Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Директор филиала. по Акмолинской области. Н. Ахильбеков. жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының. аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың



Директор филиала

по Акмолинской области

Н. Ахильбеков

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының

аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың

еліміздің азаматтарымен тең дәрежеде медициналық көмекті алуға құқығы бар.

 

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры» КЕАҚ Ақмола облысы бойынша филиалы "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 88 бап 5 тармақшасына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтылулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 30 маусымдағы №80-VI Заңымен өзгерістер мен толықтылулар енгізілді, оған сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (бұдан әрі - ТМККК) Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең дәрежеде алуға құқығы бар.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 281 бұйрығымен бекітілген Азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына (МСАК) бекіту қағидаларына ҚР денсаулық сақтау министрінің 20.11.2017 № 840 бұйрығымен өзгерістер мен толықтылулары енгізілді, осы Қағидалар оралмандарға, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесіндегі медициналық көмек алуға құқығы бар азаматтарға қолданылатыны көзделген. Сөйтіп, Қазақстан Республикасында тұруға ыхтияр хаты бар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар МСАК ұйымдарына кедергісіз тіркелуге және медициналық қызметтерді алуға мүмкіндігі бар. Еске сала кедсек, МСАК ұйымдарына бекіту тұрақты немесе уақытша тұрғылықты, жұмыс істейтін, оқитын жері бойынша бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде дәрігерді, медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы негізінде жүзеге асырылады.

Егер заңдарда және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың айналадағыларға қауіп төндіретін қатты аурулары болған кезде уәкілетті орган айқындайтын тізбеге сәйкес ТМККК алуға құқығы бар, яғни жедел және шұғыл медициналық көмек бұл тұлғаларға тегін көрсетіледі.

 

Ақмола облысы бойынша

филиалдың директоры

Н. Ахильбеков

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.