Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ТЕРРОРИЗМ» МЕН «БОПСАЛАУ». ФАШИСТ РАДИКАЛДАР»



«ТЕРРОРИЗМ» МЕН «БОПСАЛАУ»

Шығыс Украинадағы ең үлкен қала Донецкінің басшысы Александр Лукьянченко «терроризм» жайлы айтты. Ол оппозиция басшыларын «террористік әрекеттері»

Ресей премьер-министр Дмитрий Медведев.

үшін тұтқындауды талап еткен. «Террористермен келіссөздер жүргізуге болмайды» деді ол.

ЕО-ның сабырға шақыруына қарамастан, Ресей премьер-министр Дмитрий Медведев ақпанның 20-сы күні «Ресей Украинада аяқ сүртетін төсеніш емес, мықты үкімет көргісі келетінін» айтты. Бұл оның президент Януковичке тәртіп орнату жөнінде қысым күшейткені еді.

Дәл сол күні Иракта жүрген Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров АҚШ-тың Украина лауазымды тұлғаларына қойған визалық шектеулерін және ЕО тарапынан осы тектес санкциялар жайында ескертулерін «бопсалау» деп бағалаған.

«ФАШИСТ РАДИКАЛДАР»

Майданда әсіреоңшыл ереуілшілер болуы Ресей мен Украинаның лауазымды тұлғаларының украиналық оппозицияны «экстремистер» деп бейнелеуіне мүмкіндік берді.

Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Виталий Чуркин ақпанның 19-ы күні CNN арнасына берген сұқбатында: «Көшеде естіген ұрандары мен осы ұйымдар жайындағы мәліметтерден білетініміз: олар – фашистік идеяларды сіңірген радикалдар» деді.

Ресейдің сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Александр Лукашевич Twitter-дегі сәрсенбі күнгі жазбасында «радикалдар мен экстремистердің әрекетін» сынады. Лукашевич «олар зорлық-зомбылыққа, қантөгіске және хаосқа тікелей жауапты» екенін айтты.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.