|
|||
Номинация «білім беру бағдарламасы»4.Номинация «білім беру бағдарламасы» Ұсынылатын жұмыс осы әдістемелік өнім түрінің талабына сай рәсімделуі тиіс. Заманауи білім беру проблемаларын шешуге бағытталған болуы қажет.Жүзеге асырылған жұмыс нәтижелері туралы пікірлер жазылуы тиіс.Әдістемелік өнімнің жалпы көлемі – шектелмеген. Жұмыстардың мазмұны мен рәсімделуіне қойылатын талаптар
5.1.Конкурсқа соңғы екі –екі жыл ішінде әзірленген оқу-әдістемелік материалдар ұсынылады: 5.2. Байқау жұмысын рәсімдеуге қойылатын талаптар: · Әдістемелік әзірлеменің жалпы көлемі – шектелмейді; · Парақ форматы А 4, бағдары-кітапша · мәтін парақтың бір жақ бетіне ғана басылады; · Мәтін қарпі – «Times New Roman»; қаріп өлшемі – 12; · жоларалық интервал – 1,5; азат жол – 1,25; · жиектер: жоғары– 2,0см.; төменгі – 2 см., сол жиек– 2 см.; оң жиек– 2 см; · Беттер рет бойынша араб әріптерімен нөмірленеді; бет нөмірлері беттің оң жақ төменгі бұрышына қойылады. · Кестелер, таблицалар, қосымша материалдар және басқадай қосымшалар ерікті түрде толтырылады, рәсімделеді, тек түсінуге оңай, ақпаратты игеруде қиындық тудырмайтындай болуы қажет; қосымшалар қолдану ретіне қарай нөмірленеді; 5.3. Конкурсқа қатысушы конкурсқа әдістемелік материалдарды ұсына отырып, кепілдік береді: жұмысты жеке өзі немесе авторлармен бірлесіп орындады, аталған жұмыс бойынша автордың Конкурсқа материалды ұсынуға кедергі келтіретін ешкімнің алдында міндеттемесі жоқ, жұмыста көрсетілген барлық дәйексөздерге библиографиялық дерекнамаларға сілтеме жасалған, иллюстрациялық, фото-, бейне – және графикалық материалдардың түпнұсқалық көрсеткіштері бар, сілтеме жасалмаған материалдар авторлық болып табылады 5.4.Ұйымдастыру комитетіне жіберілген байқау жұмысының барлық материалдары қатысушы ала алатындай басылып шығады. 5.5. Конкурсқа ұсынылған жұмыстардың мазмұнына конкурстың ұйымдастырушылары жауапты емес. Авторлық құқықтарды бұзған жағдайда наразылық тікелей жұмыс авторына жіберіледі. 5.6. Ұйымдастыру комитетіне конкурстық материалдың келіп түсуін, авторлық құқықтарын сақтай отырып, бірқатар материалдарды мерзімді басылым беттерінде жариялауға, сондай-ақ көрме және тұсаукесер өткізу барысында пайдалану үшін автордың келісімі деп қарастыруға болады. «Әдістемелік вернисаж» байқауының үздік материалдары жинақта жарияланады(3000 теңге).
|
|||
|