





тоқсан(11апта 42+2сағат)



3 тоқсан(11апта 42+2сағат)

Электростатика

Электрзаряды. Зарядтың беттік және көлемдік тығыздығы. Зарядтың сақталу заңы. Кулон заңы

10.4.1.1 -электр эарядының сақталу заңы мен Кулон заңын есептер шығаруда қолдану;

Электр өрісі. Біртекті және біртекті емес электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі. Электр өрісінің суперпозиция принципі

10.4.1.2 -суперпозиция принципін электр өрісінің қорытқы кернеулігін анықтау үшін пайдалану;

Электр өрісінің кернеулік векторының ағыны. Гаусс теоремасы

10.4.1.3 -зарядталған жазықтықтың, шардың, сфераның және шексіз жіптің электр өрісінің кернеулігін анықтау үшін Гаусс теоремасын қолдану;

Зарядтың орын ауыстыруы кезіндегі электр өрісінің жұмысы. Потенциал. Электр өрісінің потенциалдар айырымы

10.4.1.4 -нүктелік зарядтың электр өрісінің потенциалы мен жұмысын есептеу;

Эквипотенциал беттер. Біртекті электр өрісі үшін кернеулік пен потенциалдар айырымы арасындағы байланыс

10.4.1.5 -электростатикалық өрістің күштік және энергетикалық сипаттамаларын байланыстыратын формуланы есептер шығаруда қолдану;

10.4.1.6 -гравитациялық және электростатикалық өрістердің күштік және энергетикалық сипаттамаларын салыстыру.

Электр өрісіндегі өткізгіштер мен диэлектриктер;

10.4.1.7 -диэлектриктердегі поляризация құбылысы мен өткізгіштердегі электросттикалық индукция құбылысына салыстырмалы талдау жасау;

Электрсыйымдылығы.Конденсаторлар. Конденсаторларды жалғау

10.4.1.8 -конденсатор сыйымдылығының оның параметрлерінен тәуелділігін зерттеу;

10.4.1.9 -конденсаторларды тізбектей және  параллель жалғаудың формулаларын есептер шығаруда қолдану;

Электр өрісінің энергиясы;

10.4.1.10 -электр өрісінің энергиясын есептеу;

Тұрақты ток

Электр тогы. Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы. Өткізгіштерді аралас жалғау

10.4.2.1 - аралас жалғанған өткізгіштерден тұратын тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолдану;

№6 Зертханалық жұмыс «Өткізгіштерді аралас жалғауды оқып үйрену»

10.4.2.2 -өткізгіштерді аралас жалғауды зерттеу;

Ток көзінің ЭҚК мен ішкі кедергісі.

10.4.2.3 -ток көзінің әртүрлі жұмыс режимі (жұмыстық, бос жүріс, қысқа тұйықталу) кезіндегі кернеу мен ЭҚК -інің арасындағы байланысты зерттеу;

Толық тізбек үшін Ом заңы;

10.4.2.4 -толық тізбек үшін Ом заңын қолдану;

№7 Зертханалық жұмыс «Ток көзінің ЭҚК мен ішкі кедергісін анықтау»

10.4.2.5 -эксперимент арқылы ток көзінің ЭҚК мен ішкі кедергісін анықтау;

Кирхгоф заңдары

10.4.2.6 -тармақталған электр тізбегіне Кирхгоф заңын қолдану;

Электр тогының жұмысы мен қуаты. Джоуль–Ленц заңы. Ток көзінің ПӘК-і

10.4.2.7 -электр тогының жұмысы, қуаты және ток көзінің ПӘК-ң формулаларын есептер шығаруда қолдану;

Әр түрлі ортадағы электр тогы

Металдардағы электр тогы. Асқын өткiзгiштiк

10.4.3.1 -металдардағы электр тоғын сипаттау және кедергінің температураға тәуелділігін талдау;

10.4.3.2 -жоғары температурадағы асқын өткізгішті материалдарды алудың жолдарын талқылау;

Жартылайөткiзгiштердегi электр тогы. Жартылайөткізгішті құралдар;

10.4.3.3 -жартылайөткізгіштердегі электр тогын сипаттау және жартылайөткізгішті құралдардың қолданылу принципін түсіндіру;

№8 Зертханалық жұмыс «Шамның қылсымының, резистордың және жартылай өткізгішті диодтың вольт-амперлік сипаттамасы»

10.4.3.4 -шамның қылсымының, резистордың және жартылайөткізгішті диодтың вольт-амперлік сипаттамасын зерттеу;

Электролит ерiтiндiлерiндегi және балқыламалардағы электр тогы. Электролиз заңы

10.4.3.5 -электролиттердегі электр тогын сипаттау және электролиз заңын есептер шығаруда қолдану;

№9 Зертханалық жұмыс «Бір валетті ионның электр зарядын өлшеу»

10.4.3.6 -электролиз үдерісіндегі электронның зарядын эксперимент арқылы анықтау;

Газдардағы электр тогы. Вакуумдегi электр тогы. Электронды-сәулелік түтікше

10.4.3.7 -газдардағы және вакуумдағы электр тогын сипаттау;

10.4.3.8 -электронды-сәулелік түтікшенің жұмыс істеу принципін және қолданылуын түсіндіру;

 

 

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.