Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Экономикалық қажеттіліктер мен экономикалық мұқтаждықтар



 

Пән: Экономика

Блок 11.1А Негізгі экономикалық идеялар

Тақырып 2.Сабақ 3.Таңдаудың мәні және шектеулілік түсінігімен таңдаудың байланысы

Оқытудың мақсаты:Тапшылықтың және шексіз қажеттіліктің мәнмәтініндегі таңдау мәнін түсіну

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Экономикалық қажеттіліктер мен экономикалық мұқтаждықтар

2. Өндіріс факторлары (ресурстар), тапшылық

3. Таңдау. Маңызды экономикалық шешімдер (не өндіру, қалай өндіру, соңғы өнімді қалай тарату).

 

-1-

Экономикалық қажеттіліктер мен экономикалық мұқтаждықтар

 

Қоғамның шаруашылық өмірі әртүрлі экономикалық игіліктердегі адамдардың қажеттілігін қанағаттандыру қажеттілігіне негізделеді. Өз кезегінде бұл игіліктер қоғамның және оның мүшелерінің өкілеттігіндегі экономикалық ресурстар базасында өндіріледі.

Экономикалық қажеттіліктер – экономикалық теориядағы негізге алынатын категориялардың бірі.

Бұрын адамдар экономикалық қажеттіліктерін табиғаттың дайын игіліктерімен қанағаттандырды. Әрі қарай, қажеттіліктердің көпшілігі игіліктерді өндіру арқылы қанағаттандырылатын болды. Экономикалық игіліктер сатылып және сатып алынатын нарықтық экономикада, оларды тауарлар мен қызметтер деп атайды (көбінесе тауарлар, азықтар, өнімдер).

Адамзат оның экономикалық қажеттіліктері игіліктер өндірісінің мүмкіндіктерінен жоғары болатындай болып қалыптасқан. Өндіріс игілігіне қарағанда қажеттіліктердің тез өсуі, қажеттіліктердің жоғарылау заңында айтылады. Бұл көбінесе бір қажеттілікті қанағаттандырған соң, екіншісі пайда болатындықтан болады.

Дәстүрлі қоғамда оның мүшелерінің көпшілігі бірінші кезектегі азық-түлікке қажеттілікті сезінеді. Бұл қажеттіліктер азыққа, киімге, баспанаға, қарапайым қызметтерге тән. Сонымен келесідей қорытынды жасауға болады, егер экономикалық қажеттіліктер өсімі экономикалық игіліктер өндірісінің алдына шықса, онда бұл қажеттіліктер соңына дейін қанағаттандырылмайды, шексіз болады.

Қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың қозғаушы күші адамдар қажеттілігі.Экономикалық әдебиеттерде қажеттіліктің бірнеше түсіндірмелері бар. Неғұрлым кең тараған түрі келесідей ыңғай: адамдардың қажеттілігі – бұл жоюға ұмтылатын мұқтаждық немесе оның қанағаттанбаған жағдайы.

Басқада көзқарастар бар – бұл қандайда бір нәрсеге мұқтаждық немесе саналы сұрау; өмірдің объективті шарты және т.б.

Мұқтаждық – қандайда бір игілікті алудағы табанды тілек (тамақ, киім, баспана және т.б.) немесе ұнамсыз нәрседен кету (қауіп, жалғыздық, ұят және т.б.)

Қажеттілік –жеке тұлғаның және қоғамның даму деңгейінен тәуелді, нақты формадағы қажеттілік.

Мысалы, барлық адамдар өз тіршілігін қолдау үшін тамақты қажет етеді. Біреулері макарон және кептірілген ет алуға қажеттілігі болса, екіншілері ет және макарон жемейді, өзінің азыққа деген қажеттіліктерін басқа азық-түліктер көмегімен қанағаттандырады.

Қажеттілікті сезінгенде ғана еңбеккедеген ынта пайда болады. Бұл жағдайда, қажеттілік нақты экономикалық мүдде формасында болады.

Экономикалық мүдде – экономикалық қажеттіліктердің пайда болу формасы. Адамның қажеттіліктері әртүрлі, сондықтан олардың жіктемесі қажет. Жіктеменің келесідей критерилерін бөліп көрсетуге болады:

- мәні бойынша (алғашқы, немесе биологиялық, және екінші ретті, немесе әлеуметтік);

- субъектілер бойынша (жеке, топтық, ұжымдық, қоғамдық);

- объект бойынша (материалды, рухани, этикалық, эстетикалық);

- жүзеге асыру мүмкіндігі бойынша (нақты, идеалды);

- қызмет аясы бойынша (қарым-қатынасқа, еңбекке, демалысқа қажеттілік және экономикалық);

- қанағаттандыру сипаты бойынша экономикалық қажеттіліктер (қанағаттандыру үшін шектелген ресурстарды қолданатын адамдар қажеттілігінің бір бөлігін жатқызады және өндіріс қажет) және экономикалық емес қажеттіліктер (өндіріссіз қанағаттандырылатындар, мысалы, суға, ауаға, күн сәулесіне және т.б. қажеттілік).

Қоғамдық даму кезеңіне қарай, адамдардың қажеттілігінің жіктемесін американдық ғалым А.Маслоу (Маслоупирамидасы) ұсынды:

· физиологиялық қажеттіліктер (тамаққа, суға, киімге, баспанаға, ұрпақты жалғастыруға);

· қауіпсіздікке қажеттілік (жаулардан және қылмыскерлерден, ауру кезінде көмек, кедейліктен қорғану);

· әлеуметтік топқа жатуға, әлеуметтік байланыстар мен қарым-қатынасқа қажеттілік (достық, махабат, мейірімділікке және т.б.);

· құрметке қажеттілік (басқа адамдар тарапынан және өзін-өзі);

· өзін-өзі дамытуға (барлық мүмкіндіктер мен адамдардың қабілетін жетілдіру)

 

Тәнділікке және махабатқа қажеттілік
Физиологиялық қажеттіліктер
Қауіпсіздікке қажеттілік
Өзін-өзі көрсетуге қажеттілік
Құрметтеуге және мойындауға қажеттілік

Сурет . А.Маслоу бойынша әлеуметтік және адам қажеттіліктерінің пирамидасы

-2-



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.