Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Ана.Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем.



 

Қазақтілі 8сынып. Қысқамерзімді сабақ жоспары.

 

1Апта.

Күні:

Сабақ урок

Сабақ тақырыбы:

 Ана.Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем.

Жалпы мақсаты:

 

- жеке және жұппен жұмыс жасауға, топпен өз білімдеріне  байланысты «Ана» тақырыбына постер жасауға,   қорғауға, салалас құрмалас сөйлемдерді анықтауға, екі жай сөйлемнен құрмалас сөйлем жасауға, схема бойынша құрмалас сөйлем құрастыруға үйрету.

-ата-анасына деген сүйіспеншіліктерін, пәнге деген қызығушылығын арттыру;

Күтілетін нәтиже:

 

Оқушылар біледі:

-постер жасауға үйренеді;

 -алдында алған лексикалық және грамматикалық білімдерін пайдалануға үйренеді;

-жеке,топпен, топпен ауысып, жұппен жұмыс жасауға үйренеді; 

-ата- анасын құрметтеуге үйренеді,

Сабақ түрі:

 

Жаңа материалмен таныстыру;

Тапсырма:

 

Флипчарт жасау, фронталды сұрау, жұппен, топпен жұмыс.

Көрнекілігі:

 

Экран , видеопроектор, компьютер, плакат, маркер,стикер, қарындаштар.

Сабақ барысы: 

Сабақ кезеңі:  

Мұғалімнің қызметі:

 

Оқушының қызметі:
Ұйымдастыру кезеңі:1 мин

Психологиялық дайындық Сергіту сәті. «Австралиялық жаңбыр»

Кезекшімен әңгімелесу: Кім жоқ? Бүгін нешесі?

Өзін- өзі реттеу. Балалар жауап береді.
Бейнеролик  3 мин 5мин

1.Мұғалім экранға қарауға және жауап беруге ұсынады:

-Балалар, ән не туралы?

-Ана деген қандай адам?

-Ана баланы қалай сүйеді?

-Баласын қалай жақсы көреді?

-«Ананың қолы жұмсақ» дегенді қалай түсінесіңдер?

-Балалар, қалай ойлайсыңдар, бүгінгі тақырыбымыз қандай?

-Сабақтың мақсаты қандай болады?

Сабақта не істейміз?

-Бүгін не туралы сөйлесеміз?

Жаңа сөздермен танысу:

Аялайды- лелеет,

 көмектеседі- помогает,

 жақын -близкий,

түсінеді- понимает,

тәрбиелейді - воспитывает,

сүйікті- любимый,

қымбатты-дорогая,

қамқоршы- защитница,

ардақты- почитаемая,

әлпештейді- заботливо нянчит,  

Осы сөздермен сөйлем құрастырыңдар.

Қалай есте сақтадыңдар? Қалай жаттағаны жеңіл?Қалай бағаладың? Неге?

 Бағалау критериясы:

«5»-9-10 сөз,7-8сөйлем

«4»-7-8 сөз,5-6 сөйлем

«3»-5-6 сөз,3-4сөйлем

 Бір- бірін бағалау

Балалар видеороликті көреді. Ролик бойынша,  мұғалімнің сұрақтарына жауап беріп, сабақ тақырыбын анықтайды. Балалар тақырыпты дәптерге жазады.   Балалар есте сақтауға тырысады, есте қалғанды жазып алады, сөйлем құрастырады.Жеке жұмыс. Жұппен бағалау
Негізгі бөлімі: Основная часть     10 мин   Әр топтың қорғауына 2 мин   1мин      5мин         2 мин        

1.Мұғалім балаларға үшке дейін саналып, үш топқа бөлінуін ұсынады.

Мұғалім оқушыларға флипчарт жасауға тапсырма береді, қорғау бойынша ұсыныс жасайды.

 «Автобус аялдамасы» 

Оқушылар әр топ жұмысын толтырып бағалайды.

 2. Постерді қорғау

3. «Миға шабуыл». Құрмалас сөйлем қалай жасалады? Құрмалас сөйлемді жай сөйлемнен қалай ажыратуға болады ? Салалас құрмалас сөйлем қалай жасалады? Салалас құрмалас сөйлемді қалай ажыратуға болады?

4. А,В,С тобына бөліну. «Сүйікті түсім»

Дифференциалды тапсырма. Жеке жұмыс. Формативті бағалау

 «А» мына схема бойынша сөйлем құрастырыңыз. 1.() және ().

2.(), бірақ ().

3.(), сондықтан ().

4.(), себебі ().

5.(кейде), (кейде).

6.(не), (не).

7.(), өйткені ().

 «В»- екі жай сөйлемнен салалас құрмалас сөйлемдер жасаңыздар.

 1.Менің отбасым үлкен. Екі ағам бөлек тұрады.2. Сенің үйің үлкен. Бөлме көп емес. 3.Мен әжеме барып көмектесемін. Ол кәрі адам, шамасы жоқ.4.Ертең үйге қонақтар келеді. Біз бәріміз орманға шығамыз. 5.Жексенбі күні кейде үлкен ағама барамын. Кейде екінші ағама барамын.6.Апам біресе тамақ пісірді. Біресі үй тапсырмасын жасады. 7.Ертең орманға бармаймыз. Күні бойы жаңбыр жауып тұр.

 «С» салалас құрмалас сөйлемдер түрлерін ажыратыңыз.

1.Марат біресе үйге анасына барады, біресе әкесіне барады. 

2.Ертең әжем келеді, бірақ біз киноға бармаймыз. 

3.Маған бүгін Жамал келеді,өйткені мұғалім көп тапсырма берген. 4. Анам ертең келеді, бірақ саяхатқа бармаймыз.5.Апам біресе анама көмектесті, біресе менімен сабақ істесті. 6.Мен не анама көмектесуім керек не әжеме көмектесуім керек. 7. Күні бойы жаңбыр жауды, бірақ күн өте жылы.

Баға критериясы бойынша бірін - бірі бағалайды.

Қалай бағаладыңдар?

Бағалау критериясы:

«5»-9-10 сөз,7-8сөйлем

«4»-7-8 сөз,5-6 сөйлем

«3»-5-6 сөз,3-4сөйлем

Балалар 3топқа бөлінеді.Бірге ойланып, жұмыс жасайды, бір бірінің жұмыстарын бағалайды, флипчарттарын қорғайды проекты. Топпен бағалайды.   Топқа қағаз түстерімен бөлінеді.Жеке жұмыс. Дәптерлеріне жазады.Формативті бағалайды /шапалақ/     Балалар бір- бірін бағалайды.  
Қорытынды лау: 2мин Рефлексия: 1 мин 2мин    

Мұғалім балалардан   

Мен білемін: 9-10сөз; 5-6сөйлем құрастырдым

Мен білемін: 7-8сөз, 3-4сөйлем құрастырдым

Мен білемін: 2-6сөз;1-2сөйлем құрастырдым

Ү/т 34б,3т

С- таныс сөздермен сөйлем құрастырады,

 В- үлгі бойынша салалас құрмалас сөйлем құрастырады,

 А –сөйлемдерді өзгертіп жазады,

Мейрамгуль/дарынды балаға/ құрмалас сөйлемдерді пайдаланып, ана туралы мәтін құрастыру.Ана туралы презентация жасау

Бағалау

Балалар стикерда кері байланысты жазып береді.     Ү/т жазып алады.  
         

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.